Қазақстанның ашық кітапханасы
51
Қазіргі ағылшын антропологтарының мәдениетті тарихи тұрғыдан зерттеуден бас тартып,
әлеуметтік құрылымның функцияларына және мәдени динамикаға ойысуға дайындық
білдіруінен де Малиновский мен Радклиф - Браунның ықпалы байқалады. Олар үшін
антропология ғылымы тек мәдениеттің шығуы мен дамуын зерттеу ғана емес, сонымен
қатар, мәдени институттар мен әлеуметтік құрылымдардың қоғамдық ұйымдастырылуы
мен функциялық өзара қарым - қатынасын талдау болып отыр. Дюркгеймнің жанама
ықпал етуімен, қазіргі әлеуметтік антропология қоғамның басты екенін мойындап,
мәдениетті адамның табиғатынан туындайтын (Боас пен XVIII ғасырдағы ойшылдар
осылай есептеген) құбылыс ретінде емес, әлеуметтік құрылымның функциясы деп
пайымдауға бейім. Малиновскийдің өзі біраз уақытқа дейін психологиялық және
әлеуметтік әдістерді біріктіруге тырысып көрді, бірақ Радклиф - Браун мен оның
жақтастары үшін мәдени институттарды әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру қалыпты жәйт
болып көріне бастады. Енді қарапайым қоғамдар әлеуметтік мекемелер мен ғұрыптардың
бастауларын қалпына келтіру үшін емес, өркениетті әлемнің ауқымды да күрделі
қоғамдарымен салыстырғанда "жеңіл" де шағын болғандықтан және "өркениетті"
қоғамдарды түсінуді оңайлату үшін зерттелетін болды.
Антропологиялық ойдың қазіргі жағдайынан біз мынадай сабақ алуымызға болады:
мәдени антропологияны психология мен социологияның бір саласына айналдырып алмау
үшін ол тарихи ғылым болуға тиіс. Тайлор, Мейн жөне Мейтленд сияқты ғалымдар
көрсетіп бергендей, нақты материалдарға сүйене отырып, мәдениеттің нақты элементтері
мен институттарының этнотарихи функцияларын олардың уақыты мен орнына қатысты
зерттеген мәдениет тарихшылары ғана адамды зерттеуге байыпты теориялық және
практикалық үлес қоса алады. Біз тарихқа жат функциялық пен функциялықтан тыс
тарихтың бірін таңдауға міндетті емеспіз.
Мәдени антрополог та, этнолог та өз материалын тек мәдени функцияларды тарихи
тұрғыдан, ал, тарихи мәдениетті функциялық бірлік ретінде қарастыратын этнотарихи
функциялық жөніндегі екі көзқарасты біріктіре отырып қана пайымдай алады. Тек осы
жолға түскенде ғана мәдени антропология адам табиғатының жаңсақ түсіндіріліп жүрген
тарихи көріністерінен мәдени формалар табуға ұмтылу сияқты натуралдық елігуден
арылып, мәдениетті шындықтың адам мен қоғамға тәуелсіз дербес деңгейі ретінде
қабылдау тәрізді қателікке бой алдырмайтын болады.
Алфред Л. Кребер
МӘДЕНИЕТ ДАМУЫНЫҢ КОНФИГУРАЦИЯЛАРЫ
Қорытындылар мен тұжырымдамалар
§112. Тарих универсалийлері
Істелінген жұмысты шола отырып, ең алдымен айтайын дегенім, мен қарастырған
құбылыстарда бұл сөздің шынайы мағынасында ешқандай қандай да бір заңдылықтың бар
екенін көрмедім; мұнда ешқандай да оралымдылық, ұдайы қайталанатын немесе
қажеттілік жоқ. Әрбір мәдениет күтпестен өзінің үлгісін дамытуы керек, оның аясында
сапалы арайлы таңының ату мүмкіндігі немесе кенеттен өмір сүру мүмкіншілігінен
айырылып, өшуінің ұпайына шешілетіндерді көрсететін ештеңе жоқ. Тіпті болмағанда,
мәдениеттер бірінен - біріне ауыса отырып, онымен жоғарғы ағзалардың индивидуалды