Page 41 - МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
41
қазіргі нақты функциялар мен тарихи себептерді және мәдени құбылыстардың
функцияларын ажырату барысында өте абай болуды талап етеді.
Малиновскийдің аса мұқият зерттеген мәселелерінің бірі — "сарқыншақтар", өйткені бүл
оның функционалдық көзқарасының негізі болды. Өзінің қазіргі заман ғылымына деген
қалыптасқан көзқарасын білдіретін "Антропологияның тұжырымдамасы мен әдістері" деп
аталатын очеркінде ол былай деп жазды: "Бұрынғы мектептер елемей кетті деуге
болмайтын, керісінше, ондай да болады деп санаған бір тармақ бар. Ол — адамзат
тарихындағы "өлі жүк" немесе мәдени "жәдігерлер" деп аталатын сынауға да татымайтын,
ғылымға жат тұжырым. Оған сәйкес, едәуір дәрежеде және стратегиялық маңызды
айқындамалар бойынша — мәдениеттер, шындығында, өздеріне еш қатысы жоқ
идеялардың, наным - сенімдердің, институттардың, ғұрыптар мен объектілердің мекені
болып қызмет етеді екен. Эволюциялық теорияларда мұндай "жәдігерлерді"
"сарқыншақтар" деп таниды".
Егер мәдениет атаулының тиісті функциясы жоқ және соған сәйкес айқын мәні де
болмайтын кез-келген элементін сарқыншақтар деп түсінсек, онда Малиновский олардың
болуының өзін жоққа шығарады. Оның пікірі бойынша, мәдени белгілер мен
объектілердің өз функциясын өзгертуі олардың өзіне қатысты мәдениетпен үйлесімін
жоғалтып алатынын білдірмейді екен. Мәдени объекті мен мәдени практика белгілі бір
қоғамда қандай да бір функция атқаратын болғандықтан сақталып қалады, сондықтан олар
өйтіп - бүйтіп аман қалғандықтан ғана белгілі бір функцияға ие болған деп ойлау дұрыс
емес.
Сондықтан, Малиновскийдің айтуы бойынша, функциясыз "мәдени жәдігерлер" болып
табылатын сарқыншақтарға бұл өмірден мүлдем орын қалмайды екен. Сарқыншақтар
туралы айтылып жүрген сөздер — Тайлор мен эволюция өздерінің алғашқы бастаулар мен
мәдениеттің кезең - кезеңмен дамуы туралы теориясын ақтап алу үшін ұсынған жалған
тұжырым. Бұл атышулы "сарқыншақтардың" қазіргі функциясы — тұтастай теріс; іс
жүзінде, сарқыншақтар тұжырымдамасының өзі де күні өткен этнологиялық
теориялардың "сарқыншағы" болып табылады. "Антропология үшін сарқыншақтар
тұжырымдамасының тигізетін нақты зияны мынада — бір жағынан, ол эволюциялық
қатарларды қалпына келтірудің жалған әдістемелік сызбасы ретінде көрініс тапқан, екінші
жағынан, бұл одан да жаман — далалық зерттеулерде тұмсығының астынан басқаны
көрмеуді ақтауға қызмет етеді. (Ә) Бұл тұжырымның зияны далалық зерттеулердің
тиімділігі төмендеуіне әкеп соқтырды. Зерттеушілер мәдениеттің кез-келген фактісінің
қазіргі функциясын анықтаудың орнына оз ауқымында ғана тұйықталып қалған қасаң
жәйттерді қанағат тұтып жүр".
"Сарқыншақтар" деп аталатын мысалдардың бәрінің астарыңда, деп жалғастырады одан
өрі Малиновский, іс жүзінде фактілерді тиісінше талдамау салдарынан анықталмай қалған
шынайы функциялар жатыр.
Мәдениеттің кезең-кезеңмен дамуын негіздеу үшін сарқыншақтар тұжырымдамасын
пайдалану әрекетінің қай-қайсысы да кезінде Малиновскийдің тарапынан сынға
ұшырағанына еш күмән жоқ, ол мұндай тәсіл нақты зерттеулерге зиянды әсерін тигізеді
деп атап өткен болатын. Бірақ, соған қарап әлгі тұжырымдаманы этнографиялық
материалдармен қуатталмаған жалғандық деген қорытынды жасалмаса керек. Мәдени
сарқыншақ дегеніміз — жәй ғана "жәдігер" немесе "өлі жүк" емес, өзінің бастапқы
функциясынан айырылып қалған жөне жаңасына ие бола алмаған мәдениеттің бір
элементі болуға тиіс. Кейбір сарқыншақтар халық дәстүрінде инертті түрде сақталып
қалған, күні өткен әдет-ғұрып (мысалы, түшкірген адамға амандық тілеу сияқты) болып