Қазақстанның ашық кітапханасы
48
Жұмат пьесалары – "Арқалықтан", "Шахты", одан "Забой", Горькийдің драмаға .қойған
бір үлкен шарты: "Драма әсерлі, сюжетті, оқиғасы тығыз болсын" десе соны орындауға
талап етеді. Бұл қасиеттері – сахнада қызықты пьеса шығару Жұматтың қолынан келіп
жүрген іс еді. Соңғы кезде жазбай кетті. Кемшілігі Киршон атаған кемшілік: "Біз қалдың
драматургиясын тұлғалар драматургиясына қарсы қойсақ қателесеміз", – деген. Энгельс
айтқан шарт: "Кейіптік тұлғаларды кейіптік жағдайында көрсет", – дейді. Негіз осы. Бұл
жаңағы екі жайдың бірлікке кеп қабысуын шарт етеді. Жұмат драматургиясы – оқиға
драмасы. Бірақ, кейіп пен терең мінез драмасы емес. Сахнаға қызықты, жарық бергіш
оқиғалар көбірек керек боп тұрады. Бұл сыңаржақтық. Осы жай 28 жылдардан бастап
бірнеше жыл бойында Атығай, Қанабек сияқты театр айналасындағы жас жазушыларға
көп әсер етті. Атығай "Жорықты" жазады. Сахналық жағы қызық. Бірақ мазмұн сарыны
бұрынғы ұрылар әңгімесі сияқты немесе Америка (Түріктен) жарқ-жұрқы сияқты боп
сұйылып кетеді. Тіпті таптық-саяси мағынасы да сол "қызықтылықтың" қанжығасына
байланып кетеді. Қанабек екеуінің Зәурені жазуы (кинодан алып), панасыздарды жазуы
(тағы кинодан алып) барлығы да сол оқиға пьесасын қуудан туған. Бұл сыңаржақтық.
Театрлық сахналық жағдайды әсерлеу. Кассымен қабысу жолы. Сапа мәселесіне Бұл
қайшы, қата жол. Қанабек драмашылдықтың дұрыс жолына "Тартыстан" бастап ауысады.
Содан кейін "Колхоз үшін" шығады. Қазірде "16-жылды" жазып жатыр. Комсомолдарға,
балаларға арнап "Қарабай ауылын" жазды. Үлкен ірі пьесалардан аудармалар жазады.
Біздің актер, режиссер жолдастарымыздың драматургияға қатынасуы үлкен жақсылық.
Біздің көп пьесамыздағы ойындық (оқиғалық) жағы аз болатын кемшілікті бұлар сахнаны
жақсы білгендіктен айқынырақ көреді. Ашық түсінеді. Сол олқыны толтыра жазады. Бірақ
жоғарғыдай біржақты боп кетпесін. Олар көздейтін мақсатты социалды реализм
драматургиясы да көздейді. Бірінші негіздері осы болсын.
Жұмағали "Атаман Анохин" пьесасын жазды. Тақырыбы қызық, жақсы, зор мағыналы.
Тартысы да айқын. Бірақ оқиғаларының байланысы тығыз емес. Әлі шаларақ.
Ғалымның "Астық үшін күресі", Асқардың "Семафор ашығы", Тайыр Сағырдың "Қанды
талға", Ғұзайырдың "Заман заңы", Дүйсенбектің "Сұмдығы" тағы басқалар бар. Бұларға
Киршон еңбегі үлгі болсын. Әйтпесе кейіп шықпай жатыр. Тартыстары үстірт. Адамдары
көбінше схема, функция. Бірақ бәрі де өсетін күш. Жәрдем, әсіресе театр жәрдемі күшті
болу керек. Жазушы өз ойынан шығарған схеманы драма қылмай, өмірді көбінше оқып,
терең зерттесін, сол арқылы осы өмірдің кейіптік мазмұны қалай өзгерді, сонысын
шыншылдықпен топтап көрсетсін.
Драма театр біріміз де барымыз. Төңкеріс театры осы болмаққа керек. "Колхозшы мен
қазақ жұмысшысын төңкерістік бағытта тәрбиелейтін үлкен дүкен ең алдымен драма
театры", – деген Мирзоян жолдас сөзі ең дұрыс, ең терең баға. Сондықтан бұл театр
драматургиямен нық байланысты. Ол арқылы жалпы әдебиетпен тамырласып жатыр.
Бүгінге шейін еткен еңбегі де сондай тарихи, қоғамдық орны, рөлінен туған. Бірақ театрда
кемшілік көп. Ол әлі бірде-бір пьесаны ойдағыдай қып, төрт мүшесін түгел қып қойып
көрген жоқ.
Не режиссерлық жағы, не сюжеттік көрінісі, не актерлер ойыны олқы боп, аяғын үнемі
сылти басумен келеді. Төңкерістік пьеса, тарихи пьеса барлығында да солай. Негізінде,
театр репертуары төңкерістік репертуар болу шарт. Жақсы репертуар беруде біз
драмашылар шабанбыз, келістіре, ұқсата қоюда театр шалағай. Бірақ бұл театр жолын
қиын екенін де ұмытпау керек.