Қазақстанның ашық кітапханасы
40
үшін оны туғызған ықпалды себеп пен оның атқаратын функциясын жеке-жеке анықтап
алу керек".
Бірақ, Малиновскийге мұндай көзқарас жат болатын, ол үшін бар болудың ықпалды
себебі ретіндегі алғашқы бастау мен пайдалылық функциясының мәні бірдей. Мәдени
құбылыстың дербес тарихи себебін іздестірудің кез-келген әрекетін ол "алғашқы
бастауларға немесе "нағыз себептерге" деген ғылымға дейінгі долбарды сағыну" деп атап,
қабылдамай тастады. Бұл аздап күлкілі де, өйткені, ТайлОрдың өзі де мәдени
"сарқыншақтар" мен ықпалды әрі нақты маңызға ие мәдени формаларды өзара ажырату
үшін функционалдық өлшемін пайдаланған болатын, ал, Малиновский өзінің
функционалдық көзқарасқа адалдығы туралы жар сала жүріп, шынайы функционалды
мәдени формалар мен жалған функционалды мәдени сарқыншақтарды немесе
қалдықтарды ажыратудың осындай принципін жасап шығара алмай қойды. Тайлордың
айтуынша, "мән-мағынасыз ғұрыптар сарқыншақ болып есептелуге тиіс деп үзілді-кесілді
мәлімдегенде біз соншалықты артық кетпеген шығармыз; ол ғұрыптар пайда болған кезде
сол жерде олар нақты мәнге немесе, ең құрығанда, рәсімдік мәнге ие болған, бірақ қазір
жаңа қоғамдық жағдайда да өмір сүруін жалғастырып отырғанымен олар өздерінің
бұрынғы мәнінен айырылып қалды да абсурдқа айналып кетті. Әрине, өз кезінде
енгізілген жаңа ғұрыптар да күлкілі немесе адамгершілікке жат болып көрінуі мүмкін,
дегенмен, олардың пайда болу себептері анық аңғарылып тұрады".
Тайлор нақты бір тарихи мәдениеттің функционалды құрамдас бөлігі болған, қоғамдық -
мәдени дамудың жаңа кезеңіне амалсыздан және кереғар түрде қосылған, өздерінің қазіргі
мәдени сипаты бойынша сарқыншақ болып отырған мәдени белгілер мен институттарды
айқын ажыратады. Тайлордың мәдени сарқыншақтар туралы ілімінің нақты құндылығы да
сонда — ол этнологтың қазіргі мәдениетті бағалай білуіне, оның қандай белгілері мен
институттары қауіпті соқыр сенім ретінде сақталып қалғанын және болашақ дамуға
кедергі
келтіретінін
бағамдауына
мүмкіндік
беретін
тарихи
көкжиек
пен
функционалдықты анықтау өлшемдерін көрсетіп берді. Сондықтан да Тайлор мәдениет
тарихын "реформашылар ғылымы" деп атады.
Керісінше, пайда болудың қазіргі және бастапқы тарихи мақсаттарын өзара шендестіре
қарастырған Малиновский өзінің аса бай қиялына сүйене отырып, шынайы тарихи
фактілермен және шарттармен еш байланысы жоқ психологиялық немесе әлеуметтік
функцияларды ойынан шығарып, жаңашыл және біріктіргіш функцияларды барлық
мәдени дағдылар мен институттарға (қарапайым болсын, өркениетті болсын) бірдей
күштеп таңуға мәжбүр болды. Ол осы күнге дейін жеткен барлық мәдени формалар
адамзаттың қажетіне (бастапқы болсын, кейінгі болсын) жаңашыл жауап болып табылады
және жеке тұлға мен қоғамның өмірін жақсарту үшін функционалдық жағынан құнды
нәрселер деген тұжырымды басшылыққа алды. Егер Малиновский мәдени функция —
тарихи тұрғыдан қайта бағалауға болатын ауыспалы бірлік екендігін қаперіне алса (мұны
Тайлор да, Мейн де, Дюркгейм де ескерген болатын), онда ол тарихи шарттарды ысырып
қойып, мәдениеттің алғашқы бастауларын әлеуметтік функциялармен шендестірмес еді.
Біздіңше, шынайы функционалдық көзқарас этнотарихи сипатта болуға және мәдени
өзгерістерді ескеруге тиіс, оз кезегінде, бүл қазіргі мәдени функцияларды анықтауға
көмектеседі. Өткен замандардағы функциялар қазіргі функциялармен сәйкес келе
бермейтіндіктен, бұлардың соңғысы барлық жағдайда бірдей олардың әу бастағы
формалары мен мәнінің өлшемі бола алмайды. Бір мәдени объекті немесе әрекет тарихи
процесс барысында көптеген функцияларды, ал, көптеген мәдени формалар әр кездегі
әртүрлі мәдениеттерде бір ғана функцияны атқарып келсе, бұл фактінің өзі этнологтан