Page 26 - МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
26
қызметтеріне қатысты бағаналар қақтығыстың жойылып, әріптестіктің болу мүмкіндігін
көрсетеді.
7. Бұл жерге В айдарымен (рубрикасымен) берілуі тиіс анықтамалар енеді: еуропалықтар
назар салмайтын немесе басып - жаншып отыратын туземдік институттар, жасырын
жүргізілетін институттар, нанымдар мен тәжірибелер; тайпаға енбейтін жергілікті
тұрғындар ұстанатын африкалық тәртіптер, экономикалық тәртіптер мен құқықтық
принциптер; N. B. В бағанасына өткенді қайта қалпына келтіру арқылы алынған бірде-бір
мәліметті енгізбеуге тиіс.
8. Ұлтшылдық реакциялары туралы деректер де кестені пайдалану ыңғайлы болуы үшін,
В бағанасына енгізіледі.
I кестеге түсініктемелер: Принциптер
Бұл принциптердің мағынасы әлі толық белгілі емес сияқты, бірақ егер біз бұл жаңа сөз
қолданысындағы бір - екі түсінікке қысқаша анықтама беретін болсақ, ол анықтама алда
көрсетілетін деректердің қорытындылап, айқындай түсуге мүмкіндік бермек.
Сонымен, біз алғашқы принцип ретінде үш жақты әдістемені қажет деп таптық және
африкалық мәдени болмыстың негізгі үш саласының әрқайсысына өзіндік, дербес мәдени
детерминизм тон екенін айтып өттік. Соңғы айтылған ойға қатысты нені айтқымыз келгені
түсінікті болуға тиіс. Интегралды тұтастық ретіндегі мәдени өзгеріс түсінігін сынға алып
жөне жоққа шығара отырып, сондай-ақ еуропалық ықпалдың африкалық осы ықпалды
қабылдауы тәрізді маңызды екені туралы көзқарасымызды дамыта отырып, біз өзіндік бір
мәдени детерминизмнің бар екендігімен қақтығыстық. Бұл адамды жеке де, ұжымдық
түрде де әрбір сәйкес мәдениетке тон айрықша жолмен әрекет етуге мәжбүрлейтін
факторлар мен күштердің бар екенін білдіреді, бұл жағдайда ол таза биологиялық
импульстар мен ортаның тікелей ықпалы шегінен шығып, оларды түрлендіреді
(модификациялайды). Әрбір мәдениет өзінің тарихи даму барысында белгілі бір білім мен
құндылықтар (экономикалық, әлеуметтік және эстетикалық) жүйесін қалыптастырады
және бұл жерде табиғаттан тыс күштердің аян беруіне негізделген нанымдар мен сенімдер
ең соңғы орынды иеленбейді. Кез келген мәдени құндылық пен кез келген мәдени
императив белгілі бір тағам мен сусынға құмарлық, сексуалды тартымдылыққа реакция,
отбасылық өмір кешу, адалдық, шындық пен өтірік, бос уақытты өткізу тәсілі мен оның
мөлшері, сондай-ақ мәдени құндылық ретіңде бағаланатын нысандарға көзқарас секілді
қарапайым мәселелердегі іс-әрекетті белгілейді. Физикалық жігер мен әлеуметтік
бәсекелестік мақсаттары баскесерлер мен адам жегіштер қауымдастығы, тоталитарлық
мемлекет, еуропалық ұлттық держава, демократия мен африкалық монархияның бір -
бірінен айырмашылық деңгейлері онша коп емес. Тіпті біз, еуропалықтар, тарихымыздың
бері жағының өзінде-ақ құлдық пен крепостнойлық шаруашылықты табиғи институттар
ретінде қабылдайтынбыз және оларды Құдай белгілеген тәртіптің бір бөлігі ретінде
көретінбіз; біз мыстандарды отқа жағып, крест жорықтарына шықтық, діни идеалдар үшін
қанды қырғындарға бардық. Бұның барлығы қазір жабайылық ретінде жойылды.
Бүгінгі кезде өзгерістер мен қарама-қайшылыққа толы африкалық әлемде мәдени
детерминизмнің үш негізгі түрінің бар екенін білу маңызды. Батыс өркениетінің
өкілдерінің өз идеалдары, өздерінің адалдық туралы ұғымдары мен өз экономикалық
құндылықтары бар. Бұл құндылықтар кодексінің, дәстүрлер мен идеалдардың толық
үйлесімді емес екені 4 нөмірмен белгіленген кестедегі принциптердің бірінде көрсетілген.
Бірақ біздің кодекстің африкалық тайпалық кодекстен экономикалық және техникалық
жүзеге асуы жағынан, сондай-ақ сөз жүзінде ғана христиандық принциптерге негізделген,
іс жүзінде капиталистік экономика мен империализмге қатысты саяси құрылымда