Қазақстанның ашық кітапханасы
58
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және сүй "хақ жолы" деп әділетті, —
дейді де:
Осы үш сүю болады имани гүл,
Иманның асылы үш деп сен тахқиқ біл, —
деу арқылы надан молдалардың үгітінен жырақтап шығып алып:
Руза, намаз, зекет, хаж — талассыз іс,
Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс.
Бастапқы үшін бекітпей соңғы төртті
Қылғанменен татымды бермес жеміс, —
дейді. Мұнысы өзі тұтқан исләм дінінің негізін сыншы ақылмен, санашылдық
пәлсапасымен, мораль (мінезділік) пәлсапасымен сұрыптап аламын деген рационалшы
ойшылдың ісі. Абай діншілдігінің түп қазығы, негізгі сыпаты осы. Осындай "молда
айтты", "кітап айтты" дегенде қалта қарап тұрып қалмай, әр жағынан түбіне үңіле
қарайтын тімтінгіш ой:
Өзгені ақыл ойға қондырады,
Біле алмай бір тәңіріні болдырады.
Талып ұйықтап, көзіңді ашысымен
Талпынып тағы да ойлап зор қылады, —
дейді. Бұл арада қараңғы сопылар көзінде Абай күпірлік жағасына да жақындап қалады.
Шеттігіне іліне барып, қайта оңалғанда айтатыны:
Көңілге шек — шүбәлі ой алмаймын,
Сонда да оны ойламай қоя алмаймын.
Ақылдың жетпегені арман емес
Құмарсыз құр мүлгуге тоя алмаймын, —
дейді.
Мұнда Шығыс ойшылының бірталай күнәкәр қылатын күдіктері көрініп тұр. "Бес парыз",
"Иман, тағдыр" деп ой сананың бәрін тұмылдырықтап, тұмшалап тастайтын исләмнің
тігіс-тігісі ыдырай бастап, бір талай сауыты жыртыла бастайды.
Абай имам Ғазалидей сыншы мұсылман ұя бұзар діндарға ұсай бастайды
8
. Діні әрі-
беріден соң Ғайса дініне де жақындап, өзінше ақыл діні бола бастайды
9
.
Осы жайлары қара сөздерінде де айқын көрініп отырады. Міне, Шығыс жағасына,
Абайдың барлық тұлға мазмұнына орнаған поэзиялық, ой-саналық іргелері осындай. Аз
нәрсе емес, үстіңгі бір жамылышы ғана, бір қабат жұқа қабыршақ қана емес. Көңіліне
орнаған терең тамырлы бұйымдар. Абайда Батыстан кірген белгіден көрі Шығыс белгісі
басымырақ, нығырақ, Батысқа келгенде ол арқасын Шығысқа, ақылмен қорытып алған
мұсылмандыққа нық тіреп алып келеді.
Сонымен, өз тұсында, XIX ғасырдың екінші жарымында, Шығыс ілімінде майданға шыға
бастаған жаңашыл, рационалшылдар дін реформашылдарының шеніне араласады. Абай
татардан шыққан Хайым Насири
10
алдындағы Шиһабиди Мәржаниді қостайды
11
. Бұл
екеуі мен Смағұл Ғаспиринскийдің алдында
12
мұсылман ғаламынан шыққан