Қазақстанның ашық кітапханасы
21
қатынас агенттерін және тұлғаларын (бұл жерде мәселе ашық бағдарлар мен мінез-құлық
паттерндері туралы) түсінудің маңыздылығын талқылап отыр.
Турнвальд та, осыған ұқсас, аккультурация агенттерін және олардың дәлел - дәйегін ғана
емес, оларда қарым-қатынас нәтижесінде болатын өзгерістерді де түсінудің қажеттілігін
атап отыр. Америкалық ғалымдар өткізген саны жоқ зерттеулердің ішінде жекелеген
адамдардың басқа мәдениеттермен қарым-қатынасқа түскендегі роліне айтарлықтай назар
аударылып отыр. Әсіресе, бұл қайта қалпына келтірілген және аборигендік культтерге
арналған жұмыстарда көрінеді.
Тұлғаның құрылымын және оның аккультурация жағдайларындағы өзгерістерін зерттеу
басқа типке жатады. Бұл бағыттағы ең ынталы және жүйелі автор, шамасы, оның
жұмыстарында — жалпы психологиялық процестердің кең талдауынан бастап жүйелілік
деңгейі өте жоғары проективті әдістемелер қолданылған зерттеулерге дейін бәрі көрінген
А.Халлоуэл болды. Мәдениет пен оның жеке алып жүрушілер типтері арасында байланыс
бар екен деген бастапқы нұсқаудан шыға отырып, зерттеулердің көбі тұлғаның мәдени
қарым-қатынас жағдайындағы ауқымы мен өзгеру жылдамдығы сондай-ақ мәдени
өзгерісті қабылдау не бас тартуға арналған болды. Осы мәселеге арналған көп, бірақ түрлі
әдебиет "мәдениет және тұлға" бағыттағы әдебиетпен тығыз байланысты. Бұған қоса,
психологиялық мәселелер және ерекшеліктерді шығару үшін жеке құжаттарды зерттеу,
аңыздар мен өлеңдерді қолданатын зерттеулер біршама қызығушылық тудырады.
Әлеуметтанушылар да бұл мәселеге белгілі бір деңгейде, әсіресе, құрылымдық - қызметтік
талдауға байланысты назар аударды. Кейбір әлеуметтанушылар (мысалы, Мертон) мен
антропологтар дәлел - дәйектің тәуелсіз мәртебесін көп жағдайда ауыспалы
психологиялық немесе тұлғалыққа жатқызды; бұл көзқарас Дюбуаның жұмысында қатты
сыналған. Басқалар болса, әлеуметтік мәдени және психологиялық ауыспалы өзара
байланысын 362 мәлімдеумен шектелді. Бұл мәселеге байланысты жуырдағы еңбектердің
ішінде Спидлер мен Голдмидттің "Мәдени өзгерістің тәжірибелік зерттеу жобасы" атты
мақаласы өте маңызды, онда авторлар әлеуметтік және психологиялық ауыспалы бөлек
шығарып және олардың өзара байланыстарын зерттеудің әдісін суреттеген.
д) Лингвистикалық аккультурация
Тіл мен мәдениеттегі өзгерістердің ұқсастықтарының мойындалғанына көп болғанымен,
бұл мәселеге байланысты нақты зерттеулер өте аз жүргізілген. Джордж Херцог, Эдвара
Спайсер, Джин Бассет Джонсон және Дороти Дилер 1941 және 1943 жж. Солтүстік
америкалық үндістердің тайпаларындағы тілдік аккультурацияның нақты мысалдары
қарастырылған мақалаларын шығарды. Жуырда Джордж Баркер осы мәселені АҚШ-та
тұратын мексикандықтардың мысалында зерттеді.
Қазір шыққан барлық мақалаларда алғашқылық сипат бар да теориялық байламдары тым
аз. Жалпы алғанда, негізінен өзгерудің әлеуметтік мәдени және тілдік факторлары
арасындағы
байланыс
атап
көрсетілді.
Лингвистикалық
зерттеулер
бізге
аккультурацияның сандық көрсеткіштерін бере алады деген болжамдарға қарамастан, бүл
зерттелу саласы байыпты дамыған жоқ және осы тұста барынша болашақты болып
көрінетіндіктен де аталып отыр.
е) Негізгі мәдени процестерді анықтау
Процестердің анықталуы аккультурациялық зерттеулердің теориялық түп мақсаты
болғанына қарамастан, қандай да бір соған теңдес жинақтаулар жасауға мүмкіндік беретін
аз көлемді ғана эмпирикалық зерттеулер бар. Бұл жұмысты негізінен американдық