Page 46 - МҰХТАР ӘУЕЗОВ. Мақалалар, зерттеулер ІІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
46
әрі пьеса, әрі опера. Театр негізі осындай ұлттық негізге құрылсын", – дегенмін. Шынында
"Қаракөз" бір жағынан осындай жүйені қалыптаған пьеса болып еді. Бұл пролетариат
әдебиетінің бағытынан тысқары, оған жат жол. Түр мәселесін негіздеп ұсыну.
Интернационалдық мәдениет пен совет театрының бағытынан қазақ театрын қашыртып,
аулақтату. Өзінің жекешелік, өзгешелігін негіз қылып, жалғыз соны ғана ұстану. Мұның
бәрінің түбі саяси себепке тіреледі. Ұлттық түр ғана мәселесі болмайды, ұлтшылдық негізі
болып шығады.
Мен сол жолдан кеттім. Кеткеннен бергі өзімді-өзім түсінуім қандай? Бүгінгі еңбегім мен
ертеңгі келешек еңбегіме қоятын шартым не? Ендігі жазушылық, әлеуметшілік міндетімді
қалай түсінем? Жұртшылық сынынан не күтем, оны бір мақалада былай ашып отырмын:
"Тақырыпта, әңгіме дүкенін құруда, тіл кестесінде жалпы суреттілік сапада айнала шапқан
мен "Еңлік—Кебек", "Қилы заман" маңында қала берсем – мінім, салт-санада,
суреттілікте, төңкерістік сапада үдеп дами алсам – ол қасиетім болмаққа керек. Менің
кеңес жағына шығудан бұрынғы шиырым жазушылығымның өзіне де қауіп еді. Ол
қоғамдық дағдарыс қана емес, өнер майданында өсу, ұлғаюдың да дағдарысы болар еді...
Ендігі жаңа негізге ауысуым мені тұйықтан шығарып, жаңа арнаға, қайнар өмірге,
қызықты өріске әкеп салды. Енді анда-санда ескі тақырыпта алсам да кеңес археологы
болып алуыма керек. Іштей, тыстай шалалығым болып сүрініп-қабынуым бола жүруге
мүмкін. Бұл қашар шақты қамдағаным емес. Шын беттеген соң сүрінбеуді өзіме нық шарт
қып қоямын. Бірақ, ойланған түсінікті "Бірақ секіріп келем" десем жалған айтқан болуым
мүмкін. Сондықтан пролетарка сынды көмекшім, өз денем деп ұғынғым, сезінгім келеді.
Сол сынға ең алдымен: міне, түзе, жетекте, жәрдем ет дегім келеді" дегенмін.
Осы жолдағы өз ісімнің тәжірибесі: "Октябрь үшін", "Тартыс", "Айман—Шолпан" әңгіме,
очерктерім және күнделік еңбегім.
Осымен қатар соңғы кезде біздің сынның көп көңіл бөлген нәрсесінің бірі – "Хан Кене"
пьесасы болды. Бүгінгі баяндамада мен бұған жауап бере кетемін.
Ең әуелі Сәкен, Ғабит, Ілияс, Темірбек жолдастардың бәрінің мақаласында бірдей
аталатын негізгі саяси мәселелердің басын қоса айтайын. Осы жерлерін теріп, жинап
айтумен қатар мен бұл сөздерді дұрыс айтылған сын деймін. Осыларды өзімнің зор саяси
қатам деп санайтынмын. Алдыңғы қатар жұртшылықпен бірге бұл жолдастардың
"пьесадағы үлкен айып" деп көрсеткен, мен мойындаған міндері мыналар:
1. Хан менен оның жақындары датталып кеткен. Қиялмен зорайтып қаһарман қып
шығарған. Пьесаның негізгі мақсаты – хандықтың құлауын көрсету болған да сол жайды
бүгінгі төңкеріс тұрғысынан көрсетпей, пролетариат бағытына қарсы, қайшы, жат боп
келетін тұрғыдан көрсеткен.
2. Кенесары атымен байланысқан тарихта, қазақ бұқарасының патшалық өкілетімен
алысқан қозғалысын Кене өз пайдасына, хандық құрып керегіне жаратпақ еді.
Ол көрсетілмеген, бүркеулі күйінде қалған. Бұқараның патша өкіметімен алысуы, жаңа
ханның елді сатуы көрсетілмейді.
3. Шын төңкерісшіл болған бұқараны көрсету, оның патшамен де, ханмен де алысқанын
көрсету, пьесаның ішінде теріс түрде қалыптанған. Осы арқылы бұқараның осы
жайлармен алысуы теріс мағынаға бұрылып, қисық көрсетіліп отыр.
4. Күш, көрік, қаһармандық бәрі де хан жағына ғана берілген. Сол хандардың сырын
ашып, қарсы қайрат көрсетіп әрі күшті, әрі көңілге қонымды боп тұратын бұқара ішінен