Қазақстанның ашық кітапханасы
35
— аса маңызды этнологиялық мәселе, оның жүйелі түрде жасалған құндылықтары
теориясын этнолог білмеуі де мүмкін.
Осының бәрі мәдени эволюция мен прогресс мәселесін өте шиеленістіріп жіберді. Мәдени
прогресс философиясы адамзат тәжірибесінің біртұтастығы мен оның мұра боп
қалдырылуы мүмкін екендігіне және оны кемел немесе нормативті мәдениетпен
шендестіруге құрылған. Адамзат тарихының осы генетикалық тұжырымдамасы мен
адамзаттың түбірлі біртұтастығын, сонымен қоса кемел мәдениетті де жоққа шығару
мәдени плюрализм туралы ілімді жасаумен қатар жүрді (бұл ілімге сәйкес, әрбір
мәдениеттің өзіне тән бірегей тарихы мен өз эволюциясы болады), жаңа ілім бойынша
әмбебап мәдени-тарихи сызбалар мен прогресс өлшемдеріне орын жоқ еді.
Өзіміз байқағандай, Боас екінші жолды таңдады. Адамзатты біртүтас бірлік ретінде
қарастыратын мәдени эволюцияны тұрғыдан түсінуге қарама-қарсы ол мәдениеттер
эволюциясының плюралистік теориясын қолдады. "Егер бір-біріне кереғар келетін, бірақ
бір мезгілде өмір сүрген мәдениеттер болған деп есептесек, — деп жазды ол, — онда
жалпыға ортақ біртүтас желі туралы гипотезаның өз күшін жоғалтары анық". Адамзат
өркениетінің абстрактілі философиялық - тарихи мәселелеріне үнемі қызығушылық
танығыш келген Боас іс жүзінде плюралистік көзқарасты ұстанып, өзіндік ерекшеліктерге
толы мәдениеттерді зерттеумен айналысты, олардың арасында мәдени өзгерістер
процесіне баса мән берді. Сонымен қатар, ол өркениет дамуының әмбебап теориясын
жасау жөніндегі әртүрлі әрекеттерден батыл бас тартты. Батыс Европа мәдениетін мәдени
дамудың жоғары кезеңі әрі мақсаты ретінде тану (Тайлор мен Морган мұны сол күйі
қабылдады) тұжырымдамасын Боас этноцентристік ұғым деп біліп, оған мәдени
көзқарасты қарсы қойды. XX ғасырдағы батыс қоғамының тарихи тәжірибесін, атап
айтқанда, өркениетті державалардың арасындағы екі бірдей дүниежүзілік соғысты
ескергенде, Боастың Европа өркениетін прогрестің нормасы деп қабылдамауы әбден
орынды болып көрінеді. Осыған байланысты, Тайлорға қаншама сын көзбен қарағанымен,
Боас мәдени параллелизмді түсіндіру тұрғысынан келгенде психологиялық заңдарды
мойындайтын. "Тарихи тұрғыдан алғанда және әрбір аймақ үшін түгелімен ерекше болып
келетін мәдени байланыстар типі мәдени-тарихи байланыстардың маңызды элементі
болып табылса да, — деп жазды ол, — біз әлдебір типтік параллелизм болуы мүмкін деп
білеміз. Алайда, біз бүл параллелизмді тек нақты бір әдет-ғүрып пен машық - дағдылардан
ғана емес, дамудың бастапқы нәтижелері тәуелді болған әлеуметтік немесе
психологиялық себептерден туындайтын белгілі бір динамикалық алғышарттардан да
қарастырмақпыз. (Ә) Бір сөзбен айтқанда, егер заңдылықтарды іздестіретін болсақ,
бұлардың соңғысы мәдениеттің табысынан емес, физиологиялық, психологиялық және
әлеуметтік жәйттерден байқалады". Одан әрі ол былай деп жазады: "Егер бірегей және
күрделі мәдени құбылыстарға келер болсақ, бұл орайда үлкен әріппен басталатын "Заң"
деген атауға толып жатқан ерекше тұрпатта көрініс беретін, барлық мәдениеттерге тон
психологиялық және биологиялық тұрғыдағы сипаттамалардан басқа ештеңе де лайық
емес".
Мәдени даму заңдары туралы ілімді бекіткен басқа емес, нақ осы Тайлор мен Морганның
ұстанымы болатын, ал, Боас мұны оларға қателесіп таңып жүрді. Біртұтас жайт ретінде
қарастырылып жүрген адамзаттың мәдени дамуының белгілі бір кезеңдерін қағидаға
айналдыру бойынша, барша халықтар барлық жерлерде бір кезеңнен (немесе соған ұқсас
кезеңнен) өтеді деген тұжырым жасалмайтын.
Боас мәдени эволюция Европа мен Америкадағы технологиялық жаңалықтар өзара ұқсас
болғанымен әрқайсысы дербес түрде пайда болған нәтижелерге әкелді деген
тұжырымымен келісті. Бұл мысалдардың әрқайсысында "олжа жинау мен тас құралдарды