Page 87 - МҰХТАР ӘУЕЗОВ. Мақалалар, зерттеулер ІІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
87
айрықша келісті деген өлендерін тандап, аударып келеді. Біздің ақындарымызда
Пушкинге көбірек көңіл бөліп келе жатқан Ілияс
6
пен Тайыр
7
және соңғы уақытта —
Ғали
8
. Ілияс аударғандар: "Жебрайылнама", "Чаадаев", "Сібірге хат", "Қара бұлт".
Тайырдың аударғаны: "Кавказ тұтқыны", "Цығандар" және уәдесіне жетсе — "Мыс салт
аттыны" аудармақ. Бұл соңғы аталған үш нәрсе мен "Жебрайылнама" — Пушкиннің
көлемі үлкен, көркем поэмалары деп саналады. Дәл соңғы кездерде осыларға қосымша
боп Ғали жазған: "Ескерткіш", "Қабырымның қақпағында" деген аудармалар бітіп отыр.
Бұл саналған аудармалардың қалпы қандай екенін тексеруді Абай аудармасынан
бастайын.
Абай Лермонтов, Крыловтың жақсы аударушысы болса да және орыс классиктерінің
Лермонтов үлгісіндегілеріне шын шебер аударушы бола алатындығын көрсетсе де, дәл
Пушкин тұсында сондай еңбек етпеген сияқты. Пушкиннен оның жалғыз байқап көргені
"Евгений Онегин" болса, Абай бұл шығарманы "Татьяна — Онегин" ғып әкетеді.
Пушкинде Татьяна мен Онегиннің бір-бір хаты бар да, тағы екі рет ауызекі жауаптасуы
бар болса, Абай осы төрт кездің барлығын да хат қып алады. Ол торт хаттың ішінде
Пушкиннен шын аударылған жері — Татьянаның алғашқы хаты. Содан басқа үш кездің
үшеуін де Абай Пушкиннен аудармайды, соның сағасымен өзінше, Пушкиннен өзгеше
өлеңдер жазып кетеді. Қыз бен жігіттің арасын, мінез-құлықтарында Абай Пушкиндікінен
бөлек етіп, опасыз жігіт етпей үлгілі жігіт, биязы қыз шығарды. Сүйіссең осылай сүйіс
деген нәтиже шығармақ боп Пушкин шығармасының қонысын да, құбыласын да өзгертіп
жібереді. Сондықтан тілдегі теңеулерінде де:
"Қаймақ еді көңілімде"
"Бізге қаспақ болды жем", —
деген сияқты Татьянадай француз романын бойтұмар қып жүрген помещик қызына қазан
қырғызып, қаспақ жегізіп қояды. Абай Татьянаның алғашқы хатының тұсында өзінің
Пушкинге жақсы аударушы бола алатындығын көрсетсе де, анығында "Евгений
Онегиннің" аударушысы болмай, өзгертушісі болып шығады. Сондықтан, әрине
Пушкиннің бұл шығармасы аударылды деп санамай, бастан-аяқ қайта аудару керек
9
. Және
Абайдың бұл тұста қолданған әдісін теріс деп білу керек.
Пушкинге екінші жанасқан ақын Шәкәрім болса, ол "Дубровский" мен "Боран" деген екі
әңгімені алған да, қарасөзбен жазылған прозалық шығармаларды, жаппай өлеңмен баян
етіп кеткен. Мұнда, әрине, Пушкиннің құрғақ әңгіме желісі ғана болмаса, басқа оның
қарасөздері тіл кестесі, үлгі-өрнегі түгелімен ескерусіз боп, сыртта қалған. Қара сөзді
әңгіме басқа тілге өлең боп құбылып түскен соң онда, әрине, Пушкиннің тамтығы да
қалмайды. Сондықтан бұл сияқты "аударманы" да лайықты әдіс, орынды үлгі деп айтуға
келмейді. Бұл екі шығарма да қарасөзбен қайтадан аударылуға тиіс
10
.
Алашорда жазушылары өздерінің салт-саналық, ұлтшылдық сарыны бойынша, Европа
жазушыларын қазақшалаудың орнына, қазақыландырмаса көңілдері көншімейтін. Мұның
мысалы, Бөкейхановта өте көп. Бөкейхановтың Ленин еңбектерін аударғанда салт-
саналық қаскөйлігінен басқа, оның сол кездерде Толстойды аударған
11
істерінде де
Толстой ат-тонын ала қашарлық "өрнектері" болушы еді.
Мұндай аударма жазушының айтамын дегеніне тілмаш болып, қазаққа өзімше түсіндірем
деп, ойға келген зорлығын істеген, әзірге қазақыландыру болатын. Жазушының тың теңеу
есебінде айтқан сөздерін, өрнегін, қазақтың көпке мәлім болған, сонылығынан айырылған
мақал-мәтелімен аудару.