Қазақстанның ашық кітапханасы
16
типті мәдениеттердің қатысы бар жағдайлармен шектелмеуі керек деп айтуға болар еді,
бірақ, шын мәнісінде европалық типті мәдениеттер қатысты емес жағдайларды табу өте
қиын. Соған қарамастан зерттеу пәнінің, әсіресе аккультурацияның екіжақты сипаты,
оның ассимиляция мәселесімен байланысы, сондай-ақ осы терминнің бір мәдениетке
жататын топтар арасындағы қарым-қатынасты және мигранттық топтарды зерттеуге де
қатысты талдануының қаншалықты заңға сыйымдылығын қайта зерделеу жүріп жатқаны
анық.
Әдіс мәселелері
Аккультурацияны зерттеудегі әдіс мәселелері негізгі екі категорияға бөлінеді: формальды
түрде ұйымдастырылған ескертпелер немесе зерттеу сызбалары және жекелеген
мәселелердің өзекті зерттеулермен үйлескен жалпы сараптамасы. Бірінші категорияда біз
әртүрлі авторлармен берілген, алты типті зерттеу сызбасын табамыз, олар: Турнвальдтың
сызбасы, Редфилд, Линтон және Херсковиц ескертпесін, Бейтсон, Линтон, Малиновский
және Рамостың зерттеу үлгілері.
Жеке адамның ролін баса көрсететін тақырыбына қарамастан, Турнвальдтың мақаласында
ең алдымен процесс аспектіге басты назар аударылады.
Оның ішінде біз қазір барлық аккультурация зерттеушілеріне мәлім келесі пункттарды
атап көрсете аламыз: функциялардың өзгеруі; әртүрлі мәдени сипат алу аясының
түрлендір; элементтерді таңдаудың қарым-қатынас шарттарынан біршама тәуелділігі;
дәстүрлі маңызды детерминант топтардың өзара әрекеттестігі; жаңа сипаттарды
бейімдеудің күтпеген салдарлары; қарым-қатынасқа — белгісізді толық күшпен алудан
бастап ешқандай сынсыз қабылдауға дейін, толық ассимиляция және жаңа мәдени
құрылымдардың пайда болуына дейін жауап қату деңгейі.
Редфилд, Линтон және Херсковиц ескертпесі толығырақ қарастыруға тұрарлық. Төменде
біз осы құжаттың, ең маңызды пункттарымен шектеле отырып, қысқаша мазмұнын
береміз.
1. Анықтама.
Жоғарыда ол туралы айтылып кетті.
2. Мәселе әдістемесі.
В айдарында (рубрикасында), "Зерттеуде қолданылатын әдістердің
талдауында" біз "тікелей бақылауды", "аккультурацияланған топтың мүшелерін
интервьюлеу
арқылы,
жуырдағы
аккультурацияны",
"құжаттық
дереккөздерді
пайдалануды", "тарихи талдау және тарихи қайта құру негізінде алынатын
дедукцияларды" да көре аламыз. Осылайша, авторлар аккультурациялық зерттеулердің
құрамдас бөлігі ретінде тарихи әдістемені қолданатындарын жақсы білген.
3. Аккультурацияны талдау.
Осы тақырыптың ішіне авторлар қарым-қатынастар
түрлерін, жағдайлар мен болуы мүмкін процестер нақтыланатын тақырыпшаларды
енгізген. Бірінші екі айдарға (рубрикаға) кірген сауалдардың ішінде мынадайлары бар:
қарым-қатынас тек сұрыпталған және жекеленген белгілі мәдени топтардың арасында
болады ма; қарым-қатынастар сипаты қандай — тату және ынтымақты немесе қас па;
топтардың көлемі және құрылым күрделілігінің айырмашылығы қандай; күш қолданыла
ма; топтардың ара¬сында тендік немесе теңсіздікке орын бар ма. Авторлар "процестер"
деп мынаны түсінеді: элементтердің іріктелу реті, мәдени элементтердің берілу тәсілі,
жаңа құбылыстарға қарсы келу және оның себептері, соған қоса, қабылдайтын мәдениетке
кіретін жаңа сипаттардың интеграция тәсілі; сондай - ақ уақыт, жаңа элементтерді
қабылдау салдарынан шығатын жанжалдар, және бейімделу процестері сияқты
факторларды ескеру ұсынылып отыр.