Page 59 - МҰХТАР ӘУЕЗОВ. Мақалалар, зерттеулер ІІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
59
рационалшылдар 60 жылдарда өз елдерінен қашып шығып, Парижге орнаған Жәләлиддин
Ауғани, Мұхаммет Ғабдуһи еді. Соңғысы Мысыр арабтарының жаңашылы болатын. Кезі
келіп өріс ала алса, әлеуметтік жұмысқа ру мен ауыл шегінен шығып, мемлекеттік
масштабта араласса, Абайдың шындап тоғысатын кісілері осылар мен Хайым Насирилер
болар еді. Ол Абай — қазақ қоғамының буржуаздық жолмен өсуіне ат салысқан Абай
болар еді. Осыған жетпесе де ескіден аяқ кезде сытылып шыға бастады, сол жаңағыға
қарай бой ұра бастаған Абайды біз ақынның Европаға қараған жүзінен байқаймыз, көре
аламыз.
Осы айтылғандай, рационалшылдық пен салт-сана, ой-өнер жүзіндегі жартылаған
жаңашылдыққа бейім болмаса Абайдан Европа жағасының белгілерін көре алмас едік.
Жәләлиддин Ауғани мен Мұхаммет Ғабдуһи Европа капиталының ортақ шабуылына
қарсы панисламдық ұранды бастай жүріп, өздері Париждегі масондар ложысына мүше
болған.
Абай Будды жәйін оқи келе
13
:
— Шіркін, Буддының сөзі қалай терең еді, жас шағымда кез болмады-ау, — дейді.
Миссионер Сергей поппен мәжілісі жарасып, кең әңгімелеседі. Сүйте отыра, Дарвинде
кісіні құлатып ап кетерлік күш бар екен, бұған дін қазығыңды мықтап алмай, соқтығу
қатер екен дейді. Осыларының барлығына қарағанда баласы Әбдірахман өлгенде айтқан:
Жаңа төлдің басы ол,
Мен ескінің арты едім, —
деген сөз әншейін өзінің жасы ұлғайып қалған кәрілігіне ғана сілтей салған сөз болады.
Шынында, Абай феодал ішіндегі либерал топтың өкілі Пушкиннің либерал ақ сүйектер
өкілі болғаны сияқты бұл да өз қауымының өзінше бөлек біткен ерекшеліктерін ала
келген, феодалдан буржуаздық дамуға қарай бой ұра бастаған таптың басы сияқты
болады. Мұны Шығыс жағасын кездіріп, сүздіре келіп, Европа жағасына тағы қонақтатып
жүрген де осы ерекшелік, осы жағдайы.
Батыс жағасына келгенде Абай көбінесе өз іргесін бермеуге тырысады. Бұл жақтан мұның
алдына тартылған тың жаңалықтың барлығын талғап-талғап қана ала алады. Дүниеге
оның көзін ашқан Михаэлис, Грос, Долгополовтар халықшылдық, патша үкіметіне
қарсылық сияқты өз бағыт, талаптарының ешқайсысын Абай дарыта алмайды.
Заманындағы патшалық үкіметіне қарсы арналған саяси-әлеуметтік, мемлекеттік пікірлер,
көзқарастар Абайдан ныспы білінбейді. Бұқарашыл, төңкерісшіл ақын-жазушылар
Чернышевскийдей саяси, салт-саналық басшылардың да ешбір пікірін алмайды. Көз салып
құнттамайды.
Пушкин, Лермонтовтар, Крыловтар сарынына қарай бой ұра береді. Онда да
ешқайсысының атағына жығылмайды. Мәдениетті жұртшылық түгел қостаған, даттаған
Пушкинге Абай өз басын кем санамай тең санағандай болып, "олай айтпай, бұлай айтса
нетер еді" деген кісіше, аз ғана бой-күйездікпен бұрылады. Татьяна Онегинге өз сөзін, өз
түсінік, теңеулерін қосып:
Қаймақ еді көңілімде
Бізге қаспақ болды жем, —
деп, немесе