Page 44 - МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
44
Егер мәдени сипаттағы институттың функциясы өзгере алатын болса, онда бір атаумен
белгіленген институттардың бәрін үнемі нақты салыстырып көруге болатынына нық
сенімді болудың да еш қисыны жоқ. Бірақ, мұндай тұжырым жасаған кезде біз адамзат
мәдениетін тұтас бірлік ретінде салыстырмалы - тарихи тұрғыдан зерттеуге жол бермейтін
мәдени номиналдық теориясын ұстануға мәжбүр боламыз. Олай болса, адамзат мәдениеті
туралы ғылым тек мәдениеттің әмбебап биологиялық және әлеуметтік шарттарын
талдаумен ғана шектеледі де эволюциялық этнологиядағы өзекті жүйе — мәдениеттің
дамуы мен кезеңдері жөніндегі мәселе өзінің бұрынғы мәнінен мүлдем айырылып қалады.
Малиновскийдің сөз жүзінде эволюцияшылдық пен диффузияшылдықты одан әрі
мойындай беруіне және "антропологиялық әдістерді синтездеу қажеттігі" туралы жар
салуына бұл да кедергі келтіре алмайды. Теория жүзінде, — деп келісім білдіреді ол, —
"салыстырмалы әдіс біз талқылап отырған жәйттің нысанына қолданылатын барлық
жалпылаудың, теориялық принциптер немесе әмбебап заң атаулының бәрінің негізі болып
қала беруге тиіс". Ақыр соңында Малиновский: "антропология — адамзаттың бастауы мен
эволюциясы туралы ғылым" екендігін және "эволюция, ең алдымен, "алғашқы бастаудың"
әртүрлі сипаттарының ықпалына қатысты" екендігін мойындайды. Бұл Тайлордың
алғашқы көзқарасына қайта оралуды білдіреді, бірақ Малиновскийдің өзінің шығу тегі
мен функцияны шендестіру туралы басқа бір тезисіне кереғар келеді.
Малиновский — қарама-қайшылыққа толы тұлға, оның соңғы ұстанымы бұрын өзі батыл
да көбінесе әділетсіз сынға алған көзқарастарды эклектикалық синтездеу болып табылады.
Мәдениеттің "құрал ретіндегі шындық" екендігін жан сала қорғаштай жүріп, ол "мәдениет
дегеніміз — ерекше сипаттағы (sui generis) шындық және ол осы тұрғыда зерттелуге тиіс"
деп тұжырымдауы арқылы өзінің кереғарлыққа ұрынғанын байқамай да қалды. Ол өзінің:
"егер мәдениеттің өзінде, яғни адамның ұйымдасқан, жоспарлы және мақсатты түрдегі іс –
әрекетінде дербес детерминизм жатқан болса, онда біз мәдениет заңдарын анықтай
аламыз, бүл орайда оларды эволюциялық немесе салыстырмалы зерттеуден бас
тартпастан, мәдениетті тұтастай түсінуге деген ғылыми ұмтылыспен байланыстыра
қарастыруымыз керек" — деген сөзінде де қайшылық жатқанын аңғарған жоқ.
Осы бір ғана сөйлемнің өзінде мәдениетке адамның мақсатты іс-әрекеті және өз заңына
бағынатын дербес бірлік деген сипаттама мен мәдениет туралы ғылым — тарихтан тыс
функционалдық көзқараспен әлдеқалай байланысып жатқан эволюциялық және
салыстырмалы талдау деген тұжырым қатар келтірілген. Малиновский үшін
"функционалдық" деген термин алуан түрлі ғылыми көзқарастарды белгілеу үшін емін-
еркін қолданыла беретін өзіндік бір жапсырма атау болып шықты.
Функцияшылдықтың мәдениетті функциялық бірліктер ретінде қарастыру және мәдени
формаларды биологиялық, психологиялық және әлеуметтік қажеттіліктер мен талаптарға
жатқызу сияқты өзіндік сипаттары зерттеушілер назарын мәдени динамика мен
қолданбалы антропологияның мәселелеріне аударған сындарлы да көбінесе ерекше болып
келетін түйсіктен туындаған ойларға байланысты болатын. Бірақ, Малиновский
басқалардың пікірін, әсіресе, шығу тегі мен сарқыншақтар тұжырымдамасы мен мәдени
формаларды зерттеуге тарихи көзқарасты сынаған кезде коп қателесті.
3. "Табиғат тарихы" және алғашқы
бастауларды іздестіру
Қазіргі антропологиялық ойлардың дамуына Боас йен Малиновскийдің аса зор ықпал
еткеніне байланысты "алғашқы бастау" мәселесіне тарихи тұрғыдан көз жүгірткеніміз өте
пайдалы болар еді.