Page 52 - МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
52
тұтастығына қол жеткізе алмайды. Дәл солай тарихшылар табандылықпен жоққа шығаруы
немесе тіпті болмағанда, қатаң универсалийлердің бар екеніне күмәнданатын адамдардың
кезекті әрекеті мен әлеуметтік оқиғаларда ешқандай себеп жоқ. Тәжірибенің дәлелдеуі
бойынша универсалийлер дерексіз қасиеттерде немесе үдерістерде байқалуы мүмкін,
бірақ ешқандай да нақты құбылыстарда емес. Мұндай физикалық пен биологиялық тәрізді
константалардың, немесе тұрақты қасиеттердің фонында дегенмен тарих мен мәдениеттегі
ашылған айғақтар феномен болып көрінеді.
Менің жұмысымның мәні — көптеген берілімдерді суреттеу мәнерінде көрсету болды;
бүл суреттеу — немесе, тіпті әңгімелеу — өзінің негізінде тарихшылар мен көптеген
антропологтар жұмысы мәнерінен ешқандай айырмашылықсыз, бірақ, екі қатынаста
екпінділіктердің қойылуы өзгешелеу.
Біріншіден, адамдар кітаптың он бойында фактор ретінде емес, олар тіпті әрекет етуші
күш сияқты болған күннің де олай емес, тек дәреже көрсеткіші ретінде қарастырылған.
Осыған сүйене отырып, мәдени конфигурациялар бұлыңғыр, айғыз немесе айқын еместен
көрі, жалаңаш сүйек - сұлбасы болып көрінеді. Мұнда сөзсіз, қарадүрсін мәдениетті
зерттеумен айналысқан этнологтың кәсіби дайындығы білініп тұрады.
Екіншіден, бұл жұмыстың қатаң тарихи зерттеуден айырмашылығы, ол болашақта кең
салыстыруларды көздеген тұрғыда қандай болғанда да өзінің қарастыруында бірқатар :
яғни тарихи мәтін шарықтау шегінен тиіс болды. Дегенмен, мен бүл мән мәтінді бұзу —
қажеттілік шекарасынан шыққан жоқ; басқаша айтқанда, немқұрай немесе жете
ойламаушылықтың нәтижесі болған жоқ. Жұмыстың жеке фрагменттері өз өлшемінде
ұлттық мәдениеттер тұтас құрылым ретінде қосымша зерттеуге ұшырағандығы алдыңғы
тарауда жинақтала келтірілді. Тіпті болмағанда, егер салыстырмалы зерттеуге
жауапкершілікпен келетін болсақ, онда талдаусыз жұмыс істеу мүмкін емес. Жеке
кезеңдер мен аудандарды зерттеуде олардың ерекше қасиетті әрекетін, оларға тон арнайы
өзара байланыстар немесе тарихи емес мәдениеттермен қабылданатын формалар, әрине,
әрқашан тарихи ретінде де, антропологиялық жұмыс деп те тұспалдан. Бірақ, мұндай
күштеуді көбейту ешқандай per se - ден басқаны, салыстырмалы түсінудегі қалтарыстан
басқаны бермейтіндігі анық белгілі. Егер салыстырмалы түсіндірме тұжырымдарға қол
жеткізу үшін қандай да бір салыстыру қажет болса; егер соңында нақты және сенімді
салыстыру еңбекпен әрең жететін нәрсе болса, онда ол бізді қанша түңілдіргенімен
пайдалы нәтиже. Мен өз жұмысымнан көп нәрсені күттіретіндей әсер қалдырмауға
тырысамын.
§113. Мәдени паттерндер мен мәдениет дамуы
Жоғарыда келтірілген материал шынында, басқа жақсы термин табылмағандықтан,
мәдени паттерндердің күші мен маңыздылығын, немесе желіні көрсетеді. Мәдени желілер
концептуалды негізделгендіктен, белгілі бір түрде өмірдің барлығын шағылыстырады,
өйткені, біздің тұрғымыздан жоғары құндылық ретінде бөлініп берілген паттерндер
шеңберінде жасалатын нәтижелер нақты шектелген және уақыт пен кеңістікте
құнарландырылған, әдетте құндылықтардың дамылсыз өсуімен немесе кемуімен
сипатталады. Шынында, жоғары құндылықтарды анықтаудың бір мүмкіндігі оларға
кәдімгі шектеулі және белгілі бір тарихи конфигурациялармен безендірілген адами
шығармашылық сапаларын беру. Бүл анықтау келесі мынадай мәртебеге ие: оның қандай
да бір индивидтен асып түсетін, сөйте отыра жеке тұлғамен де, қандай да болмасын
стандарттар, критерийлермен салыстырылды ұстауында. Сондай-ақ, тұлға жоққа да
шығарылмайды: ол солай қала отырып, әрекет етуші күш емес, қарапайым құрал немесе
аспап ретінде қарастырылады. Егер, жоғары құнды мәдени үлгілерге тым көзді ашып -