Page 47 - МҰХТАР ӘУЕЗОВ. Мақалалар, зерттеулер ІІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
47
шыққан ереуіл басы адамдардың үлкен кейпі берілмеген. Кедей, жетім-жесір және дулат
адамдары көңілге қонымсыз, үстірт алынған адамдар боп шықты. Көрушіні олар тарта
алмайды. Қайта пьеса арқылы көруші сол езіліп, қаналып жүрген көптің досы болмай,
олардың жауларының тілеулесі боп кетеді. Көрушінің көңілін сондайлық теріске бұрады.
Сырттан қарағанда дұрыс жақ боп көрінетін адамдар пьеса ішінде болымсыз, қонымсыз
арзан жамау сияқты боп тұр. Нәтижеде бұқара өкілдерін бұлай қып көрсету керексіз,
залалды іске айналып отыр.
Мен енді съезд үстінде жалпы әдебиет мәселелерімен қатар көтерілген осы сияқты сынға
қалай қараймын. Бұл жөнде ұсақ өзімшілдікті былай қойып, ашық, таза көңілмен айтарым:
сын менің салт-сана жүзінде түзеліп, дұрыстап өзгеруіме жәрдем ететін сын деп білемін.
Екінші, "Хан Кене" пьесасын түзетуіме де көмекші сын деп танимын. Сондықтан мен бұл
пьесаны түзеймін. Өзімнің бір қатемді түзеу есебінде істеймін. Түзеудің дәл өзіне
келгенде, жоғарыда айтылған негізгі мәселелер еске алыну керек. Бірақ, кәзіргі уақытта
мен пьесаның қайта жазылуы, өзгеруі қай түрде болатынын әлі таратып жоспарлағам жоқ.
Ендігі пьесаның негізі қай тақырып болмақ. Патша үкіметімен алысы ма, жоқ хандықтың
құлауы ма – бұл арасы әлі шешкен мәселем емес. Ол жайда сынның ұсыныстары да екі
жарылады (Ғабит пен Темірбек пікірлері). Әзіргі айтарым сол барлық жолдастар айтқан
негізгі, саяси мәселелерді еске алып отырып, осы тақырыпты төңкерістік тақырып
дәрежесіне жеткізуім керек.
Тарихты төңкерісшіл пролетариат тұрғысынан қарайтын, кеңес жазушысының әдісімен
көрсетуіме керек. Бұл тақырыпқа ендігі көзқарасым осындай болғандықтан, оның бұдан
былайғы оқиғасы, сюжеті – өз алдына соншалық үлкен, негізгі мәселе болмайды. Алатын
тақырып пен еңбекке төңкерісшіл жазушы боп бейіл беру жеткілікті. Одан арғысы көрсете
білудің шеберлігіне байланады. Горький капитализмнің дағдарысын, Булычевтың
баурында жатқан дерті арқылы көрсетеді. Кішкене тақырыппен аз ғана оқиғаның өзінде
төңкерістік бағасы зор, үлкен жиынтық көркем сурет дәрежесіне жеткізіп, өсіре көрсетуге
болады. Сол себепті ендігі сын маған: ана оқиғаны кіргізбе, мынаны кіргіз, пәленің алып
тастап, түгенін сал деген, немесе тақырыбы анау болмасын, мынау болсын деген
сияқтыларды айту керек емес. Ол сынның өзіне де жол емес, көп жерде қиын, тайғақ жол
болады. Және жазушыға да тұсау болады.
Жоғарыдағы негізгі жағдайлар айтылған соң енді қалай түзеу еркі менің өзімде болу
керек.
Осының бәрімен қатар айтатын бір қосымшам: пьесаның сахнаға қойылуы туралы. "Хан
Кене" пьесасы 1928 жылы жазылған еді. Биыл театрда қоярдан бұрын біраз жаңғыртылған
еді. Кейін, қойылып шыққанның артынан көрініп отыр: ол қоспалар көңілге қонбайтын
жамау ғана болды. Ол кезде осы қоспаны жеткілікті болар деп санауым қата боп шықты.
Мен "Хан Кене" пьесасын театрда ойнауға, Бұл күйінде жібермеуіме керек еді.
Репертуарға да кіргізбеуім керек еді. "Хан Кене" жайындағы ең соңғы мәселе, Темірбек
сынында келтірілген бір ұшқары жайға тоқтап өтпекпін. Ол "Мұса халық өкілі боп
көрсетіліпті – жазушының халықты жамандап көрсетуге алған кейпі Мұса" дегендей
қылады. Мысалға Кене мен Мұсаның сөзін келтіреді. Жоғарыдағы жалпы сынмен қатар
Темірбек сынында айтылған негізгі мәселелерді дұрыс деп білумен қатар айтарым: мына
жерде сын сыңаржақ кеткен. Тегінде, пьеса ішіндегі кейіпкер сөзінен тұп-тура
жазушының өз санасына қарай бірақ секіре беретін болса, онда сыншыға тайғақ жер көп
ұшырайтын болады. Хан сөзі жазушы сөзі болса, онда Кәрібоздың, кемпірдің, тағы
басқалардың сол ханды "елдің жауы, дұшпанысың" деп айтқан сөздерін. кімдікі деу керек.
Пьесада халықтың нашар көрсетілуі бар. Бірақ өйткенмен де Мұса халық өкілі емес. Бұлай
деп талқылау, сынның салмағын кемітетін сияқты.