Page 19 - МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
19
тұрғындарын зерттеу әдістерінде қолда бар тарихи материалды барынша пайдаланады.
Латын америкалық көптеген дала зерттеулері туралы да осыны айтуға болады. Мысалы,
Сола Таксаның "Конкиста жәдігерінде" және т.б. әртүрлі арнайы мүдделері бар бірақ,
Орталық Америкаға деген мүдделері ортақ ғалымдардың арасында үнемі тарихи
нұсқамалар пайда болады. Келіспеушіліктің негізі тарихты қолданудың өзі емес, зерттеліп
жатқан мәселенің түрі және сондай-ақ тарихи деректерді қолдану деңгейі мен әдісі сияқты
әсер қалдырады. Әдебиетте, әсіресе Малиновскийдің жұмыстарында тарих —
ғалымдардың емес көнеге құмарлардың ісі, деген байлам жиі кездеседі, алайда біраз
жағдайда мұның астарында бар болғаны тарихи мүдделердің "қолайсыздығын" білдіру
ғана бар.
Британдық авторларда, америкалық авторларға тарихи зерттеулердің табиғатын
түсінбеушілік немесе бір ғасыр бұрынғы эволюциялық әдістерге еліктеу сияқты әлденелер
бар. Мысалы, мисс Мейр бұдан бұрын да үзінді келтірілген шығармасында тарихи
түсіндірмелер "әдетте эволюцияның гипотетикалық барысын анықтауға бағытталған және
бізді үнемі деуге боларлықтай жаңылдырады" дейді. Осындай көзқарасын Фортес те
білдіріп отыр:
"Мен, қазіргі жағдайды, гипотетикалық тұрғыдан "тың" тайпалық мәдениетке қарсы қоя
отырып, болған фактор орайында түсіндіретін ретроспективтік әдістің шектеулі екенін
көрсеттім". Бірақ, бүл біздің тарихты әлеуметтік деректер көзі ретінде қабылдамауымыз
керек деген соз емес. Әлеуметтік өзгерістерді зерттеушіге өзгерудің бүкіл кезеңі деректе
верифицирленетін тарихты ештеңе ауыстыра алмайды. Алайда "топан суға дейін "тектес
тарих нақты мәселеде, атап айтқанда: мәдени қарым-қатынас мәселелері бір бөлігі ғана
болып табылатын әлеуметтік өзгерістердің себептері қандай?" дегенге айқындық бере
алмайды.
Сонымен қоса ол ертеректе былай деп те жазды:
"Негізінен, бұл әдіс, уақыт жағынан кеңейтуді, тұрақты түрде көпжылдық бақылау
жасауды немесе әлеуметтік өзгерістер себептері туралы барлық деректерді жинау үшін
белгілі уақыт аралықтарында қайта бақылаулар өткізуді талап етеді. Бірақ, шамасы, бұл
идеалға кейбір антропологтар ғана жетуге мүмкіндігі бар; және осы жерде пайда болатын
бос кеңістікті нақты деректе тарих толтырады".
Вагнер бұдан да нақтырақ айтады:
"Біріншіден, жергілікті (туземдік) мәдениеттің қарым - қатынасқа дейінгі сипатын
мейлінше айқын анықтау қажет. Екіншіден, қарым-қатынастың әртүрлі қырларының
сипатын анықтау қажет. Үшінші мақсат қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасқан қазіргі
мәдени процестің функционалды талдауы болады. Қарым-қатынас процесін барынша
толық білу... тек қана осы үш әдісті пайдаланған жағдайда ғана мүмкін. Зерттеудің
өткізіліп жатқан кезінде деректе және осы процесс бастау алатын қондырғыны және оны
қозғалысқа түсіретін және қолау көрсететін жан-жақты көптеген себептерді еске
алмайтын талдау екі ортада қалады. Мұндай талдау мәдениеттің бөтен ықпалға
реакциясын түсіндіретін мәселенің мәнін жіберіп алады. Реакцияны, реакцияға түсетін
және сол реакцияны шақыратын нәрселерді зерттемей, жеке - дара зерттеуге болмайды...
Қарым-қатынас процесінің басталу нүктесін табу үшін қарым-қатынас процесінің
бастауыш алу міндетті, тіпті, үнемі қажетті де емес... ол қарым-қатынас әсерлері
жиынтығының алдында өтетін жағдай ғана болуы керек".