Page 54 - МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
54
алмайды немесе ол диссонанстар әсері үшін ая болып сақталады. Еркін өлең ашық түрде
барлығымен революциялық метр мен ритмнің дезинтеграциясы ретінде мойындалады.
Егер біз тал ағашқа қолды, адамға алты тісті бөлшекті қосып салсақ, онда дәл осындай
табыспен біз тауға немесе кез-келген қиыстыруларды шығара отырып, ұпайымызды
түгендей аламыз. Шындығында, бұлт үстіндегі қасиетті Перуджино сондайлық табиғатқа
қарсы қойылған. Бірақ, ол дәстүрлі сенімді көрсетеді, басқаша айтқанда, қандай да
біреудің еркін қиыстыруы емес, нағыз тірі мәдениеттің үлгісі. Мұндағы айырмашылық
қандай да бір формаға, жауаптылық пен жауапсыздық қатынасқа байланысты. Қазіргі
өнерді цензураға итермелеуге болмайды. Үйлесім, ырғақ, симметрияны оларда
механикалық тығырыққа тірелгенше пайдалануға болады. Олай болатын болса, ойланбай
шығаруға болатын немесе оларға қарсы көтеріліс жасауға болатынды таңдауға болады.
Бұл екі мүмкіндіктің — көтеріліс ең нашар емес. Соңғы жарты ғасырда барлық ғасырлар
тұңғиығынан бір ізбен келе жатқан ол өнердің сақтаушыларына қарағанда, шаблонды
бұзушылар айтарлықтай энергия мен елестетуді барынша көрсетті. Сондықтан, мұндай
экстраваганттылық ағаштың алдына жүргізілген көкжиек сызығы тәрізді, түсініксіздікке
толы барлық бес саусақпен соғылған пианино клавиші, кіші әріппен басталатын өлең
жолдарын — кемшілік немесе ессіздік деп қабылдамау керек. Жекелей алғанда бұл оны
мәнділігіне қарамай, алдымен бәрін бүлдіріп, одан соң оны қалтаруға тырысатын
революционер ұмтылысы; сондай-ақ, бұл тоқтаусыз жаңашылдық таң қалдырып,
марапатталатын жағдайға қарсы тұру (бұдан қабылданған үлгілер өзінің жаңалығын
жояды) және кім өтімді болса, бүл жағдайды сол пайдаланады. Ең бастысы, батыстық XX
ғасыр әлі де Гетенің мәнерімен жазып, Бетховеннің мәнерімен музыка шығара алады.
Бірақ, бұған кімнің батылы жетпесе, осы шеберге тән сапаға жете алмайтындығын
көрсетеді (батыстық XX ғасыр — Ред.). Басқаша айтқанда, Гете мен Бетховен шығарған
конфигурация мүмкіндіктері өзін ашық түрде жоққа шығарды. Егер бұлай десек, оның
ізбасарлары көтерілісті және бұзылуды немесе көнеруге әкелетін тыныш, таңдай алатын
қандай да бір мәнділік болып табылады. Революциядан кейін кем дегенде жаңа даму келуі
де мүмкін, ал әрі қарай оның жақсылыққа немесе жамандыққа апаратын ешкім болжай
алмайды. Бұған қарама-қарсы үдерістер мысалы одан әрі еске түсіріліп барып, сонетін
жолмен жойылатын шаблондарды алуға болады, олардың саны өте көп. Мысалы, гректің,
латынның және санскриттің әдебиеті, Тан династиясынан кейінгі қытай мүсіні, кейінгі
жапон мүсіні Камакура, грек және араб ғылымы.
§114. Дамудың тыныс алуы
Кейде, паттерн дамуында аялдау байқалады, одан кейін даму жаңара бастайды, бұдан соң
паттерннің өзі бірнеше рет түрін өзгертеді. Мен мұны дамудың импульсі деп атадым.
Екінші түрткі одан күштірек болуы мүмкін, бүл жағдайда бірінші алдын алу немесе
алғашқы жаршысы ретінде түсіндіруге болады. Немесе екінші түрткі әлсіздеу де болуы
мүмкін; бұл жағдайда мен оны жаңғырық немесе қайта өркендеу деп атадым. Дамудың
аялдамасы немесе үзілісі шарықтау шегіне жету кезеңіне дейін және кейін де болуы
мүмкін. Ондай конфигурациялық тұрпатты бізге латындық әдебиет көрсетеді. Ол алдын -
ала тікелей гректердің әсерімен, айқын драмалық шеберлікпен сипатталатын бірінші
импульсті алады. ПІамамен бұл б.э.б. 70-жылдардан бастап б.э.б. 10 — жылға дейін —
Вергилия шығармашылығының шарықтау шыңына жеткен, — бұл жылдар
Республиканың құлауы мен Август билігінің бастауына келеді. Оның билік құруы мен
соңғы жылдықтар біздің эрамыздың 10-50 жылдарына дейін тағы салыстырмалы түрде
жеміссіз; көптеген шолуларда бүл айғақ ұятты болып саналғандай төмендетіледі, немесе
мүлде маңызсыз тәрізді тек жеңіл аталып өтіледі. Әрі қарай, Нерон уақытынан Траян
билік құрған уақытқа дейін 50—120 жылдар арасында қайтадан сапалы әдебиет жасалады.
Сонымен, біздің алдымызда "ерте", "алтын" және "күміс" ғасырлар деп аталатын