Page 45 - МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
45
Меніңше, XVIII және XIX ғасырлардағы адам туралы ғылымға көзқарастар бір-біріне өте
ұқсас болған сияқты. XVII-XVIII ғасырлардағы Гоббс, Спиноза және Локк сияқты
ойшылдар өркениеттен немесе "азаматтық қоғамнан" бұрын "табиғи жағдай" болғаны
туралы айтты. Бүл қағида бойынша, өркениет дегеннің өзі — жасанды, "келісім бойынша
жасалған" немесе "сырттан келген" және мәдениетке дейінгі адамның табиғи жағдайына
зорлықпен таңылған нәрсе. Америка ашылып, географиялық жаңалықтар ауқымы
кеңейген кезде философтар осы "табиғи жағдайды" Солтүстік және Оңтүстік Америка мен
Тынық мұхиттағы аралдардың байырғы тұрғындарының жағдайымен шендестіруге бой
ұрды. Гоббс, Локк және Руссо Жаңа Дүниенің жабайы Европа өркениеті әлдеқашан өтіп
кеткен сатыда тұрғанына еш күмәнданған жоқ. "Қоғамдық келісім" теориясын
жақтаушылар саяси жағдай — анархиялық табиғи жағдайды адам төзгісіз ауыр деп тауып,
жалпы заңдар мен мекемелерге негізделген саяси ұйымдар мен билік органдарын құруды
қолға алған адамзаттың тарихи, уақытша жетістігі деп жар салды. Сөйтіп, "табиғи жағдай"
тұжырымдамасы тек логикалық қағида ғана болмағандықтан, басынан - ақ әлдебір тарихи
шындықты нұсқап, саяси билік пен демократиялық принциптерді негіздеуге қызмет етті,
оған сәйкес, мемлекет дегеннің өзі билеушілер мен олардың құзырындағы халықтың ортақ
келісімі арқылы пайда болған.
Дегенмен, Руссо өзінің алдындағы ғалымдар жазғандай, "табиғи жағдай", көптеген
тұрғыдан алғанда, жалған аңыз екендігін жақсы түсінді, өйткені, бүл үшін әжептәуір
деңгейде қалыптасқан ортақ тіл, жаңашыл тұрғыдан ойлана білу және әлеуметтік
институттар, атап айтқанда, отбасылық институт болуы керек. "Адам теңсіздігінің шығуы
мен оның себептері туралы" трактатында ол бастапқы - табиғи жағдай тек саясаттан ғана
емес, мәдениеттен де бұрын болған деген қорытындыға келді. Әу баста, алғашқы кезде
өмір сүрген адамды неше түрлі қауіп-қатерге толы орман ішінде өмір сүретін, символдық
тілді, қолөнерді және қоғамдық институттарды білмейтін, маймылға ұқсас (оның
анатомиялық құрылысы да соған ұқсас) жан иесі деп таныған жөн. Адамның "табиғи
жағдайының" мысалы ретінде 1724 жылы Ганновер маңындағы орманнан табылған
жабайыланып кеткен Петр деген баланы алуға болады. Руссо тек адам баласына ғана тән
"ерік-жігерді" және "өзін-өзі жақсарту" яғни өзін - өзі жетілдіре түсу қабілетін оны басқа
жануарлардан ерекшелендіріп тұратын аса маңызды белгілер деп есептеді.
Адам өзін-өзі жетілдіру және тәрбиелеу арқылы уақыт өткен сайын біртіндеп дами береді
және мәдениетке дейінгі табиғи жағдайдан мәдениетті жағдайға дейін көтеріледі, оның
басты белгілері — тіл, отбасы және этика. Руссоның айтуынша, адамзат үшін саяси
жағдайдың алдында болған, моральдық шектеулерге әркім өз еркімен мойын сұнған кезең
ең бақытты әрі кемел жағдай болған.
Руссо мен Монтескьенің пікірлерін көп жағынан қолдаған XVIII ғасырдағы басқа
ойшылдар адамзат мәдениетінің " табиғи тарихы" бар екендігі және оның шектеулі
эволюциялық даму процесіне бағынатыны туралы тезисті қабыл алды. Бірақ, көп ұзамай
"табиғи тарих" гипотезасы "табиғат" пен "мәдениеттің" (немесе "азаматтық қоғамның")
арасындағы бітіспес кереғарлықты жоюмен қатар "табиғи жағдай" тұжырымдамасының да
тас-талқанын шығаратыны анықталды. Бұлардың соңғысы адамзат өйтіп-бүйтіп бастан
өткерген тарихқа дейінгі бастапқы кезең ретінде емес, барлық жерде, барлық кезеңдерде
мәңгі бола беретін шынайы - әмбебап тарихи жағдай ретінде түсініле бастады. Бұл
қорытындыны шотланд философы Адам азды-көпті айқын тұжырымдап берді:
"Сонымен, егер бізден: "Табиғи жағдайды қайдан табуға болады?" — деп сұрар болса, біз
бұл сұраққа: "Осы жерден," — деп жауап береміз және бұл біреулер үшін "Британия
аралдарында" дегенді, басқалар үшін "Қайырлы Үміт мүйісінде" дегенді, үшіншілер үшін
"Магеллан бұғазының жағасында" дегенді білдірсе де бәрібір. Бұл әрекетшіл жан иесі