Page 53 - МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
53
жұмарлық өмір сүруі қасиетінің тон болып, ал, үлгілер азырақ құндылыққа ие болған
жағдайда ұзағырақ өмір сүруін, азырақ өзгерістермен төтеп беруін — дәл нендей нәрсе
байланыстырып тұрғаны әлі де белгісіз. Оның себебі адам психикасының
конституциясына (mind) салынған қаңдай да бір нәрсе болуы мүмкін. Дегенмен, осы
уақытқа дейін әлі ешкімге тарихи феномендерді тікелей психологиялық түсіндірулердің
көмегімен реттей алған жоқ; оған мен де тоқталмаймын. Анық нәрсе біреу: біз едәуір
жоғары қасиеттерге жатқызатын паттерндер, көптеген мүмкіндіктерден белгіленеді. Олар
түрленбеген күйде қала отырып, өзіндік анықталғандық сапаға қол жеткізе алмайды.
Белгілене бастағанда, тек қалыптаса бастағанда — олар өздерін анықталған арнайы
талаптарға арнайды және барлық басқалардан бас тартады. Егер, паттерн қалыптасатын
мәдениеттің басқа бөліктерінде қақтығыс пайда болса, онда оның іріктелуі мен белгіленуі
болмауы мүмкін, өзі қандай да бір бөлектенген ретінде қабылданбауы және жоғары
мәдени құндылыққа қол жеткізбеуі мүмкін. Егер бүл болмаса басқа мәдениет паттерндері
оның өсуіне жағдай жасайды немесе ең болмағанда қақтығысқа апармайтын болса, бұл
үлгі кәдімгідей өзінің серпілісі өсерінен алғашқы түрлене бастаған бағытында
кумулятивті түрде дамиды. Сонымен, не басқа қалған мәдениеттермен болған қақтығыс
паттерннің ақырына жетеді, не ол біртіндеп азая, ақыры таусылғанына таңдап алған
жолында берілгенді жүзеге асыра отырып, бұл жаңа мүмкіндіктерін дамытады.
Патгерннің әлуеті таусылған кезде, ол өзін өзі тауысты деуге болады. Немесе, нақтырақ
айтқанда, құндылық шегіне жету паттерн мүмкіндіктерінде салынған барлық
спектрлерінің көріну сәтінде басталады, ал, кеңістік келешектегі өрістеуі үшін барған
сайын кішірейе береді, оның құндылығы да азаяды. Әрі қарай даму біртіндеп азаюмен
жүріп отырады, ал, қол жеткізген нәтижелер институттар ретінде сақталады. Бірақ енді
дамудағы емес, жәй ұдайы өндіріп отырушылар тәрізді, сапа жоғалады. Немесе, пер
мәдениет алаңында қуат көп болса, өсуі немесе шарық шегіне жетудегі паттернге оған
келтіретін шектеулер тұсау ретінде қабылданып, оны жоюға әрекет жасалады. Мұндай
қақтығыс шақырушы ұмтылыстар ерте ме, кеш пе тегістеледі.
Паттерннің бұзылуына апаратын, зорланудың мысалы — кейінгі Грекия мүсіні. Үлгі
қалыптасқаннан кейін және оның негізгі мүмкіндіктері гүлдену кезеңінде таусылып,
қазіргі біздің уақыттағыдай сезімталдықтың күшеюі мен толық тыныштық, солғын
идеализм, символизм мен реализмнің көріну кезеңі келді. Фидий мен тіпті Праксительдің
уақытында мұндай қарама-қайшылықтар болған жоқ. Ұқсас түрде орта ғасырлық
философия 50 жыл өткеннен соң, Фома Аквинскийдің өлімінен кейін Оккамның
скептицизм мен мистицизмге ысырады. Жобамен сол уақыттарда (XIII ғасырдағы
шарықтау шегіне жетумен салыстырғанда) готикалық сәулет өнері сын кезеңіне енді, ал
кейіннен ол "жалындаған" архитектуралық стильге айнала бастады. Қазіргі заман
философиясы Кант ойлауында даңқы асып тұрған шыңына жетті; Гегель мен
замандастары сынап немесе оның философиясын өңдеді, бірақ ол бекіткен шекарадан
шыққан жоқ; Шопенгауэр наным мен догматизмімен шықты; келесі бір не екі ұрпақ Конт,
Маркс философияларын дамытты. Барлық еуропалық көсемдік өнерлері жобамен 1880
жылдан, ал қатандау айтсақ, 1900 жылдан — барлық өскелең белгілерімен үлгінің
ыдырауы деп: қоздырылған ырғақтар мен музыкадағы диссонанс, поэзиядағы еркін өлең,
сюжетсіз романдар, кескіндеме мен мүсіндегі кубизм, абстракционизм мен сюрреализмді
айтуға болады.
Бұл ескертулер істің қазіргі күйін менің қандай да бір абсолютті эстетикалық стандартты
көзқарас тұрғысынан емес, феномендерді объективті суреттеу есебінде түсіндіруім.
Музыканы үндестік басқарғанда, үйлесім қарапайым да, нәзік те болуы мүмкін, бірақ қай
жағдайда да болмасын қандай да бір ережелер әрекет жасайды. Диссонанстарды санап
болмайды, егер олар еркін жіберілетін болса, онда ешқандай да үйлесімділік моделі бола