Қазақстанның ашық кітапханасы
28
көсемге адалдығынан бас тартпайды. Бірақ бұның барлығы тереңнен өзгеріске ұшыраған.
Ол өмірді еуропалық қабылдамайды; ол еуропалық мәдени детерминизмге үзілді-кесілді
бағынбайды. Бірде-бір адам діни толыққанды мүшесі болмайынша және рухани салада
нәсілдік кедергілер жойылмайынша діни талаптар мен құндылықтар жүйесін соңына дейін
қабылдамайды. Бірде-бір адам егер ол заңдылықтардың ар жағында әділет тұрмаса және
міндеттермен қатар берілетін артықшылықтарды пайдалана алмай тұрып, өз еркімен
заңдылықтарды қабылдамайды. Сондай-ақ ол халықтың бір бөлігіне барлық міндеттерді
артып қойып, екінші бөлігіне барлық артықшылықтарды берген экономикалық жүйені
толығымен қабылдайды деп күту де бекер.
Өзгеріп келе жатқан және африкалық өтпелі әлемге тән мәдени детерминизмді анықтай
отырып және басты мақсат ретінде дәлдік пен айқындықты негізге алып, біз детерминизм
еуропалық пен африкалық "қосындысынан" емес, еуропалық саясат пен еуропалық
ықпалдардың кейбір бағыттаушы (мүмкін қате бағыттайтын) принциптерінен туындайды
деп айта аламыз. Бүл детерминизмге еуропалықтар жағында пайда болған сәйкессіздіктер
қатты ықпал етеді: бір жағынан миссионер мен кәсіпкер арасында, екінші жағынан —
көшіп келгендер жүргізген Real politik, заңдар мен экономика саласынан туындайтын
талаптар арасында. Сондай-ақ өзгерістің барлық феномендері африкалықтарға ғана емес,
еуропалықтарға да әсер ететінін ұмытпау керек.
Жаңа институттарда (жаңа дербес африкалық қозғалыстардың кейбірінен өзге, әрине)
Ақтар мен Қаралар әріптес. Өзгеріс осыған сәйкес мәдениеттің жаңа түрін береді, яғни, ол
түр жоғарғы өлшеммен алғанда еуропалық ықпалдың сипатына тәуелді, бірақ оның ішінде
бүл ықпалға бұрышты тайпалық құндылықтар мен бағдарлар тарапынан реакция да енеді.
Байланыс пен кооперацияны реттейтін жаңа заңдар, жаңа саяси жүйелер, экономикалық
кәсіпорындардың жаңа түрлері, бұдан бұрын да айтып өткеніміздей, мәдениеттердің
бірде-бірінде баламасы жоқ. Белгілі бір аналық мәдениетке тікелей назар аудару арқылы
оларды түсінуге болмайды. Оларды өзінің жеке, айрықша жолымен келе жатқан процестер
ретінде зерттеу керек. Сондықтан байланыстарды тәжірибелік жағынан зерттеу "кірмелік"
пен "араласуды зерттеу негізінде алуға болатын өзгерістер сипатын анықтауға қарағанда
маңыздырақ. Көмір өндіретін кәсіпорынға, африкалық шіркеуге немесе балаларына
арналған мектепке еуропалық және африкалық мәдениеттердің қанша мөлшері енетінін
анықтауды негіз ету арқылы біз бұл институттардың даму жолдарын болжай алатын
болсақ, дамудың әрбір жеке жағдайын мұқият және жан-жақты бақылаудың ешбір
қажеттігі болмайтын еді.
Бүл кітапқа еніп отырған барлық сараптамаларда жалғыз жөне өте маңызды әдістемелік
сабақ бар. Біз бірде-бір жанды процестің, соның ішінде мәдени өзгеріс процесінің
құжаттар мен ауызша хабарламалар арқылы зерттелуі мүмкін емес екенін көрдік. Мәдени
өзгерістің қандай мазмұнға ие екенін және оның іс жүзіндегі бағасын білу — африкалық
мәдениеттің өзгеру барысын көрсететін барлық үш салада жұмыс істеген ғалымға ғана
мүмкін болады. Ол Ақ нәсілдердің саясаты, оның принциптері мен Африкадағы іс
жүзіндегі әрекеті саласында өзін еркін сезінуге тиіс. Ол ойлау мен іс-әрекеттің африкалық
формасын, сәйкес африкалық аймақтағы тәжірибелік жұмысты қай жағынан тиімді
пайдалану керектігін білуге тиіс. Және ол өзінің тәжірибелік зерттеулері арқылы мәдени
өзгеріс орын алған типтік жөне маңызды салаларды қамтуы керек — Ранд және мыс
белдік, шіркеулер мен соттар.
Типтік кестені құруға қатысты кейбір ескертулер
Осы уақытқа дейін біз І - кестедегі принциптерді талқыладық. Енді біз типтік кестені және
оны пайдалану әдістерін назарға алуға тиіспіз. Оның мазмұнымен, сондай-ақ оған тон