Page 46 - МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
46
(адам — аудармашының ескертпесі) өз бойындағы талантын пайдаланып, айналадағы
заттарға әсер етуге әрқашан дайын кезде оның жағдайы табиғи болып табылады. Егер
бізге азғындық деген табиғатқа жат емес пе десе, біз оларға былай деп жауап береміз:
"Азғындық одан да жаман: ол — не ессіздік, не бақытсыздық" Ал, егер табиғат тек өнерге
ғана қарама-қайшы десе, онда адамзат нәсілінің қандай жағдайында оның ізі қалмаған
екен? Жабайылық кезеңде де, азаматтық кезеңде де адам тапқырлығының дәлелдері толып
жатыр; осы бір кезбе мақұлық үшін бұлардың екеуі де тұрақты мекен болған емес, небәрі
кезекті бір өтпелі жол айырық қана. Сәнді сарай мен кедейдің лашығы табиғатқа бірдей
жат, саяси және адамгершілік тұрғыдағы нәзік иірімдердің сезім мен парасаттың бастапқы
тәжірибелерінен еш айырмашылығы жоқ. Адам баласы өзін-өзі жақсартуға бейім және
оған прогресс пен кемел ұмтылу принципі тон дегенді мойындай отырып, ол өзінің табиғи
күйінен әлдеқашан алшақтап кеткен деп түйіндей алмаймыз, — олай десек, оның дамуы
енді ғана басталған немесе өзіне арналған жағдайға әлі жете қоймаған болып шығады, —
ол да басқа мақұлықтар сияқты табиғат тарту еткен тәртіппен өмір сүріп, табиғат берген
күштерді ғана пайдаланады".
Мәдениет — "табиғи" процесс, ал, адам — өзінің жаратылысы бойынша, өзін-өзі
жетілдіретін және мәдениетті ойлап таба алатын жануар екендігі анықталған соң
философтар мен тарихшылар адам баласының "жабайылықтан өркениетке дейінгі"
"табиғи тарихын" жазуға кірісті.
XVIII ғасыр философтарының бәрі бірдей ден қойған прогресс идеясы тарихтың
үздіксіздігі мен уақыттың салыстырмалы түрде қозғалыссыз болуын жоққа шығаратын
тарихтың қарама-қарсы тұжырымдамасымен қатар өмір сүре берді. Осы өзара кереғар
көзқарастарды ұстанушы, жаңашыл бағыттағы зерттеушілер өз дәуірін — Ағарту ғасырын
мадақтап, адамзатқа өткен заманның, яғни орта ғасырлардың азғындығынан,
надандығынан жөне ырымшылдығынан ада-күде құтылатын өлшеусіз биік прогресс дәуірі
келеді деп сендірмек болды. Адамның жақсылыққа қарай бейімделетіні рас, бірақ
прогресс өздігінен бола қалмайды; керісінше, ол қара түнек пен жалғандықтың зұлым
күштері тағы да үстемдік алуына жол бермеу үшін асқан қырағылық көрсетіп, үнемі
жаңғыртылып отыратын күш-жігер жұмсалуын талап етеді. Гиббон өзінің "Рим
империясының құлдырауы мен қирауының себептері туралы ойлар" атты еңбегінде біздің
дәуіріміздің II ғасырында өз дамуының шырқау шыңына жеткен өркениеттің күні қалай
батқанын және тағылық пен жоққа сенушілік кезеңінен кейін оны қайтадан қалпына
келтіру ісі шамадан тыс ұзаққа созылып, аса ауыр болғанын көрсеткіш берді. Гиббон мен
оның жақтастары адам табиғатын тарихтың аса маңызды әрі ұдайы ықпал етіп отыратын
әсерлі факторы деп есептеді және тарихшының міндеті — тарихтың "тұрақты әрі әмбебап
бастауларын" олардың тарих тәжірибесінде көрініс табуына сәйкес ашып отырумен
шектеледі деп түсіндірді.
Тарих ғылымына осындай екі түрлі көзқарас "табиғи жағдайды" екі тұрғыдан түсіндіруге
сәйкес келеді. XVII ғасыр мен XVIII ғасырдың бас кезіндегі философтар үшін бұл жағдай
бастапқы өмір сүру шарттарын білдіреді, адам содан кейін ғана "азаматтық қоғам"
жағдайына ауысқан. Бұл қағиданы ұстану тарихшылар мен философтарды жаңадан
ашылған Батыс жарты шардағы жабайы тайпалардан "адамның табиғи күйінің" бастапқы
нышандарын іздестіруге итермеледі. Мұндай ізденістер бастапқы тұрмыс шарттарымен
танысу арқылы өркениетті қоғам ережелерінің заңдылығы мен беделін дәлелдеуге болады
деген сенімге негізделді. Егер "табиғи жағдай" генетикалық және этнотарихи жәйттер
емес, адам өмірінің әмбебап және уақыттан тыс шарттары болып шықса, онда басты мәнге
мәдениеттің қайдан шыққаны емес, оның мақсаты ие болуға тиіс. Адам табиғатының
"тиісті жағдайы" — кемел - жаңашыл жағдай, адамзат оған өз парасаты мен тәжірибесінің
барлық мүмкіндіктерін (бұлардың ешқайсысы да туа бітті қабілет емес, яғни даму кезеңіне