Page 49 - МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
49
келген оқиғаларға лайықты әрекет ететіндей жасырын ішкі ресурспен қамтамасыз еткен
табиғаттың ісі" деп түсінген жөн екен. Канттың туа біткен аса қарапайым "бастапқы
бөлшектер" туралы геологиялық - биологиялық тезисін XIX ғасырда Бастан іліп әкетіп,
оны өзінің қарапайым ойлар туралы тұжырымдамасында қолданды. Бастан барлық
халықтардың психологиялық - мәдени дамуын алдын-ала анықтайтын және осы тектес
мақұлықтардың барлық түрлерінің эволюциясын алдын-ала белгілейтін "ойдың
ұшқындары" туралы ілімді ұсынды. Тарихи көзқарас тұрғысынан алғанда, Канттың
биологиялық тезисі қазіргі заманғы этнологтар тарапынан да қолдау тапқанын (Боас пен
оның ізбасарлары) атап өткен жөн, ал, Бастан "мәдени" тезисі этнологияда өзіне лайықты
орын таба алмады, бірақ, психикалық талдау саласында оны қабыл алған жаңа ізбасарлар
шықты (мысалы, Рохейм мен Юнг).
Ақындар, тіл танушылар, тарихшылар жөне философтар романтизм идеясының әсерімен
қарапайым және халықтық мәдениетке деген ықыласты қайта оятқаннан кейін
Kuiturgeschichte - мен қатар, этнотарихи әдіс те ғылымның назарына қайтадан ілінді.
Классикалық (антик) мәдениет пен жаңа халықтардың мәдениеттерін " өз құндылығы
өзіндегі зат" ретінде зерттеу басталды, бүл үрдістің бастауы Вико мен Гердерге барып
тірелетін, сөйтіп өр дәуір мен әр халықтың өзіне тон айырықша құндылығы бар деген
түсінік пайда болды, оны мәдениет тарихшылары іздеп-тауып, түсіндіріп беруге тиіс еді.
Дарвиннің биологиялық эволюция теориясы мен адамзаттың багы замандағы жағдайы
туралы жаңа археологиялық деректердің ғылыми айналымға енгізілу алғашқы
бастауларды қайтадан іздестіруге мұрындық болды. XVII-XVIII ғасырлардағы
ойшылдардай емес, өткен ғасырдағы тарихшылар мен этнологтар мәдени дамудың табиғи
тарихына осы тарихтың өзін зерттеу үшін ден қоя бастады. Тайлор, Леббок, Мейн және
Морганның түсінігіндегі этнология, негізінен, тарих ғылымына жататын да көбінесе
мәдениет тарихының жазуы болмаған халықтарға қатысты бөлігі болып табылатын.
Конт негізін қалаған ғылымның сындарлы философиясының ықпалымен эволюцияшыл -
этнологтар, олардың арасында Тайлор мен Морган да бар, адамзат мәдениетінің негізінде
жатқан психологиялық заңдарға ықылас таныта бастады. Олар өздерінің адам табиғаты
туралы индуктивті толғамдарында XVIII ғасырдың философтары, жеке психологиялық
тәжірибенің нақты да интроспективалық деректеріне де, іріктеп алынған жазба дерек
көздеріне де жүгінген жоқ. Конт тәрізді, олардың көзқарасы да ең алдымен, тарихи -
әлеуметтік сипатта болды, өздерінің адам табиғатын тануға деген ұмтылысында олар
мәдениетті зерттеудің салыстырмалы - тарихи әдісіне сүйенді. Сондықтан, олардың пікірі
бойынша, психологиялық заңдардың формуласы тарихи зерттеудің алғы шарты емес,
оның нәтижесі болуға тиіс. Бұл — адам арқылы мәдениет тарихының сыры ашылмайды,
керісінше, мәдениет тарихы арқылы адамның құпиясы ашылады дегенді білдіретін.
Сонымен қатар, XIX ғасырдың этнологтары мәдениеттің табиғи тарихы мен мәдени
прогрестің кезеңдерін де бағамдап көрмек болды. Олар тек адамзат дамуының және
рухани қырларына ғана емес, сондай-ақ өнердің, ғұрып - салттың және әлеуметтік
институттардың салыстырмалы дамуына да баса назар аударды. Тайлор этнология туралы
бұл — "негізінен, реформашылар ғылымы" (XVIII ғасырдағы философтар да оны солай
түсінген) дегенімен, эволюцияшыл - этнологтар практикадан гөрі теорияға көбірек көңіл
бөлді. Олар өздерінің басты міндеті мәдени эволюцияның кезеңдерін және әртүрлі
қоғамдар мен мәдениеттерде ойлау жүйесінің пайда болуы мен өзгеруінің хронологиялық
дәйектілігін сипаттау мен анықтау деп білді. Тайлор өзінің тарихи зерттеулері барысында
алдыңғы дәуірлердің "сарқыншақтары" деп таныған құбылыстарға тап болды, оның
ойынша, ол дәуірлерде бүл сарқыншақтардың функциялық мәні болған. Бұдан шығатын
қорытынды — этнолог басқа жұмыстармен қатар, осы күнге дейін сақталып қалған халық