Қазақстанның ашық кітапханасы
55
ғасырларының даму кезеңі түр; бұл атаулар жіктеме сипаттама формуласы ретінде
қолданыла бастады және тіпті тежелу кезеңінде көрінетін даму импульсінің бөлінуі нақты
бөлінбеген кездің өзінде де пайдаланылды. Латын әдебиеті даусыз бірегей даму үдерісі
екенін көрсетті. Сонымен қатар, оның дамуында бірқатар мазмұны мен формасы,
тақырыбы мен жазу техникасы, бір-бірімен уақыт бойынша нақты шектелген
кезеңдерімен осы аралықта әдеби шығармалар сапасы жоғары еместігі үш негізгі
импульстен байқалды.
Басқа дамудағы паузалар еуропалық ғылымда Ньютоннан кейінгі орынға ие (жобамен
XVIII ғ. бірінші жартысында) драмада Аристофан уақытынан жаңа комедияның пайда
болуына дейін; поэзия арасында; Христос туғаннан бастап жобамен VI ғ. үнді
философиясында. Сондай-ақ, итальяндық музыка, бізге дәл сол феноменнің әсерін
туғызатын дамудағы бірқатар ауытқуларды көрсетеді.
Мұндай үзілістерді жалғастырушы және қысқаға бөле отырып, олардың ажыратылу
түрлерін бекітуге болады; дегенмен, бұл барлық жағдайда бірегей мәдени осу үдерісінің
бөлуге болмайтын құрамы болып табылады. Жалғастырушы тыныштың аралары, тура
олармен шектелген талпыныстар сияқты (немесе, дамуының кезеңдері) бірнеше тұрпатты
болып келеді. Қарапайым тұрпатты болып көрсетілген Ежелгі Египет өзінің базистік
паттерндерін салыстырмалы оқшаулау жағдайында, нақтырақ айтқанда сыртқы
өсерлердің баяу түрде ішке енуі жағдайында жасай бастады. Оның дамуы ішкі
факторлардың әсерінен үш есе тоқталды. Әрбір паузадан соң даму жаңарып отырды.
Жаңадан бірқатар элементтер қосылып отырды, аздаған нәрселер өзгерді, бірақ, барлық
берілген мәліметтерге қарағанда, дамудың негізгі бағыты сол күйінде қалған: алдыңғы
паттерндер не қайта өркендеді, не азырақ кеңейді. Егер айғақтар шындығында осы
сипаттаулар сияқты болса, онда Египет мысалы, сөзсіз өзінің мойымас қатал
конфигурациясымен бірегей; сонымен қатар ол дамудың шеткері үзілісті тұрпатына
мысал бола алады.
Дегенмен, дәл осы египет конфигурациясының шарықтау шыңына көз жеткізетін биігінде
б.э.д.1400 ж. — қарсы көтерушілік пен жетістіктері бекітілген мығым орныққан
шаблондарын құлатудың тұрпаттық белгілері байқалады. §101 параграфта толық
қарастырылған "Эхнатон Реформасы" іске аспады, бүл мәдениеттің өз паттерндерін
жойып, бәрін жаңадан бастаудан да оның қамалында отырғанды қалайтындығын
байқатады. Баламалардан байқалатынды былай тұспалдауға болады: оқиғалардың басқа
қайырымдарында сәтті реформа Эхнатон ортасы жоспарларына кіретінге тоқталып
қоймай, тіпті ескі үлгілердің толық құлдырауына дейін жалғасуы; мүмкін соңында
алдыңғы үлгіні реконструкциялаумен, мүмкін жаңа кешенді ұлттық паттерндер жасаумен
немесе басқамен аяқталуы мүмкін деген — бос мәселе. Месопатамияда сыртқы әлеммен
тек едәуір интенсивті байланыстар ғана құпталып қойған жоқ, сонымен қатар, бірнеше
халықтар қатар өмір сүріп, нәтижесінде оның конфигурациясы жой түрде
қабылданатындай болмады. Олар, шынында тұрақсыз және жеткілікті түрде мағыналы,
егер тарихи мәліметтер тұрғысынан қарасақ ең аз дегенде мен сияқты маман еместер
зерттеуі даму барысының толық конфигурациясы немесе тіпті оның ұлттық құрамдарын
анық тануға жеткіліксіз.
Франция дамуындағы үш түрткі толығымен белгілі бір паттерндерге өмір берді; ал
паузалар бір-бірінен айырмашылықты болғанмен барлық жағынан Еуропадан негіз алған
ашық және жасырын әсер етулермен толықтырылды. Бұл тұтас көріністің бөрі Ежелгі
Египет қатынасында өлшемнің қарама-қарсы бөліктерінде орналасады; Франция аз емес
болып саналатын деңгейде Батыс мәдениетінің едәуір жалпы тұтастығының бір бөлшегі
екендігіне де байланысты.