Қазақстанның ашық кітапханасы
54
Множество и разнохарактерность их, при всей важности каждой из них в отдельности,
идет часто не в пользу, а в ущерб литературной деятельности.
Отсюда – мало-продуктивность. А при таких условиях – мало оснований быть довольным
самим собою. К сожалению, пока – это наш быт и обусловливающий повседневность
факт.
АБАЙ АҚЫНДЫҒЫНЫҢ АЙНАЛАСЫ
Бұл мақалада біз Абай ақындығы туралы ертелі-кеш айтылып жүрген әр түрлі сөздерге, әр
алуан жайлардың көбіне соқпаймыз. Біз, көп тексеріліп зерттелмеген, сонылау бір саланы
ғана сөз қылмақпыз. Ол Абай ақындығының. Абай шығармаларының айналасы. Ақын өзі
көріп, сезіп өзі ойлап қорытқан өмір материалынан басқа әдебиет дүниесінен де көп
бұйым алады. Абайдан қалған мұраның ішінде көп оқушыға даусыз боп айқын сезілетін
сыртқы әдебиеттер белгілері бар. Ол Шығыс әдебиеттері мен Батыс әдебиетінен қосылған
белгілер. Екінші, бұдан бөлек, ақынның өз тұлғасы сияқты боп қалыптанған барлық
әдебиет мұраларынан: бұтақша таралып өсіп, жырыла шыққан тумалар бар — әдебиет
тумалары.
Қазіргі қарастыратынымыз осы екі жай. Көлденең тұрып көз жіберсең, бұл ақынның
шығармалық еңбегі ұзын аққан ағын су сияқты. Я Сыр, я Ертіс десек, соның ұзын арнасы
бірде қазақ жайлаған жағаны, бірде Шығыс елдері, не европалықтар қоныс қылған сағаны
сызып өтеді. Кейде тастақ, керіш арна мен көк шағыр мөлдір сулы Ертіс басындай боп,
кейде құмды сары топырақты еспе арнамен жылжып, Сырдың аяғындай құла түсті боп
ағады. Жолшыбай өзіне кеп құятын әр түрлі тың арналардың неше алуан суларын сіміре
барып, әр жерде өзінен де кейде көлшік, кейде өзен тармақ шығарып кете барады. Осы
айтылған жағырапиялық теңеу ақыннан қалған мұраның тарихи орын мәнін алсақ, көңілге
қонымды, үйлесімді теңеу сияқты көрінеді. Барлық Абай шығармалары Шығыс пен
Батыстың мәдени тарихи жапсарын, ой саналық шекараларын жүлгелей жүрген қазақ
даласының бір ағыны сияқты. Тағы бір теңеу, Абай бала күнінде екі шешенің қолында
қатар тәрбиеленгендіктен жеңгелері "Телғара" деп атандырған екен. Шынында, бұның
ақындық өмірі де өзіндік, қазақтық қалпынан басқа жаңағыдай екі жағадан қатар нәр алу
арқылы бір әдеби "Телғаралықпен" ерекшеленіп туған сияқтанады
1
.
Әрине, бұған қарап Абайдың өз пішіні — қазақ тұлғасы жоқ демейміз. Жаға — жаға да,
арна — арна. Ұлы арнасы мен жол арнасының түп-түбімен шығып жатқан қайнар көздер
— ақынның негізгі қазақтық тұлғасын құрайды.
Екі анаға тел болуда екеуінен нәр алу болғанмен соны өзінше қорытып, өзінше сіңіріп
пайдаланып отырып, бала денесі өседі... Жоғарыдағы теңеулерге бұл қосымшаны тіркей
отыру шарт.
Осымен Абай шығармаларының ішінен "мен мұндалап" атой беріп тұрған Шығыс-Батыс
ақындарына көз салайық. Әуелі Шығыстан бастаймыз.
Түн дүниесіндей тынысы ауыр схоластик медресесінде (Ахмет Риза имамның
медресесінде) болашақ ақынның оқу тәрбиесі басталады. Айналасы — басқа сәлде, үстіне
ұзын шапан киіп, көзді сүрмелеп, мұртты таңқита қиып, бес уақыт намаз, ораза, тарауық,
иптар арасында таспиық-шаһилил мен кер кеткен түндерін көріп, қайыр-ниязға құзғындай
таласатын: кәрі қалпе, қараңғы шәкірт, соқыр қазірет болады.
Сол күнде бұл ортаға ой-сезім, қиялдарының ешқайсысы бойсұна алмаған, қыр баласы,
жас талапкер дұғалық жаттаудың ара арасында өз бетімен тімтіне бастайды. Бала қиялын