Қазақстанның ашық кітапханасы
27
айырмасының зор екендігі соншалық оған біздің кестемізде және біздің ой өрбітуімізде
айрықша орын болуға тиіс. 3 нөмірлі принципте көрсетілгендей, Еуропалық өркениет
тұтас процесте өзге рөлге ие: ол өзгерістердің белсенді әрекет ететін факторы болып
табылады.
Ал, африкалық мәдениетке тұтас жүйе ретінде қарауға болмайтыны өз-өзінен түсінікті.
Батыс Суданның ислам қауымдастығы мен бағанда, пигмейлер арасындағы
айырмашылықтың орасандығы соншалық, оларды бір мәдени категорияға жатқызу мүлде
мүмкін емес. Еуропалық ықпал тайпалық реакцияға болатын әрбір аймақты жеке алып
қарау кезінде арнайы сараптама жасау қажет. Бірақ, бір негізгі жағдай өзгеріссіз қалады:
әрбір жағдайда біз батыс ықпалын айрықша тайпалық мәдениетпен салыстырып
отыруымыз керек. Бұл жағдайда антрополог бір қарапайым жағдайды жадынан
шығармауға тиіс, яғни еуропалық африкалық тұрғындармен байланысқа түскен сайын оны
tabula rasa, не жасасаң да көне беретін, мәдени болмысына қарамастан, еңбектенуге
мәжбүр етуге немесе тәрбиелеуге, салық жинауға немесе моральдық жағынан жетілдіруге
болатын иілгіш материал ретінде қабылдауға тиіс емес. Тайпалық африкалық өздерінің
жеке, айрықша мәдени детерминизміне тәуелді дегенде — біз жаңа гастрономиялық
дағдыларды қалыптастыруға, жерді игерудің жаңа әдістерін көрсетуге немесе жаңа
мәртебелер мен заңдар енгізу кезінде сөзсіз өзге мәдени болмысты осылармен
айырбастауға тырысамыз, егер бұл процесс қолда бар күштерді ескермей жүзеге
асырылатын болса, бұл әрекеттің қақтығысқа немесе тәртіпсіздікке ұласуы мүмкін.
Сиқыршылыққа тыйым салу мен туземдіктерді еш ойланбастан христиан дініне енгізу;
білімнің нені бұзатынын және оның салдары азаматтық пен мүмкіндіктерге қатысты неге
әкеліп соқтыруы мүмкін екенін ойлап жатпастан африкалық білім беруге тырысу;
"жабайылардың қалыңдықты сатуы" ретінде қарау - бұның барлығы африкалық мәдени
детерминизмнің принциптеріне іс жүзінде қалайша көз жұмылып келе жатқандығына
мысал бола алады.
Африкалық институттардың өміршеңдігін сараптай отырып және олардың себептерін
зерттей келе біз Африкадағы ежелгі мәдени тәртіп елеулі ықпалға ұшырады, кейбір
жағдайларда оның орнына кәдімгі анархия мен берекетсіздік келді деп айта аламыз, бірақ
африкалық тайпада ма, одан тыс па қай жерде өмір сүрсе де — тамыры дәстүрге кететін
әлеуметтік, экономикалық және құқықтық факторлар мен құндылықтардың жүйесі
африкалық үшін шабыт пен жаңа күштің қуатты көзі болып табылады. Лобола дәстүрінің
Оңтүстік Африканың тайпалық қауымдастықтарынан тыс кездесуі білім алған африкалық
транскей Бунгасы арқылы өздерін тайпа көсемі етіп тағайындауды сұрайтындарын
білдіреді, сондай-ақ африкалық жұмыссыздық жағдайында күнкөріс пен әлеуметтік
сақтандыру мәселелерінде өз қорына, өзінің экономикалық ұйымына иек артқанды жон
көретіні де көрініс болып табылады. Біз африкалық әлі өзінің мәдени өмірінде, өзінің
құндылықтарымен және өз дағдысынан айнымай өмір сүріп жатқанын айттық, бұның
себебі, біріншіден, бұл мәдени өмір оның мұқтаждықтарын жақсы қанағаттандырады
және ұзақ мерзімдік тарихи дамудың нәтижесі болып табылады; екіншіден, еуропалықтар
жазған тарихта біздің мәдениетіміздің ең жоғарғы және құнды бөлшектері түсіп қалған,
сондай-ақ тұрақты нәсілдік кедергілер мен тайпалық сегрегация жергілікті халықты өз
мәдениетін сүйеніш етуге итермелейді. Өзіміздің 7 және 8 принциптерімізге қарап, ол
жерде жалпылама түрде біздің дәйектеріміздің осы бөлігінің көрініс тапқанын көреміз;
бүл принциптерді көрсететін мысалдар мен деректерді кітаптың алдағы тарауларынан
кездестіруге болады.
Байланыс пен өзгерістерге бейтарап жатқан жерде өмір сүруші африкалық мәдени
детерминизмі дегеніміз не? Өзінің егістікте, далада немесе қалада жұмыс істейтініне
қарамастан, ол өзінің тайпалық заңдарынан, туыстық міндеттерінен, тіпті өзінің тайпалық