Қазақстанның ашық кітапханасы
25
6. Ішіне еуропалықтың мақсаты мен жергілікті тұрғынның мүдделері енетін ортақ фактор
(немесе оның жоқтығы) түсінігі өзгерістің басты және негіз қалаушы факторы ретінде.
Ортақ фактордың бар болуына немесе жоқ болуына — қақтығыс бола ма әлде әріптестік
(мәміле) орнай ма, дезинтеграция орын ала ма әлде келісім және бірігіп даму бола ма —
осы жағдайлар байланысты.
7. Африкалық трайбализмнің өміршеңдік принципі және сол өміршеңдікті туғызған
жағдайлар:
in situ
ескен мәдениеттің ішкі қуаты; еуропалық сыйлықтар мен
құрбандықтардың талғампаздығы; африка батыс өркениетінде лауазымды орындарды
иеленуге мүмкіндік бермей, оны кері тайпалық тамырына итеретін нәсілдік кедергінің
салдарлары.
8. Жаңа ұлтшылдық: тайпалық, аймақтық, африкалық.
II кесте
Әдіс ережелері
1. Әрбір мәселені шешуге үш жақтан келу керек. Кестеге еуропалықтардың ниеттері,
өзгеріс феномені мен африкалық трайбализмнің деректері енуі мүмкін — құбылыстың
әрбір тобы жеке тік бағанаға енеді.
2. Осылайша зерттелетін және үш айдармен /рубрика/ берілетін мәліметтер бір-бірімен
байланысты болуға тиіс, ал бүл үшін белгілі бір бағанаға жазылатын жазба өзге
бағаналардағы
сәйкес
мәліметтерге
қарама-қарсы
орналасуға
тиіс.
Кестені
ұйымдастырудағы бүл әдіс еуропалықтар, африкалық және өзгерістер туралы — әрбір
жеке мәселе бойынша. мәліметтерді корреляциялауды білдіреді.
3. Бағаналар әрқашан қатаң тәртіпте орналасуға тиіс: еуропалықтар туралы мәліметтер
бірінші бағанада, африкалық туралы — соңғысында, ал өзгерістер туралы — ортаңғы,
себебі мәліметтердің соңғы тобы бізге екі шеткі бағаналар арасында өзара байланыстың
нәтижесін береді. Тәжірибелік жұмыста және сараптамалық тұжырымдамаларда
көрсетілген үш аспектілер арасындағы динамикалық өзара байланысты көрсетеді.
Практикада болса, бақылау мен теория осы үш мәдени аспектілер кез келгенін бастапқы
ретінде ала алады.
4. А бағанасында әрбір еуропалық күштен немесе ұйымнан (әкімшіліктік, миссионерлік,
кәсіпкерлік немесе қоныс аудару) шығатын түрлі әдістемелер көрсетілген. Олармен біз
африкалық трайбализмнің сәйкес факторларын салыстырамыз; өзгерістер бағанасында
олардың өзара әрекетін зерттейміз.
5. Кестеге ережелерді, тыйым салатын институтты, оның саясатының принциптерін
немесе діни немесе магиялық қозғалыстардың негізгі нанымдарын енгіземіз. Содан кейін
институттың әлеуметтік аспектілерін, оның экономикалық және техникалық жүзеге
асырылуын көрсетеміз. Ережелерді, тыйым салатын институттарды, сондай-ақ еуропалық
немесе туземдік институттардың саясатының немесе қозғалысының көрініс табуын
бағанаға енгізу кезінде ресми көрсетілген қағида мен дәстүрлі фразеологияны ғана емес,
олардың іс жүзіндегі мәдени қызметін назарға алу керек.
6. Жалпы факторды анықтау — А және В бағаналарындағы мәліметтердің сәйкес келуінен
автоматты түрде көрініс табады. Орталық бағанадағы өзгерістер туралы барлық
мәліметтерді орналастыру жалпы Фактор түсінігінің бірінші кезектегі маңыздылығына
сәйкес болып табылады. Жалпы фактордың саясаттың немесе қозғалыстың негізгі