Қазақстанның ашық кітапханасы
57
Тазарған жанмен құдайыңды, иеңді танисың деген сопы ақындардың махаббат пәлсапасы
бұл арада екі ұдайсыз, шіркеусіз ашық көрініп тұр. Соған орай тілдегі — "зұлым", "бек
бітті", "ләззәт", "шәрбәт", сияқтылар қиыстырылған.
Бұлардағы ұйқас пен ырғақ та өзге қазақы өлеңдей емес. Осы өлеңге арнап ақынның бәйт
күйіндей күй шығарып, қырлап өзгеше сөзбен айту да еске аларлық нәрсе. Мұны әсіресе
"Желсіз түнде жарық ай", "Қызарып, сұрланып" немесе "Айттым сәлем Қаламқаспен"
салыстыра қарағанда ерекше боп көрінеді. Шығыс жағасының осылардан басқа бір таласы
Абайдың діншілдік өлеңдерінен көрінеді. 1894 жылы жазылған:
А, құдай бере көр,
Тілеген тілекті, —
деген сияқты, немесе:
Алланың рахметін,
Яр тұтып әр неге
Әррәһман ол атын
Үйреткен жүмлеге, —
деген өлеңдері баласы Әбіш ауырып жатқанда айтылған сыйыну, дұға, жалбарыну сөздері
боп шығады. Бұлардың тұсында Абай — мұсылман. Мұсылман құдайына табынған "ғаси
бәнде" өлеңі, дәрмен кеткен қарт көңілдің намаз артынан күңіреніп айтып отырған
мінәжаты, сынық, кішік көңілдің қоңыр үнді дұғасы сияқты сезіледі. Бұл Абай басына
келген соқпа күн емес. Көңілдің сынып, жабығып отыратын әлде қалайы да емес. Өмірінің
қысталаң шағында айтылған шыны. Дәл бұл жері ақын шығармаларында жарыққа
шықпай, айтылмай, ашылмай да кете баруы мүмкін еді. Бірақ, басына келген кезі мен халі
ішкі пердесін осы арада аша кеткен. Сонда ақын мен діндармын, мен иланушымын деп
отыр.
Бірақ, осының бәрімен қатар Абай фанатик те емес, мұсылманның көп молда, көп кітабы
даттаған фанатик, схоластик дінді ұстанбайды. Шығыс жағасынан алған нәрдің бәрін
Абай өз ақылымен, сыншы, ойшыл ақылымен, бірақ, әрине санашылдық жолымен өзінше
қорытып алады. Бұған кірген бұйымдардың басы исләм діні, онан соң Шығыс поэзиясы
және мұсылман ғылымының ілгері-соңғы ғұлама философтарының сөздері болады.
Мысалы, 1895 жылы "Ылай суға май бітпес қой өткенге" деген өлең жазады. Мұнысы
жаңа алланың өзі де рас, сөзі де рас... деген қорытынды өлеңі — ақынның діни философия
ретімен сөйлеген сөздері сияқты. Сонда басы ашық:
Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ
Құран рас, Алланың сөзі дүр ол, —
немесе,
Тәуиліне жетерлік ғылымың шақ, —
деп,
Алланың, пайғамбардың жолындамыз
Ынтамызды бұзбастық иманымыз... —
деп қатардағы көп діндар, көп мұсылманның бірі екенін даусыз, айқын көрсете отырып,
солармен қатар: