Қазақстанның ашық кітапханасы
55
мыналар ортасынан, мыналар дүниесінен бөлегірек бір тұлғалар өзіне қарай бой
ұрғызады. Жақсы жайлау. өзгеше бір қоныстың шеті тартады. Навои, Шәмси, Сәйхали
аттарын атап кеп: "Мәдет бер, я шығари пұриат" деп қыстығып "мәдет" тілейді. Аналарға
"айғай ақыны", тартушы, деуші ақын деп өзінше ат қояды. Сенеді. Үлгі ұстаз қылмағы да
солар. Араб, парсы түрік әдебиетінің талайын шарлап тастаған бала ақын жаңағыларға
еліктеп ғаруз уәзімі, мәд уәзімімен бәйт, жыр жазады.
Иузи раушан, көзи гәуһар
Ләһилдек бет үшін әһмәр... —
жыры сол күнгі іздену нәтижесі. Тілінде араб, парсы көп. Өзі танысқан Навои, Хұсайын
Байғара, Бабур, Мұхаммет, Салиқ сияқты Шағатай ақындарының ізін қуалай бастау.
Алғаш талпынудың бұраң жолы өз тілінен, ана тілінен қашандатып әкетеді. Сұлуды
Шығыс поэзиясының салтымен мәдихтау
2
. Бұл тілде ғана емес, өлеңнің ұйқасын да,
ырғағын да билейді. Жаңағы өлең қалыпты "рубағи" төрттік
3
. Алғашқы үш жол бір
ұйқасып, төртінші жол келесі төрттіктің төртінші жолымен ұйқасатын өлең үлгісі. Қазақта
жоқ, араб, парсы үлгісі. Жыр ішіне кіретін "иузи", "көзи" деген сияқты бірен-саран түрік
сөзі болса, оның айтылуы да басқаша. Араб, парсы поэзиясының әсері түрік топырағына
көшкенде бұл тілді көндіруді дағды қылған.
Осы халыққа сынсыз бой иген жас ақын Абай да "көзі", "жүзі" деудің орнына "иузи",
"көзи" деп майсандайды
4
. Бұл өлеңнің бәйт ретімен
5
("бәйт" деп өлеңнің екі жолын, екі
мисырағын айтады) жіктесек, ғаруз уәзімінің
6
париғалатун париғлат "схемасында": —
мұғағылиын, мұғағылиын, мұғағылиын мұқпалаған болады. Бізше 16 буынды бәйт.
"Үтір мен асты-үстілі жазу да бар,
Болуға асты-үстілі көнсең өзің", —
деген қазақы әзілмен айтып тұрса да, анығында жаңағы еліктеу белгісі боп шығады.
Сырты он бір буынды, қазақы төрт жолды асқақ ұйқас болғанымен де, бұл өлең де ғаруз
өлеңмен жазылған: Уәзімі: "мұфағалин, пағулән".
Бұл кезде Абайдың шағатай поэзиясына таза еліктеу ретінде ілеспек болған талабын
көрсетеді. Онда тақырып, тіл, ырғақ, кейде ұйқас және теңеу, салыстыру суреттерінің
(көзлі гәуһар сияқты) бәрі де өз төркіні кім екенін танытып тұр.
Шығыс жағасынан Абай ағынына құятын бір саласы — тұңғыш саласы осындай. Тегінде
кітапшалаған, сиыр жорғa жыр қазақ поэзиясына жалғыз Абай тұсында кірген жоқ,
ЬІбырай, Албан Асан, Мәшһүр, Ақан сері сияқты Арқа — Жетісу ақындары және әсіресе
Сыр — Түркістан ақындарынан Шортанбай бастаған Шәді, тағы басқа көп ақынның
шығармаларында бұл әсер көп. Соның көбінде араб, парсының өз сөздері көрінуден басқа
қазақтың "дейдісін" — "дейди", "көрдісін" — "көрди" сияқты қып созғылау көп болған.
Барлығының екше ізі сол жаңағы шағатай арқылы дін хиссалары немесе "Шаһнама",
"Жүсіп — Зылиқа", "Ләйлі — Мәжнүндей" дастандар арқылы кірген ғаруз уәзіміне
барады. Қазақ әдебиетінің көлеміндегі ғаруз әсерін тексеру және соның бір жағын Абайға
да тірей тексеру әдебиетшілердің алдындағы бір соны проблема.
Абайға келгенде жаңағы айтылған өлеңдер өзінің Шығыстық тұлғасын өзгертпейді. Абай
аузында бұның қазақ ақыны екенін білдірмей, танытпай тұратын нәрселер болады.
Қорытылмай, сұрыпталмай өз тәні бола алмай тұрған еліктеу — таза еліктеу.
Медресе түнінен саңылау іздеп, алғаш бұлқынғанда жас ақын Шығыс поэзиясына
осылайша шылбыр созады да, жаңағыдай жағаға бір соғады.