Қазақстанның ашық кітапханасы
56
Бұл едәуір жалпы Еуропалық тұтастық оның толық күйінде қарастырылатын, әрине, оның
құрамдық бөліктеріне қарағанда дамудың үлкен сабақтастығына ие және бұл үлкен
сабақтастық деңгейі кем дегенде соңғы тоғыз жүзжылдықты қамтиды. Батыс
шығармашылығының бірқатар кемуін 1400 ж. аумағында байқауға болады; ал кейіннен
1700 ж., дегенмен, оның жеке белсенділік көріністері осы арақашықтықтарға байланады
немесе одан бастау алады, сондықтан, біз тек жартылай аялдамалы істермен
байланысамыз да, құндылықтардың сапалы өндірісінде бірде-бір толыққанды паузаны
байқамаймыз.
§115. Даму конфигурациясының тұрпаттары
Келтірілетін мысалдардан көрінетін паузалар, аялдамалар, кезеңдері немесе шығындар —
мұның ортасында тұрған ішкі байланыстар мәселесі ұлттың немесе өркениеттің
дамуының өнімді кезеңдерімен тығыз байланыстылығы — бүл тек кешенді мәселелердің
аз бөлігі ғана. Сонымен қатар, бұл мәселемен байланысты тағы бір мәселе: бұл өнімді
кезеңдердің қаншалықты "жеке емес" мәдени даму үдерістері деп санауда емес, бұл -
бірегей осу импульстері немесе фазалары болып саналатындығы. Біз біртіндеп өзгеретін
бір қатар феномендермен айналыса отырып, ешқандай критерийдің, одан негіз алатын
ешқандай да тірек нүктесінің жоқ екені белгілі. Оларды біз ең қарапайым оқиғалардан
бастап, ең қиындары мен пікір талас туғызатындарымен аяқтайтынды тек реттеуге
үміткерміз.
Қарапайым оқиға деп бір тілді, бір ұлтты, салыстырмалы Египет тәрізді оқшауланған
қоғамның оқиғасын есептеуге болар еді.
Қарапайым болып алдын-ала дамыған оқиғалар: кароллингтік Ренессанс, егер ондай
болған болса; уақытының әлсіз гүлденуі; нөсерлік поэтикалық жұлдыздар. Өз уақытынан
ерте пайда болатын белсенділік ұшқындарына паттерндер реалды бола алады, бірақ, басты
себебі жалпы мәдениет дамуының жетіспеуінен өліп қалады. Өсудің жаңаруы немесе
қайта өркендеу әрекеті оқиғалары да сондай түсінікті. Бұл, мысалы, Египеттегі жиырма
алтыншы династия "ренессансы"; мүмкін Жаңа вавилондық империя; б.б. V ғ. латын және
грекиялық язычестволық поэзиясы; X ғ. византиялық ренессанс; Мин династиясы
уақытындағы қайта өркендеу.
Кейде пролог пен эпилог бірге сыйғызды. Мысалы, Испания шын мәнінде Италия тәрізді
жалғыз - бір рет қана ұлылыққа ие болды, бірақ испандық өкімет билігі ұзақ болмады
және ол кейін келді. Испания үшін дегенмен, XIII ғ. тағы бір осу кезеңі болды, ол да қас
қағымдай және нақты конфигурациясыз, егер Франциямен салыстырса ұзақтығы тым
қысқа; осыған ұқсас сондай жағдай XIX ғасырда болды.
Паттерннің қайта шарықтау оқиғасы бірінші деңгейге тең немесе одан асып түсетіні онша
анық емес және ешқандай да күдік туғызбайды, ол ең алдымен болып өткен ентікті басу
кезеңіндегі мәдени мазмұнды жинақтаудың нәтижесі. Бұған тұрпатты мысал — б.э. II ғ.
Птоломейлік - галендік ғылым. Ол өзін екі жарым жүз жыл өткеннен соң, Грекия ұлты
ретінде өзінің дамуы тоқтағанда жариялады. Бұл қайталанған дамудың түрткісі өте көп
идеялар берген жоқ және өткен кезеңдерден алынып енгізілген бірде-бір ойлау жүйесін
жасаған да жоқ. Оның құзырында екі жарым жүз жыл едәуір айқын соңғы аяқтаушы
қорытынды жасайтын мүмкіндік берген байқаулар, қажырлы еңбек пен білімді
жинақтаулар — өз кезегінде кейіннен басқа уақыттар мен басқа өркениеттерде өз
пайдасына қабылданды.
Үнділіктер мен гректердің әдеби дамуы бір қатар деңгейде мүсін мен кескіндемеде өткен
параллельді үдерістерде жүрді. Екі халықта да эпостар ең аз дегенде бір нақты және