Page 47 - МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
47
ауысқанға дейін болмаған) жұмсай отырып, болашақта жетуге тиіс. Бұл жайында Адам
былай деді: "Шыққан тегіміздің бастапқы жағдайы қандай болғанына қарамастан, біз үшін
ата-бабамыз әлдеқашан өтіп кеткен жағдайды емес, өзіміз соған жетуге ұмтылатын алдағы
жағдайдың қандай екенін білудің маңызы зор". Осындай алғы шартты ұстанған тарих
"реформашылар ғылымына" айналып кетті де өткенді танып-білумен емес, болашақтағы
кемел адамзатпен шұғылдана бастады.
"Табиғи жағдайдың" аристотельшілдік пен стоицизм рухындағы, кемел - жаңашыл әрі
парасат пен моральға бағынатын жаңашылдық тұжырымдамасы ХVІІІ ғасыр
философтарына "табиғи тарих" тұжырымдамасын жаңаша пайымдауға мүмкіндік берді.
Табиғатпен үйлесімді өмір ақыл-ойдың талаптарымен де толық сәйкестікте болады деген
максиманы ұстану арқылы "табиғи тарих" дегеніміз — жаңашыл тарих деп тұжырымдауға
да болатын. "Табиғи тарихшылдық" "парасаттылықпен" және "адамгершілік мұраттармен"
толық дерлік үйлесетін, сондықтан тарихшылар енді барлық тарихи процестер мен
институттарды адамның табиғаты мен парасатының талаптарына сай келетін "табиғи"
және бұларға сай келмейтін "табиғатқа қарсы" жәйттер деп жіктеуге мүмкіндік алды. Осы
кезден бастап тарихшы - философтар мәдениет тарихындағы "прогресс" пен "регресс"
жөнінде моральдық пікірлер білдіре бастады және өздерінің моральдық көзқарасын ақтау
үшін тарихқа жүгінуді әдетке айналдырды. Сөйтіп, "табиғи жағдай — өркениеттің
жағдайы" деген дихотомияның орнын, бір жағынан — мәдениеттің "табиғи тарихы" мен
"табиғи құқықтар", екінші жағынан — "табиғи" құқық пен тарихқа кереғар бағыттағы
"табиғатқа қарсы", еркін шарттар дуализмі басты.
Ақыл-ойдың осындай бағыт алуының мысалын Адам Смиттің " Ұлттар байлығының
табиғаты мен себептерін зерттеу" атты еңбегінен табамыз. "Заттардың табиғи барысына
сәйкес, кез-келген өркендеу үстіндегі қоғамның капиталының басым бөлігі ауыл
шаруашылығына, содан кейін — мануфактураға, ең соңынан — сыртқы саудаға
бағытталады. Заттардың мұндай тәртібі табиғи болып табылады, менің ойымша, бұл кез-
келген қоғамда, тіптен ең бір шағын деген аумақты жайлаған қоғамда да азды-көпті
мөлшерде байқалған жәйт. Аздап болса да маңызы бар қалалар тұрғызылғанға дейін
жердің белгілі бір бөлігі өңделетін болған; қалаларда өнеркәсіптің мануфактура тәрізді
бастапқы белгілері пайда болды, содан кейін сыртқы сауда жүргізіле бастады. Мұндай
табиғи тәртіп барлық қоғамдарда да орныққанымен, Европаның қазіргі мемлекеттерінің
бәрінде ол мүлдем танадай болып бұзылып кеткен. Европаның жекелеген қалаларында
шетелмен сауда жасау олардың барлық маңызды деген мануфактураларының, ең
болмағанда, өз өнімін алыс жақтарға шығаратын кәсіпорындардың өмір сүруіне жағдай
жасады; шетелмен сауда жасауды қоса алғанда, мануфактуралар ең маңызды ауыл
шаруашылық жетістіктерін туғызды. Олардың (осы қоғамдардың — аудармашының
ескертпесі) әу бастағы басқару сипатына байланысты орныққан және осы басқару едәуір
өзгергеннен бері күні бүгінге дейін еш өзгеріссіз қалып отырған әдет-ғұрыптар оларды
табиғатқа жат және керітартпа тәртіпке міндетті түрде ұрындырады".
Шамасы, Смит осы пікірімен барлық қоғамдарды мәдени дамудың ұқсас сатылары
арқылы ауыл шаруашылығынан мануфактураға, содан кейін сыртқы саудаға апаратын —
"заттардың табиғи тәртібі" деген қорытынды жасағысы келетін сияқты. Мұндай табиғи -
мәдени реттілікті туғызу үшін табиғи қажеттілік пен адамдардың табиғи бейімділігі
сәйкес келуі керек болды, ал, билеуші тап табиғи тәртіпке қол сұқты, содан барып
мануфактуралар мен сыртқы сауданы артық көретін табиғатқа жат және керітартпа тәртіп
пайда болды.
Сонымен, біздің алдымызда Дугалд Стюард "теориялық немесе болжалдық тарих" деп
атаған, жаңашыл тұрпатты адам үшін қалыпты болып саналатын даму желілерінің