Page 56 - МҰХТАР ӘУЕЗОВ. Мақалалар, зерттеулер ІІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
56
Басы осы. Содан әрі балалық күннің еліктеу үлгісін тастағанмен, өмірінің ақырына шейін
Абай осы жағадан қол үзбейді. Абай ақындығының ішінде Шығыс арқауы ұзыннан ұзақ
тартылған желідей болып созыла келіп, ең ақыры 1902 жылы жазылған "Алланың өзі де
рас, сөзі де распен" аяқтайды. 1902 жылы Абай өлеңін сарқып кеп толғантқан жылы.
Сондағы көрген түбі жаңағы өлең. Бұл мұсылман дүниесінің ортасынан шығып, өзінше
бастап, өзінше таныған ақынның бір алуан "Көкей кестісі". Шығыс поэзиясы, исләм діні
деген сарынның Абай шерткен құлақ күйі соңғы аккордын осылайша қайырады. Біз ұзын
желінің екі шетін алдық. Арадағы тұрғы-тұрғыларын атап өтейік. 1887 жылы "Масғұт"
пен "Ескендір" әңгімелері жырланады.
Тегі, Абай әңгіме-жыр жазбаған, оны бұның шәкірті есепті болған ақындар ғана қолға
алады. Абай өзі:
Батырды айтсам ел шауып алған талап,
Қызды айтсам, қызықты айтсам
қыздырмалап.
Әншейін күн өткізбек әңгіме үшін,
Тыңдар едің бір сөзін мыңға балап, —
деумен әңгімелі жырды өзіне өзі рұқсат етпейді. Бірақ, сонымен қатар жаңағы екі жыр
бар. Және "Мың бір түннен" "Әзімді" өлең қып шығады. Бұнысы мұсылман дүниесінде
жайылған сөздердің қазақ оқушысына ғибрат боларлық, үлгі мәжіліс боларлық мысали
өсиет айтам дегеннен шыққан. Арун Рәшид халифа заманы
7
мен "Шаһнама" уақиғаларын
алу — құр "қызық әңгіме айта салайыннан" тумаған.
Содан әрі 89-жылы "Қор болды жаным", 91-жылы "Көзімнің қарасы" жазылады. Бұл
өлеңдердің тұсында алғашқы ғаруз уәзінімен жазылған шағатайша бәйттердің жотасы
қайта көрінеді. Бірақ енді ақын Шығыстағы "Тассауып" (сопышылдық) поэзиясының
ұрығын, ішкі-тысқы үлгісін, негізгі сарынын терең түсіне бастаған. Сондықтан бұдан
былай олар үлгісін қорытып, өз ырқына көндіріңкіреп баурай алып қолданады. Өлеңі
қазақ ақынының өзі-ақ айтарлық сөздер тәрізденеді.
Бірақ, азырақ бойлай қарасақ, махаббатты:
Хор болды жаным...
Тағдырдан келген зұлым...
Бүгілді белім...
...Тағдыр етсе алла,
Не көрмейді пәндә, —
деген сияқты сөзбен жырлау Шығыстың "Тассауып" ақындарының үлгісі — "Ләйлі-
Мәжнүн" махаббатының үлгісі боп көрінеді.
"Көзімнің қарасындағы":
Сенсің — жан ләззәті,
Сенсің — тән шәрбәті,
Сұлуды сүймәклік —
Пайғамбар сүндеті, —
деген сияқты сарын да шығыстан келіп тұрған леп. Тақырып махаббат болғанмен не қазақ,
не Европа үлгісіндегі махаббат жыры емес. Сүйіспеншілікті тағдыр жазған, ол адам
жанын жуып, шәйіп тазартады. Денең қорлық көреді, зар шегеді. Сол арқылы жаның
тазарады.