Қазақстанның ашық кітапханасы
76
жұмысшының қайсысын алсаң да, бәр-бәрінің соңғы жылдардағы еңбегі, бейілі,
табыстары, өсулері — барлығы да бір жағынан ылғи Жанай атына байланысты. Жанайдың
өмірбаянын айту осындай көп отряд боп өзгеріп, өсіп келе жатқан кеңес кадрларының
табыстарын айтпай, тола болмайтын сияқты. Көпке өзі тарап жайылған, көптен өзін
тапқызатын, танытатын талантты ұйыстырушының өмірбаяны боп шығады.
Міне, Ақжалда 30 жыл еңбек еткен, бұл кеннің Изотовы
5
кәрі бурщик Бокин
6
. Оның
өндірісте 30 жыл болғанын құрметтеп, арнап жақсы пәтер салдырған; оның мамандығын
арттыру үшін бір инженерге қосақтап, жалпы сауатын арттыру үшін қазақ мұғалімін
міндеттендіріп, мәдениетті жұмысшы кып шығармақ боп отыр Жанай. Бокин Ақжалдағы
партия тәрбиесі арқылы өзін партиясыз большевикпін деп санайды.
1909 жылдан бері Ақжалда істеген, бүгіндегі ударник крепильщик Нысанғали
Қарауылұлы
7
: "32-жылғы асыра сілтеуде Сібір жағына кетіп ем, 33-жылы Бәкең келген
соң, өндірісті қайта кеп таптым. Бұл күнде 3 бөлмелі пәтерім бар. Тұрмысым бұрынғы
қазақ ғұрпындай емес. Жерге отыру, киіз төсенуді қойып, үстел, орындық, кірауатқа
8
ауыстырдым. 34-жыл Ақжалдың жоспары толу үстінде бәйге алған ударниктің бірі — мен
едім", — дейді.
Ақжалдың өзінде туып, өзінде өскен соңғы жылдардың ішінде майданға шығып, нық
өскен жаңа адамның бірі — бүгінгі партком хатшысы Ырғызбайұлы Ахметжан
9
. Мұның
осы, бергі жылдарда түлеп, өзгеруінің саты-сатысын айтса.
Жанай тәрбиесі, Жанай басшылығының бір ерекше жемісті нәтижесін көресің.
Ахметжанның өз аузымен сөйлегенде, мұның бұрынғы Ақжалға белгілі аты "хулиган"
екен. Ақжалда "кейде жұмысшы, кейде оқушы болып жүріп, артынан профсоюз ісінде
жүрсем де, Жанай келгенше өзім де өспедім, тындырып іс те істемедім. Жанай келіп,
менің тәртібімді қолына алғанда, әуелі бір кішкене ячейкеге хатшы қылып, өзі жетекке
алды. Күнделік істеріме маслихат беріп, нұсқаушылық етуден басқа кітап оқып, сол
оқығанымды талқылап, түсінуіме жәрдемші болды. Бұрын партия жиылысына әзірленбей
барушы едім де, жолдастар мен көтерген мәселеге белсене қатыспаушы еді. Бұл жөнде әр
жиылысқа әзірленудің жолын үйретті.
Әлі күнге шейін жеңе алмай келе жатқан бір кемшілігім — өзімнің еңбек күнімді тәртіпке
сала алмай келем. Жанай бұл жөнде де баулиды. Соның үлгісімен қазір таңертең
тұрысымен сол күні істейтін істерімді жазып, ойлап, алдын ала екшеп алам. Бұрынғы бір
қатам — барлық іске өзім шапқылаушы ем. Қазір Жанайдың ақылы бойынша көп іске
активті тартатын болдым", — дейді.
Жанай өз өмірі, өз басы туралы өте сараң сөйлейді. Ол өз еңбегі, өз табысы дегеннің
барлығы, көптің табысы, көптің еңбегінің жемісі дейді. Өзім сүйттім деудің орнына ылғи
өзі өсірген адамның пәлендей іс еткенін көңілдене, шаттана айтады. Өз жайынан оқта-
текте айтқан бірен-саран мағлұматтарына қарағанда, мұның өз басы құмды, шөлді
даладан, жабайыға жақын бақташы Адайдан
10
шығып, рушылдықты, көшпенділікті, құба
қалмақ заманын басынан кешіріп, ғасырлар шөлін жеңіп өтіп, дүние пролетариатының
ұлы партиясының сыналған, көрнекті активінің бірі болып отыр. Көрген мен бастан
кешкен күйлердің жаңағыдай ішкі шетін алсақ, өктәбір болмаса әншейінде ата, бала,
немере сияқты бірнеше буынның көрген-білгенін алсаң да мұндай көп шалқар дәуірлерді
аралаған болмас еді.
Бұрын істеп көрмеген, жаңадан кеп баурап алған алтын кенін, барлық өндіріс түрлерімен
болжап қарап, кейде алтын айыру ісіндегі әлі айықпай жүрген шалағайлықты қатты