Page 89 - МҰХТАР ӘУЕЗОВ. Мақалалар, зерттеулер ІІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
89
Осы кемшілікпен жалғас болып, өлең ішіндегі көңіл күйі де, суретті ырғақ тынысы да
тарандап кетеді. Орысшасында жалындай маздап, шарқ ұрып тұрған сөз келісімі, мынада
жүдендеп кетеді. Соны сезген аудармасының тең түсе алмағанын байқаған кейбір ақын,
осыдан соң барып, қазақша қат-қабаттаған құр шешен сөзге өктейтүні де бар екен. Бірақ,
бұл сөздердің ия үнділік жағынан, ия жеке мағына жағынан сырты сұлу болғанмен,
Пушкин жолының сезім сырын шеше алмағандықтан бос шығын сияқты тұратыны да
болады.
Сондықтан аудармада бірен-саран кемшілікті шешен сөзбен бастырып жіберген деген
әдістен де қашқан лайық. Мұның бәрінің түп себебі Пушкин жолдарын шала ұғынудан
туатын болса, ең алдымен асықпай, үстірттік қылмай, орысшаның мағынасын ұғынумен
қоса, сезім ырғағын жете ұғынып, көкейге қондырып алу керек.
ҚЫРҒЫЗ ДАСТАНЫ — "МАНАС"
Жақын арада (декабрьдің аяқ кезінде) Пронзыда қырғыздағы ауызша әдебиет белгілерінің
ең зоры — "Манас" жайында бір үлкен жиын болып өтті. Жиылыстың шешпек
мәжілістері ең әуелі Манасты қырғызша, орысша бастырып шығару жайы, сонымен қатар
Манас жөніндегі ғылыми зерттеу, тексеру мәселелерін анықтау еді.
Бұл жиын соңғы жылдарда ұлт республикаларында болып жатқан, әр елдің фольклор,
дастандарына арналған жиындардың ішіндегі ең бір көрнекті, мағыналы, ірі жиылыс
болды деп айтуға болады. Ең алдымен Қырғызстандағы совет мәдениет-өнер мәселелеріне
және ескі тарих мұраларына айрықша көңіл бөліп, зор баға беріп, күнделікті ірі басшылық
етіп отырған опком хатшысы жолдас Исакеев, Кіндік атқару комитеті бастығы жолдас
Оразбеков және опкомның ірі сектрлерінің бастығы жолдас Жұмағалиев, Ақылшинов
жолдастар бұл жиынға басынан аяғына шейін қатысып отырды. Жиылысқа ғылым,
мәдениет орындарының көрнекті білімпазы профессор Юдахин
1
, профессор Поливанов
2
,
Батманов
3
және Мәскеудегі көркем әдебиет баспасының өкілі — Кантр, онан соң
Қырғызстанның ірі, белгілі ғылым, мәдениет қызметкерлері Тыныстанов Қасым
4
, атақты
ақын Аалы Тоқамбаев сияқты жолдастар қатынасты. Мәжіліске жоғарыда айтылған ірі,
басшы адамдардың қатынасуы "Манас" жайында соңғы жылдарға шейін анықтап
шешілмей келген бірталай мәселелерді саяси салт-саналық жағынан да, ғылыми-
көркемдік жағынан да анықтап, берік етіп, дұрыс қып шешуге себеп болды.
Біздің қазақ оқушысының көпшілігі Манастың құр ғана атын есіткені болмаса, шын
жайын білмейді. Бұған қазіргі күнде Қырғызстанда партия мен үкіметтің, барлық басшы
жұртшылықтың өте зор көңіл бөліп отыруының себебі не? Оны түсіну үшін Манастың
өзге елде жоқ зор ерекшеліктерін еске алу керек.
Манас ең әуелі өзінің көлемімен, молдығымен бір ерекше көрінеді. Қырғыздағы атақты
Манасшы, шын "Жомоқшы" бұны тұтас алты ай бойында жырлағанда зорға тауысады
екен. Бұрынғы жырлану мөлшері күйектен қой қоздағанға шейінгі мезгіл дейді. 1923
жылмен 26 жыл арасында үш жыл бойы сол Манасты ең соңғы ірі жомоқшының бірі
Нарын қырғызы Сағымбай Оразбайұлы, мұғалім Әбдірахманұлына ауызша айтып
отырып, түгел жазғызып шыққан. Манастың ең алғашқы рет қағаз бетіне түсуі осы. Бұдан
бұрын ылғи жомоқшылардың арасында, есінде ғана сақталған.
Бұған қосымша: Былтырғы жылдан бері қарай Қарақол қырғыздың ішінен тағы бір ірі
Манасшы жас жігіт Саяқпай Қаралаев деген ақын шығып
5
, енді міне екінші жыл бойында
соның варианты жазылып отыр. Сағымбай жырлап шыққан Манастың кітапша көлемін
алсақ, ол 500 беттік кітаптан он том болады — өлең жолының саны 260 мың. Және
соншалық ұзақ бойында әңгіме бірде бір жерде қара сөзге ауысып, өлең желісін үзбейді.