Page 20 - МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
20
Шапер да нақты ой айтады. Оның байламына, мәдени қарым-қатынастарды талдау
мәдениеттің бастапқы қалпын және әртүрлі заманда оған ықпалын тигізген күштерді
білуді қажет етеді. Бірінші қадам ретінде ол ежелгі мәдениеттің сахнада европалықтар
пайда болғанға дейінгі картинасын (мүмкіндігінше максималды түрде) қайта жасауды
ұсынып отыр; бұл қайта жасауды жүзеге асыру үшін қолда бар әдістің ең жақсысын
қолдану керек. Екінші қадам — байланыстың сипаты мен тарихын зерттеу, оған тек қана
оқиғалардың хронологиясы мен институттарын ғана емес, оған қоса дәлел - дәйектер,
мүдделер және тұлғалар типтерін зерттеу де енетін қарым-қатынастардың тарихы мен
сипатын зерттеу болуы қажет. Үшінші қадам, жергілікті мәдениеттегі қандай да бір
ерекше элементтерін, мысалы, діндегі өзгерістермен түсіндіруге ұмтылу немесе ерекше
элементтер немесе факторлардың әсерін талдау жолымен болуы кере <...>.
б) Салыстырмалы әдіс
Салыстырмалы әдістерді түрлерін екіге бөлуге болады. Біріншісі — бастапқыда бірдей
немесе ұқсас мәдениеттері болған, бірақ қарым-қатынас әртүрлі уақыт мерзімінде өткен
топтардың зерттеуін қамтиды. Бұл жердегі мақсат, мәдениеті ең үлкен өзгерістерге
ұшыраған топтардың қазіргі қалпына келу жолында қандай жағдайлардан өткенін түсіну.
Екінші салыстырмалы әдіс шын мәнінде әлі де айтарлықтай бір жүйелік қолдануға түсе
қойған жоқ. Әртүрлі аккультурациялық, жағдайлардың бұл салыстырулары қарым -
қатынас жағдайларына қатысты ортақ жәйттерді анықтауға арналған. Шынында да,
көптеген түрлі аккультурациялық жағдайларда ұқсас процестер мен нәтижелер аз емес.
Осы әдістің түйіндемесін Херсковиц керемет берген. Бірақ әлі де нақты салыстырмалы
талдау жетіспейді. Фортес айтқандай мәдени қарым-қатынастың салыстырмалы
әлеуметтануы қажет, "онсыз біз әлеуметтік өзгерістердің себептерін түсінуге ешқашан да
үміттенбей-ақ қоялық".
в) "Элементтердің тізімі" және холистік әдіс
Осы екі әдістің арасындағы айырмашылық толық түсіндірілмеді. Британдық
антропологтар, негізінен функционалды әдісті ұстанатындықтан, мәдени тұтастықты
зерттеудің маңыздылығын атап және кейде мәдениеттің сегменттерін, бөлшектерін
зерттеудегі талпыныстарды сынап отыр. Соған қарамастан, олар былай қарағанда
мәдениеттің
фунционалды
өзара
келісімділігі
жайында
ex
cathedra
деген
мәлімдемелерімен шектеліп, бұл сауалға мойын бұрмай отыр. Бірақ, мәдениеттер тұтас
зерттеле алатындай әдісті әлі ешкім де көрсете алған жоқ. Херсковицтың айтуынша,
Парсонстың Митлаға арналған зерттеуі сияқты көптеген маңызды зерттеулер мәдениет
әлдебір қырын бөліп алу немесе оны құрамдас элементтерге бөліп тастау арқылы
жасалған. Малиновский ұсынған әдіс іс жүзінде мәдениеттің элементтерін бірінен кейін
бірін санамалаудан тұрады. Ол институттарды бірінен кейін бірін санамалау қажеттігіне
тұрып алғанда, ол Парсонсқа қарағанда ірірек фрагменттерді атайтынына қарамастан, бұл
да мәдениеттің уақыттық фрагментациясы әдісі. Бұл мәселе сандық көрсеткіштердің
саналуының талқылауына байланысты ерекше маңызы арта түседі.
Жеке адамның рөлі және психологиялық
әдістемелер
Бұл жерде негізінен екі бөлек мәселе жатыр. Біріншісі оз тамырымен аккультурацияның
механикасын зерттеуге кетеді және не донорлық, не қабылдаушы (реципиента)
мәдениетке жататын жеке адамдардың рөлінен байланысты. Мысалы, Хантер қарым-