Қазақстанның ашық кітапханасы
37
желілі дамуды мойындамайтын басқа да тарихшылармен бірге адамзатты тұтас бірлік
ретінде қарастыратын мәдени эволюцияның теориясына қарама-қарсы түрде эволюцияны
плюралистік тұрғыдан қарастыруға және прогресс тұжырымдамасынан бас тартуға
ойысты. Зерттеушілер Боастың ықпалымен мәдени өзгерістердің динамикасы мен нақты
процестерін неғұрлым мұқият зерттей бастады; бұл өзгерістерден мәдениет тарихын
тиісінше пайымдау үшін қажетті шарттарды көретін болды.
Бронислав Малиновский анти тарихи ағымды шегіне дейін жеткізді деуге болады.
Этнология мәдениет тарихы туралы ғылымнан мәдени динамика туралы ғылымға
айналып кетті. Біріктіруші және өзекті түсінік — "тарих" емес, "функция" болды. Жалпы
болашақтың өзгеруі туралы Малиновский жасап шығарған "Алғашқы бастау" (origins)
тұжырымдамасының өзінен-ақ білуге болады. Егер эволюция мәдениеттің шығуына көңіл
аударып, эволюция идеясын қуаттау үшін қоғамның багы замандағы күйін қалпына
келтіруге тырысса, Малиновскийдің тұжырымдамасы хронологиялық дәйектілікті мүлдем
жоққа шығарады. Мысалы, ол былай дейді: "Алғашқы бастау" деп біз ғылыми
детерминизм арқылы шектеліп қалған мәдени - деректі реакциялар мен шарттар арқылы
анықталатын алғашқы қауымдық және ұзақ мерзімді шарттарды түсінеміз, олар іс-
әрекеттің, механизмнің, ғұрып пен табиғатын сипаттап береді (Ә). Іс жүзінде, алғашқы
бастауды іздестіру, бір жағынан, адамның биологиялық дарынын, екінші жағынан, оның
айналадағы ортамен қарым-қатынасын ескеретін мәдени құбылыстарды талдауға айналып
кетеді".
Біз Малиновскийдің алғашқы бастауды биологиялық, әлеуметтік және географиялық
қажеттіліктер мен шарттарды логикалық тұрғыдан талдау арқылы анықтағанын көреміз.
Кез-келген мәдени құбылыстың немесе институттың бастамасы осы ұзаққа созылатын әрі
уақыттан тыс шарттарда жатыр, бүл шарттар олардың өзін ойлап шығаруды талап етеді.
Мәдени реакцияны туғызатын әмбебап ынталандыру немесе себеп дегеніміз осы.
Бұл жерде ең маңыздысы — Малиновский алғашқы бастауды функциямен шендестірген.
Белгілі бір фактіге немесе дәстүрге қызмет ететін функцияны, мақсатты немесе пайдалы
нәтижені көрсете отырып, оның алғашқы бастауын таптық деп қорытынды шығаруымызға
болады. Ал, қандай да бір қажеттілікті немесе талапты қанағаттандырумен байланыссыз
бірде-бір мақсатты немесе функцияны түсіну мүмкін болмайтындықтан, алғашқы бастауға
берілген қандай анықтама болса да белгілі бір мәдени объектінің осы болымсыз мақсат
үшін атқарып тұрған функциясын сипаттау болып шығады. Мысалы, Малиновский
шанышқыға "қатты тамақты тәрелкеден алып, ауызға апарып салу үшін қолданылатын
құрал" деген анықтама берген. "Өзіміз шолу жасап отырған мәдениеттің жүйесіндегі оның
атқаратын функциясын анықтаған соң, — деп ескертеді ол, — іс жүзінде біз оны "алғашқы
бастауға" қатысты толық дәлелдеуге болатынына қол жеткіздік. Адамзат тарихының бұл
маңызды актісі (әдетте, тарихшылар мен эволюция шанышқы, барабан немесе қышыған
жерді қаситын таяқша сияқты қарапайым заттардың шығуы сияқты нәрселер
толғандырады) елеулі дәрежеде қазіргі мәдениеттердегі кез-келген құралдың
пайдаланылуын, оны қолдану тәсілдерін және оның атқаратын функциясын қолдап
отыратын күштердің ықпалымен пайда болады".
Олай болса, бұл заттардың қазіргі функциясы іс жүзінде оның алғашқы бастауымен
теңдес болғаны ғой. Арт фактінің "алғашқы бастауы" мен қазіргі функциясы өзара сәйкес
келеді. Біз тарихқа дейінгі оқиғалардың нақты ағымына ешқашан қайта орала алмаймыз,
сондықтан, сенімді дәлелдер болмағандықтан, "алғашқы бастаулар" мен "тарихи
себептерді" іздестірудің де еш мәні жоқ. "Егер тарихи оқиғаның жан-жақты ғылыми
анықтамасы бар екендігін және ол анықтаманың дұрыстығы деректермен сенімді түрде
құжатталған дәлелдеу мүмкін болмаса, тарих ештеңені де түсіндіре алмайды". Өз