Қазақстанның ашық кітапханасы
48
негізінде мәдени процестің ықтимал кезеңдерін анықтайтын ғылымның бастамасы түр.
Тарихи қалпына келтірудің бүл салыстырмалы әдісін XIX ғасырдағы мәдени
антропология жүйелі түрде жасап бақты. Тұтас алғанда, XVIII ғасырдағы философиялық
ойлар әртүрлі теориялық - талдау түріндегі ұсыныстардың дұрыстығын дәлелдеуге
арналған тарихтың дискреттілігіне тоқтауға көбірек іш тартатын. Оқиғалардың
хронологиялық дәйектілігі мен алғаш шығу мәселесі мәнсіз болып табылды, ал, жазба
ескерткіштер жетіспеген кезде гипотезалық тарих күшіне енді. "Адам табиғатының тиісті
жағдайына" қатысты индуктивті қорытындыларға сүйене отырып, осы табиғатқа сай
келетін ізгі де бақытты өмірдің кемел формаларын сипаттайтын, нормативті -
адамгершілік мәнге ие адам туралы ғылым ең биік мақсатқа айналды.
XVIII ғасырдағы халықтар адам туралы ғылымды Ньютонның "Бастаулары" тәрізді
жүйелі ғылым деп білді және ол, бір жағынан, тәжірибе арқылы анықталған, сондай-ақ
нақты - тарихи деректерге, екінші жағынан, логикалық қорытындыларға негізделген
деректерге сүйенуге тиіс деп есептеді. Адамның мінез-құлқының бастауларын тарихқа
дейінгі кезеңдегі "табиғи жағдайдан" да, орманнан табылған жабайы болып кеткен баланы
қоршаған ортадағы "ырықсыз жөне әдеттен тыс жағдайлардан" да емес, әмбебап
психологиялық заңдардан іздеу керек. Адам туралы мұндай жүйелі ғылымның бастапқы
материалы, тұтас алғанда, адамзат тарихы, яғни бүкіл дүние жүзіндегі адамзат
қоғамдарының салыстырмалы тарихи тәжірибесі болмақ. Арнаулы тәжірибе атаулының
бәрі сенімділігі жөнінен жалпы тарихпен бәсекелесуге қабілетсіз деп танылып, мүлдем
санаттан шығарып тасталды.
XVIII ғасырда адам табиғаты тарихи болашақ тұрғысынан да қарастырылғанын айта
кетейік. Адам табиғаттың бір бөлшегі саналып, ондағы әмбебап заңдарға бағынатын
болды. Бюффон мен Блюменбахтың генетикалық теориясы бойынша, адамзаттың бәрінің
тегі бір, ал, нәсілдердің шығуы климаттық жағдайдың, тағамның және "бастапқы тек"
мекендеген нақты ортадағы өмір сүру жағдайының ықпалымен болған өзгерістерге
байланысты. Монтескье бүл тезисті одан әрі дамытып, оны адам ойлап шығарған заңдар
мен институттардың алуан түрде болуын түсіндіру үшін пайдаланды. Оның айтуы
бойынша, "өмір сүру салтындағы өзгерістердің бастапқы себебі — әртүрлі климаттағы
қажеттіліктердің әртүрлі болуынан туындаған, ал, мұның өзі заңдардың да алуан түрлі
болып келуіне түрткі болады". Бұдан шығатын қорытынды - тұтас алғанда, адамның
табиғаты қандай болатыны географиялық жағдайға байланысты, ал, оның алуан түрлі
болып келуінің себебі көшіп-қонудың тарихи кездейсоқтығында жатыр. Тіптен, Бюффон
адам терісінің түсі тәрізді кейбір нәсілдік ерекшеліктер түбірлі климаттық өзгерістердің
салдарынан жойылып кетеді; сондықтан негрлер салқын климатты аймаққа қоныс
аударғаннан кейін олардың сегізінші, оныншы немесе он екінші ұрпақтарының терісінің
түсі сол жердің байырғы тұрғындарының терісіндей, ақшыл болып кетуі әбден мүмкін
деген болжам айтты. Ал, Лейбництің пікірін қостай келе, Кант органикалық денелердің
бойында олардың ырықты дамуына себепші болатын аса қарапайым детерминанттар
немесе бастапқы бөлшектер (Кете) бар деген пікір білдірді. Климат тәрізді кейбір сыртқы
факторлар басқаларына қарағанда, мұндай ырықты бөлшектердің жандана түсуіне
себепші болады, бірақ бүл бастапқы бөлшектерді туғыза да, көбейте де алмайды. Канттың
айтуынша, "адам кез-келген климатта, қандай құрамдағы болса да кез-келген топырақта
өмір сүре беру үшін жаралған; бүл оның бойында тиісті жағдайда не дамуға, не жойылып
кетуге тиісті бастапқы бөлшектердің және табиғи бейімділіктің бар екенін білдіреді, сонда
ғана адам әлемдегі өз орнын табады, ол осы жер үшін жаралып, осы жер үшін туған, осы
жерде ұрпақ тарататын болады".
Сонымен, адамның қоршаған ортаға бейімделуін кездейсоқтық немесе жалпы физика
заңдарына байланысты деп емес, "өзі жасап шығарған мақұлықтарды болашақтағы кез -