Қазақстанның ашық кітапханасы
17
4. Психологиялық тетіктер (механизмдер).
Бұл жерде авторлар жеке адамдардың рөлін
және табы, рөлі, мәртебесі, сонымен қатар жеке тұлғалық айырмашылық мәселелерін
қарастырады.
5. Аккультурацияның нәтижелері.
Олар қабылдау, яғни басқа мәдениеттің айтарлықтай
бөлігін игеріп алу және мінез - құлық стереотиптеріне және жаңа мәдениеттің
құндылықтарына бейімделу ретінде анықталады; адаптация, яғни, бастапқы және
қабылданған элементтерді гармониялық тұтастықпен бірлестіру немесе белгілі бір
жағдайлармен күнделікті тұрмыс-тіршілікте әлдебір жағдайларға байланысты өлшеніп
көрілетін, бір-біріне қарама-қайшы келетін бағдарларды сақтау; реакция, көптеген қарсы
аккультурациялық қозғалыстардың пайда болуы және алдыңғы қатарда психологиялық
факторлардың пайда болуы.
Бейтсонның мақаласында осы жобаны аздап сынау бар; сынның мәні мынада: негізгі
мәселелер анықталып шығарылмайынша, категория жүйесін белгілеуге қандай да
ұмтылыс жасау тым ерте. Сондай-ақ Бейтсон, ескертпені әкімшілік органдар тарапынан
қойылған талаптардың шектен тыс ықпалына түскен деп біледі. Ол "аккультурация"
терминінің мағынасын өзіне — бір мәдениеттің аясындағы дифференцияланған
топтардың арасындағы қарым-қатынастарды, тіпті, баланың мәдениетті меңгеруін де
(әдетте психологтар зерттейді; біраздан бері көптеген авторлар оны мағына үшін
"инкультурация" терминін пайдалана бастады) қоса отырып кеңейтуді ұсынады. Одан әрі,
мәселелердің жиынтығын, мінез-құлық, психиатрлық және функционалды терминдердің
комбинациясы арқылы көрсеткісі келеді. Осы сызбадағы кейбір нәрселер қызығушылық
тудыратынына қарамастан, іс жүзінде ол тәжірибедегі аккультурациялық зерттеулерге
мейлінше аз ықпалын тигізді.
Малиновскийдің "Мәдени қарым-қатынастарды зерттеу әдісі" мақаласы шын мәнісіне
келгенде аналитикалық мақсатта жасалған мәліметтердің механикалық ұйымдасуы болып
шыққан. Малиновский ұсынған негізгі айдарлар (рубрикалар): (А) ақ нәсілдердің
ықпалдары, мүдделері және пиғылдары; (Б) мәдени қарым-қатынастардың процесі және
өзгерісі; (В) сақталатын дәстүрлі формалар; (Г) өткенді қайта қалпына келтіру; (Д)
африкандық реинтеграция мен қайта жауаптың жаңа спонтанды күші. Малиновскийдің
басшылыққа алатын пікірлері жөне мысалдары оның функционалистік әдісіне дәлме-дәл
келеді; сонымен қоса ол "қайғы қалпына келтірілген өткен шақ" категориясын енгізе
отырып заман процестеріне де тиісінше мон береді. Малиновский теорияның дамуы үшін
тәжірибелік зерттеулердің құндылығын барынша атап баса көрсеткенімен, "әдістің" өзі
тікелей Африкаға және әкімшілік - отарлау мәселелеріне бағытталған.
Линтон мен Рамос негізінен Редфилд, Линтон және Херсковицтің бастапқы сызбаларының
негізгі қағидаларын дамытатын түсіндірмелер ұсынды. Рамостың схемасы барынша
қарапайым, өйткені, оның ішінде бастапқы құжаттағы жазылған ережелердің көбі
шындық ретінде қабылданады. Екі автор да, екі түрлі болса да, негізінен психологиялық
факторларға назар аударып отыр.
Формальды ескертпелерден немесе зерттеу сызбаларынан басқа, аккультурациялық
зерттеулердің әртүрлі қырына бағытталған көптеген түсіндіретін де және бұлжытпай
қабылданатын да ұғындырылма берілді. Келесі параграфтарда мен теориялық және
қолданбалы зерттеулерді, келесі айдарларға (рубрикаларға) бөліп шолуға тырысамын:
(а) тарихи деректердің және тарихи әдістердің қолданылуы, (б) салыстырмалы әдіс, (в)
"элементтердің тізімі" және холистикалық әдіс, (г) жеке адамның рөлі және
психологиялық әдістер, (д) аккультурацияның лингвистикалық зерттеулері, (е) негізгі
мәдени процестер және (ж) сандық көрсеткіштердің индексі.