Қазақстанның ашық кітапханасы
36
біртіндеп жер өндеу, құмыра жасау, кейіннен металдарды пайдалану алмастырды".
Сөйтіп, әңгіме екі құрылықтың мәдени дамуындағы "шектеулі параллелизм" туралы, бірақ
бүл олардың әр кезеңіндегі мәдени деңгейлер толық ұқсас болған дегенді білдірмейді.
Морганның өзі "эквиваленттерді игеру (adoption)" болуы мүмкін деген болжам жасаған
(мысалы, оның пікірі бойынша, Шығыс жарты шарда жануарларды қолға үйрету Батыс
жарты шарда жүгері жөне басқа дәнді дақылдарды өсіруге сәйкес келеді), бірақ бұл
болжам оны дамудың ортақ кезеңінде барлық халықтардың өнері, институттары, өмір
сүру салты түбірімен ұқсас болды деген тұжырымдаманы қайта қарауға әкеп тіреген жоқ.
Мәдени дағдылардың мұндай айырмашылығы Боастың бір кезеңдегі мәдени белгілер мен
институттардың ұқсастығы туралы айтуына мүмкіндік бермей қойды. Дегенмен, оның
мәдени - эволюциялық теорияны ылғи сынап-мінеп келгеніне қарамастан, Тайлор мен
Морганның негізгі тұжырымдамалары оған әлдеқайда жақын екендігін байқауға болады.
Тайлордың антропологиялық ықыласының екі өрісі — мәдениет пен психология екендігі
туралы ескертуімізді Басқа қатысты да айтуға болады. Бірақ, Боас прогрестің
эволюциялық кезендік схемасына қарсы болғандықтан мәдениет тарихынан гөрі
функционалдық, психологиялық және әлеуметтік процестермен, мәдени өзгерістер
динамикасымен (аккультурация мен диффузия түрінде көрініс табатын) көбірек
шұғылданды. Ол үшін мәдениет тарихы барған сайын нақты қоғамдардың немесе олардың
өзара қарым - қатынасының тарихы ретінде көріне бастады, бұл оның әр мәдениеттің
тарихи жолы ерекше екендігі туралы көзқарасына сәйкес келетін. Боас болуы мүмкін деп
санайтын кемел, яғни мейлінше объективті нұсқадағы мәдениет тарихының жүйелі
философиясы оның өзі бойын аулақ салуға тырысатын нәрсе болып шықты. Оның пікірі
бойынша, "кешенді түрде ме, мәдени құбылыс түрінде ме — құбылыстардың абсолют
жүйесі болуы мүмкін емес. Олар әманда біздің өз мәдениетіміздің бейнесі болып
шығады". Түптеп келгенде, үнемі көзге ұрып тұратын мына жайтты да жоққа шығаруға
болмайды — Боастың көзқарасы тұтастай тарихи болатын, оған сәйкес, әрбір мәдениет —
тарихи дамудың жемісі болып табылады. Бірақ, ол тарихты мәдени өзгерістердің
сипатына ықпал ететін кездейсоқтықтар мен жеке бастың әсеріне орын қалдырмайтын
тарихи детерминизммен шендестіруге ұрынған жоқ. Табиғатынан айтыскер болып
жаралған Боас кейде тарихи болашақты жақтаса, енді бірде тарихи өзгерістердің алғы
шарттары ретіндегі белгілі бір мәдениеттегі нақты мәдени процестерді зерттеуді
қолдайтын. Осы өзара кереғар екі міндетті ол өмір бойы назардан тыс қалдырған емес,
бірақ XIX ғасырдың екінші жартысында салтанат құрып тұрған ғылыми ағымдарға қарсы
advocatus diaboli ретінде ол әрқилы нәрселерге ойыса беретін. Мысалы, мәдени топтардың
теориясын сынай келіп, ол психологиялық және әлеуметтік талдаудың қажеттігін атап
көрсетті, ал, эволюциялық біртұтастық доктринасына қарсы шыққан кезде алғашқы
орынға аккультуризация мен диффузия шығуға тиіс деп мәлімдеді. Бір сөзбен айтқанда,
Боас мәдени құбылыстардың күрделі екендігіне тәнті болды және оларды қасаң мен
сызбаға түсіру атаулыға ылғи қарсы шығып отырды. Ол туралы былай деп айтуға әбден
болады: ол ағаштарды жұрттың бәрінен де анығырақ көретін, бірақ шамадан тыс
сақтығының кесірінен осы ағаштардың артындағы орманды көре алмады.
2. Алғашқы бастау мен мәдениет туралы ғылымның
тұжырымдамасы
Біз адамзаттың мәдени эволюциясын зерттеу ретінде басталған антропология ғылымы
Боастың арқасында функционалдық бірлік ретінде пайымдалған нақты мәдениеттер
туралы ғылымға айналғанын айтқанбыз. Адамзаттың мәдени тарихын (жалпы) зерттеудің
орнына антропологтың назары белгілі бір қоғамның өз көршілерімен салыстырғанда
тарихи тұрғыдан бірегей болып табылатын мәдениетіне ауды. Америка этнологтары бір