Қазақстанның ашық кітапханасы
18
а) Тарихи деректердің және тарихи әдістердің
қолданылуы.
Қазіргі кезде тарихи деректерді және тарихи әдісті қолдану тұтастай алғанда мойындалып
отыр, оны тіпті функционалдық мектеп ғалымдары да мойындап отыр.
Мысалы, Ричард былай жазады: "Алайда, нақты айтатын болсақ, қоғамның "шын мәнінде
оз міндетін атқаруын" зерттеу дегеніміз не? Африканың көпшілік аймақтарында мәдени
өзгерістердің тез өтіп жатқаны соншалықты, антропологтар болып жайттарды
зерттемейінше, қазіргіні зерттей алмайды. Осы серияның алғысөз мақаласында мисс Хан
жазғанындай: "кез-келген мәдениет тек қана оз тарихи контекстінде түсініле алады, ал,
зерттеліп жатқан мәдениет бір буынның өмірі бойы революциялық өзгерістерге ұшырап
жатса, тарихи контекстің салыстырмалы маңызы, мәдениет қозғалыссыз (статикалық)
болған жағдайдан орасан зор болады". Сонымен, қандай қарама-қайшылықты болса да,
"ескілік заманға" шешімді түрде бет бұрған антропологтар "тарихтың" ұлы құндылығын
бағалап отыр.
<...> Мисс Мейрдің ойынша, тарихи заңдылықтардың зерттеулерінің оншалықты
құндылығы болмайды және өзгерістердің жалпы нәтижесін, тәуелсіз жергілікті (туземдік)
жүйенің күн кешуін бақылау мүмкін болатындай "нөлдік нүктеден" бастап зерттеуге
шешуші маңыз береді. Мисс Мейрдің нені айтып отырғанын интерпретацияландыратын
болсақ, ол алдыңғы қатарға зерттеулердің теориялық маңызын емес, тәжірибелік маңызын
шығарып отырғанын есте сақтауымыз керек.
Малиновский өзінің сызбалық таблицасына "қайта құрылған өткен шақ" бағанасын
енгізгенімен, тұтастай алғанда, зерттеу процесіне тарихты қосуға мүлдем қарсы болды. Іс
жүзінде ол "қайта құрылған өткен шақ" туралы емес, "есте сақталған өткен шақ" туралы
айтқан еді. Соңғысының маңызды екеніне ешкім пікір таластырмайды, бірақ қазіргі кезде
тіпті оның шәкірттері де Мейрді сынауда оның өзіндей соншама алысқа сермеуі екіталай.
Мысалы, ол былай дейді: "Қайта қалпына келтірілген өткен шақпен тәжірибелік кеңес
және теориялық түсіну орайында жұмыс істейтін этнограф, тәжірибедегі адам алдынды ең
болмады дегенде "бұзылған тауар" сияқты көрінеді". Малиновскийдің тарихқа деген
қарсылығы (тарихтың оның өзінің түсінігіндегі рөлі мен орнына оның ешқандай
қарсылығы жоқ), оның ғылыми емес екендігін терең сезінуден пайда болды, бір жағынан -
оның ғылым мен тарих туралы ерекше түсінігінен, екінші жағынан — мәдени
өзгерістердің тек қана еуропалықтармен байланыс нәтижесі ретінде анықтауынан.
Мысалы, 1929 жылғы жұмысында ол, өзгерістер тек қана европалық мәдениетпен болатын
қарым-қатынастан шығатыны туралы пікірін тікелей айта білді. Әрине, Малиновский іс
жүзінде олай ойлаған жоқ, өйткені диффузия және басқа контекстегі өзгерістерді көп
атады. Дегенмен, оның ойында европалық ықпалдың аспекті үстем болды, солайша
Мейрдің мәдени өзгерістерді зерттеулерді нөлдік деңгейден іздеу ұсынысына қарсы шығу
негіздері пайда бола бастады. Малиновский негізінен нөлдік деңгей дегенді мәдени
өзгерістің басталу сәті деп түсінеді. Бұдан европалықтармен қарым - қатынасқа түскенге
дейін ешқандай мәдени өзгеріс болмаған және нөлдік деңгейді европалық мәдениетпен
болған алғашқы байланыстың заманына жатқызу керек, деген екі ұдай ой туады; ал
мұндай көзқарасты ұстанғандар өте аз. Мейр болса, егер мен дұрыс түсінсем, нөлдік
деңгей ретіңде, өзгерістердің ерекше сериясын зерттеуден алғанда қолда бар мәліметтер
және жағдайда ең жақсы және қолайлы болып табылатын сәтті алуды ұсынды <...>.
Кейбір далалық (полевые) зерттеулерде, әсіресе, аккультурацияның америкалық
зерттеушілерінің жұмыстарында тарихи деректер келген, сәті түскен әрбір жағдайда
қолданылады Херковицтің және басқа да ғалымдардың екі Американың да негр