Қазақстанның ашық кітапханасы
43
сиқыршылықты, ата-баба аруағына табынуды, т.с.с. жатқызуға болады. Бір сөзбен
айтқанда, Малиновскийдің көзқарасы бұрынғысынша сындарлы - әлеуметтік болып
табылады да, Тайлордың нормативті және эволюциялық көзқарасына кереғар болып қала
береді.
Этнографиялық зерттеулер әдістемесінің жалпы мәселесі мәдени сарқыншақтар мен
олардың функциялық құндылығы мәселесімен тығыз байланысты. Эволюциялық
этнология салыстырмалы әдіс деп аталған тәсілмен ұштасып жатыр, оған сәйкес, әртүрлі
мәдениеттерге тән мәдени белгілер оларды мәдени эволюцияның әлдебір әмбебап кезеңіне
жататын дәйектілік бойынша бөліп алынады, салыстырылады және топтарға жіктеледі.
Кез-келген мәдени белгіні тек сол мәдениеттің аясында ғана түсінуге болады, ал, мәдени
формалар сол әлеуметтік-мәдени жағдайдың аясындағы функцияларынан тыс
қарастырғанда өзінің мәнінен айырылып қалады деген тезис функция көзқарастың белгісі
болды. Малиновскийдің айтуынша, "далалық зерттеулер әдісі мен теориясы тұрғысынан
алғанда, мәдениеттің функция тұжырымдамасында неғұрлым маңызды принцип жатыр.
Демек, бөлшектерді оның құрамдас бөліктерінен тыс қарастыру міндетті түрде кез-келген
теория, нақты қорытындылар немесе іс жүзіндегі ізденіс атаулының бәрінің бағасын
түсіріп, жоққа шығаратын болады". Әрбір мәдениет тұтас та ерекше бірлік ретінде
қарастырылуға тиіс, оның бөлшектерінің бәрі де белгілі бір өзара үйлесімді қызмет
атқарып тұрады. Әрбір мәдениет тұтас бірлік ретінде "нақты құрал, аса маңызды
қажеттіліктерді қанағаттандыру аспабы, демек органикалық түрде аман қалудың,
айналадағы ортаға бейімделудің және биологиялық тұрғыда үздіксіз жалғаса беруді
қамтамасыз етудің тәсілі" болып табылады.
Малиновский де Боас сияқты, тұтас алғанда, адамзат мәдениетінің тарихы мен
эволюциясынан гөрі нақты мәдениеттердің қазіргі функцияларына көбірек назар аударды.
Бірақ, Малиновский бұл бағытта Боастан да алысқа құлаш сермеп, функция формадан
басым мәнге ие деген тұжырымды қорғап бақты, оған сәйкес, мәдени формалардың
тәуелсіз (белгілі бір мәдениеттің ықпалынан тыс) мәртебесі болуы мүмкін емес. Оның
пікірі
бойынша,
мәдениеттің
шынайы
ғылыми
тарихы
осы
мәдениеттің
институттарындағы ғасырлар бойы жүрген өзгерістерді қалпына келтіріп, олардың қалай
болғанын және қандай анықтама беруге лайықты екенін көрсетіп беруге тиіс. Бұл
тұрғыдан келгенде, эволюция мен диффузия этнологиялық тарих туралы ілімі ешқандай
сынға төтеп бере алмайды.
Бұл орайда, мәдени формалар мен белгілердің мәртебесі шешілмес түйін болып қала
берді. Малиновский үзінді келтірген Кребердің пікірі бойынша, қазіргі антропологтардың
көпшілігі "барлық белгілер бір-біріне еш байланыссыз - ақ кездесе беруі мүмкін" екенін
дәлелдеуді қажет етпейтін қағида деп қабылдайды және олардың әрқайсысын дербес
нақтылық ретінде бір-бірінен бөліп алуға және бақылау тұрғысынан да, теориялық
тұрғыдан да өзара салыстырып қарауға болады деп біледі. Малиновскийдің өзі бұл
жайында былай дейді: "Бір тектес белгілерді бір-бірінен ажыратып қарау әрекеті әу бастан
жаңылысудың салдары екеніне еш күмәнім жоқ". Ол үшін ең жоғары этнографиялық
бірлік — институт, сондықтан ол нақты бір институттағы мәдени белгілерді олардың
функциясынан тыс қарастыру атаулының бәрін ғылымға жат әрекет деп бағалады. Түптеп
келгенде институттарды өзара салыстыра қарастыруға болады дегенмен келісе отырып, ол
мұны тұрақты технология ретінде әдет-ғұрыптарға және басқа дәстүрлік материалдарға
қолдануға болмайды деп есептеді. Малиновский бұл мәдениет тарихының шегінен шығын
кетеді деп білді.
Алайда, логикалық тұрғыдан келгенде, біздің: Малиновский айтқандай, кез-келген
институт тарихи және салыстырмалы талдауға көне бере ме? — деп сұрауға хақымыз бар.