Қазақстанның ашық кітапханасы
75
Поэманың тілі мен бар стилі, оның аса бағалы идеалы ішкі мазмұнына сайма-сай шыққан.
Өлеңнің сыртқы кескіні үнді, мүсінді, сергек, саңлақты келген.
Поэманың әсем суреттері — ақ аюдың мұздың үстінде жүргендегі ішкі сезімінің
құбылыстары; солтүстікке түскен сәуленің суреті, Шмидттің жан сезімі мен ойлары және
басқа бірсыпыра жерлері.
Поэманың бұл қалпындағы бірден-бір, елеулі кемшілігі — оның аяқ жағының жете
тиянақталмағандығы секілді. Екі аюдың арасындағы әңгіме болған күйінде толық
айтылып кеткендіктен, әр түрлі аңдардың және аюлардың жабайы нәрселерін аса
бажайлап, егжей-тегжейіне шейін қазбалап кеткендіктен, поэманың басы мен
ортасындағы жалпылап теңеген, көркем суретті жерінің әсерін бәсеңдетеді. Олардың
арасындағы әңгімені кәдімгі бар аюдың әңгімесі етпеу керек еді, поэманың бүкіл сюжетін
бастанаяқ екі сарынды, көркем суретті пәлсәпәмен бастаған күйінде аяқтап шығу керек
еді. Бұл мүлтік жойылса, поэма басынан аяғына шейін мүсінді, көздеген нысанасына тура
жеткен терең, көркем шығарма болар еді.
БАЙМҰҚАМБЕТҰЛЫ ЖОЛДАС
Оның аты — сол өңірдегі ең атақты, ең даңқты аттың бірі. Алтайдың қай өндірісін
араласаң да, сол атқа құлағың көбірек қанады.
Өз өндірісіндегі барлық жұмысшылар оны "Бәкең" дейді. Баймұқамбетұлы деген
фамилиясынан өзгерткен сыйлау аты; немесе "Жәке" дейді, өз аты Жанайдан өзгерткен,
еркелетер үлкейте айтқан атаулары. Гражданин пар-торг! — деп. сөйлеседі, айдалып
келген шораяқ
1
бір кәрі граф
2
.
Жанайдың майданы — атақты "Ақжал". Боз қараған, боз көде, ақ селеу басқан бір адыр.
Жанай енбегін осы жым-жырт сары адырдың бір ғана желсіз, тымырсық сайы баян етеді.
Бұлақсыз, суатсыз шол адыр бұрын қыс қыстау, жаз қоныс боп та көрген емес. Жалғыз-ақ
анда-санда өрістен шыққан қой келсе, соның соңынан өгіз аяңмен мимыңдаған ұйқылы-
ояу қойшы тарихтың ғасырлық шөліне қамалған қазақ еңбекшісінің көйгөйін, мұңды
сарыны, даланың шабан желіне жар етуші еді. Бүгін сол сайда, кешегі қойшы-қолаңнан
құралған, Жанай бастаған коллектив социалдық өндірістің аммонол
3
, перператорын
4
сүңгідей сермеп, меңіреу адырдың тас жүрегін тілгілеп жатыр. Өгей ана сараң даланың
тас емшегі азаттық алған, бағыт тапқан еңбектің тау тамырын жүлгелей салған шеңгеліне
шыдамай, алпыс екі тамыры иіп, уыз алтынын тамшылата бастады.
Осындай ескі тарихпен есеп айырысып жатқан еңбектің бір басшысы — Жанай. Оның
өндірістегі басшылығы туралы Ақжалдың бүгінгі өнімі сөйлейді. Бірнеше жыл бойында
жоспар толтырудан қалып, 32, 33-жылдарда жабылуға жақындаған Ақжал Жанай
келгеннен бері қайта серпілді. 34-жылы Ақжал жоспарын толтырып шықты. Биыл жарым
жылдық жоспарды мезгілінен көп бұрын бітіріп, енді жылдық жоспарды Қазақстанның 15
жылдық мерекесіне қарсы бітіруге "Балажал", "Құлынжүн" сияқты алтын сауыры қалың
жатқан паң кендермен социалдық жарысқа түсіп отыр.
Жанай еңбегінің бір саласын 33-жылдан бері қарай түзеле бастаған жұмысшы күйі баян
етеді. 800 жұмысшының үйінде биылғы жазға қарсы 700 сиыр пайда болған. 90 сиыр, екі
жүз қойды тағы үлестірмек. Белгілі асыра сілтеу кезінде өндірісті тастап, тарап кеткен ескі
жұмысшылар қайта ағылып кеп жатыр. Жұмысшы балаларына арналған 600 бала оқитын
орта мектеп, жұмысшыларға арналған клуб, кино, үй басы орнатылған радио, орталық,
өлкелік газет, журнал, кітапханалары — осының барлығы да Ақжалдағы партия
басшылығының айғақтары. Сонымен қатар Ақжал кеніндегі барлық цехтағы көрнекті