Page 42 - МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
42
табылады. Эндрю Лангтің фольклорға "сарқыншақтарды зерттеу" деген анықтама беруді
ұсынуы да нақ осы себептен. Фольклоршы ғалым өзінің бастапқы мәні мен нақты
маңызын әлдеқашан жоғалтқан, бірақ бағы замандардан бері ұмытылмай әлі күнге дейін
сақталып келе жатқан, ескіліктің қалдығы болып табылатын көптеген ғұрыптарды біледі.
Әрине, тарихи тұрғыдан пайдалы болған белгілер мен ғұрыптар туралы олардың қандай
да бір функциясы бар деуге болады. Мәселе сол функцияның табиғаты мен мәні неде
екенінде жатыр. Мәдениет зерттеушісінің міндеті аталмыш функцияның негізінде жатқан
не — шындық па, әлде соқыр сенім бе; оның өзі жергілікті аңыздарда орнығып қалған
субъективті адасуға тап болып отыр ма, әлде бұл қандай да бір құбылыстың кейбір
салдарларының нақты қолданыс түріндегі жиынтығы ма — соны анықтау. Малиновский
солардың бәрі әйтеуір "бір пайдаға асар" деген сілтеме жасап, мәдени сарқыншақтардан
бойын аулақ салмақ болады, бірақ бұл орайда өзі этнографиялық фактілерді елегісі
келмейді, ондай фактілерге сәйкес, пайдалылыққа негізделген жүйелерде аман қалуына
еш мүмкіншілігі жоқ (немесе оған "лайық емес") көптеген элементтер мәдениет саласында
әлі де сақталып отыр. Түптеп келгенде, сарқыншақтар тұжырымдамасы мәдени даму мен
прогресс теориясына тікелей қатысты. Мұндай тарихи болашақты елемеу жалған
функциялы сарқыншақтар мен нақты функциялы белгілерді ажырату өлшемін жоғалтып
алуға әкеп соқтырады.
Қазіргі өмірдің бейбіт әрі демократиялық тәртіпке мүдделі зерттеушісі ретінде
Малиновский бүгінгі мәдениеттің кейбір қырларына — әсіресе, институт ретіндегі
соғысқа нормативті - сыни көзқарас білдірмей өте алмады. Сондықтан, алғашқы бастаулар
мен функциялардың тендігі туралы функционалдық қағиданы қаншама берік
ұстанғанымен, біз оның бір еңбегінен: "адам және адамзат эволюциясының бастауы
туралы ғылым ретінде антропология "соғыс деген ежелден бері келе жатқан мәңгілік
қажеттілік пе?" — деген сұраққа жауап бере алады және жауап беруге тиіс те" деген
тұжырымды (мәдени құбылыстардың шығуы туралы дәстүрлі тұжырымдаманы сынаған
очеркінде) кездестіреміз. Бұл ойын ол былай түсіндіреді: "Бұл — мәдениеттің бастауында
маймыл - адам тұрған деген аңғал мағынада жауап берілген "қайдан шыққаны" туралы
сұрақ емес. Бұл — соғыс дегеніміз де отбасы, неке, құқық және білім тәрізді адамзаттың
барша мәдениеттерінде және оның дамуының барлық кезеңдерінде ұдайы болып келген бе
деген сұрақ; одан да тереңдей түссек, бұл өзі адамға тән нәрселердің ең көне
бастауларының міндетті құрамдас бөлігі болып табыла ма деген сұрақ. Егер мәдениеттің
бастауында тайпааралық мәселелерді қарудың күшімен шешудің ұжымдық түрі болып
табылатын соғыс атаулының болмағаны дәлелденсе, онда соғыстың адамзат істерінің
бәріне міндетті түрде тән құбылыс еместігі де дәлелденер еді". Малиновский соғысты
адамзатқа тән құбылыс деп те, биологиялық тұрғыдан негізделген деп те есептемейді,
сондықтан оны кейіннен пайда болған деп пайымдайды. Оның айтуынша, адамзат
институттарын салыстырмалы түрде зерттеу арқылы "қазіргі кезде соғыстың сындарлы
және оң функцияларының көпшілігін басқа жәйттер ығыстырып шығарғанын, оның тек
зиянды да бүлдіргіш рөлі ғана сақталып қалғанын" көруге болады.
Сонымен, егер Тайлор қазіргі практиканың әртүрлі формаларын олардың жаңашылдық
негізі мен нақты мәні болған қоғам мен мәдениеттің өткен замандағы жағдайының
сарқыншағы ретінде түсіндіретін тұжырымдаманың мәнсіздігін дәлелдесе, Малиновский
"өткеннің әлі күнге дейін сақталған қалдықтары" жой ғана сарқыншақ еместігін; формасы
мен функциясын аздап өзгертсе, олар нақты өмір сүріп отырған қоғамда қуатты күшке
айнала алатынын көрсетпек болды. Мысалы, деп ескертеді ол, Африканың байырғы
тұрғындарының арасындағы қазір "астыртын" жағдайға көшкен, европалықтардың
қысымымен түрін өзгерткен немесе екпіні басылған көптеген институттары күні бүгінге
дейін өзінің өміршеңдігі мен қоғамдық ықпалын сақтап қалған, олардың қатарына