Page 36 - МҰХТАР ӘУЕЗОВ. Мақалалар, зерттеулер ІІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
36
ісіңнің жәйін жақсы білу шарт. Қоғам тұрмысын құру үшін алдымен сол қоғамның мән-
жәйін, айналасындағы табиғат мәдени қалпын жақсы білу керек. Басқа шартқа да
жергілікті мәдениетке өлкені үзбестен ұдайымен арымай-талмай аудара қарап, ақтара
тексеріп зерттеуге тура келеді. Міне осы жұмыстардан барып өлкетану деген қозғалыс
туады.
Өлкетану деген қашаннан өлке құру жұмысының бір саласы, сондықтан ол шынында
ертедегі мәдениет тарихында жуан орын тепкен жұмыстың бір саласы. Бұрын жұрт оған
көп назар салмай келіп, осы соңғы кезде ғана етек жәйіп өрісін кеңейтіп, біздің
тұрмысымызда ғана өлкетану мәселесі реттегі жұмыстың бірі болып қолға алынып отыр.
Осы күнгі өлкетану жұмысының ең маңыздысы сол өлкедегі халық шаруасын, өлкенің
өндіріс күштерін зерттеумен байланысты.
Бұлай болудың жөні де бар:
Осы күнгі социалдық тұрмысқа көшіп жатқан кезеңде қаланың да, ауылдың да
шаруашылық, саясаттық ниет құрылыстарын алдағы сатыға өткізу үшін айналадағы
жағдайды өте жақсы білу шарт.
Сондықтан өндірістің түрлерін зерттеу, қалада да, ауылда да сол өндірістің жалпы
жағдайларын зерттеп білу — осы кездегі екпінді мақсаттардың бірі; міні сол мақсатты
баянды шешіп тұрмыс жүзінде, іске асыру жөнінде өлкетанушылық өзінің тиісті орнын
алып, мойындағы міндетін атқару керек.
Мұныңмен қатар сөзде ғана емес, іс жүзінде де елдің шаруасы көтеріліп, ілгері қарай
дамып, алдағы сатыға жетуді мақсат қылып, шаруаны зерттеу керек.
Олай болғанда алдымен қажымай, талмай әр ауыл бірлестік шаруасын, кеңес шаруасын,
кооперативті, фабриканы, заводты, колөнерімен кәсіп қылатынды тағы-тағыларды зерттеу
керек.
Міні осындай жолға қойылған өлкетану жұмысы ғана жалпақ еңбекші жұртты бауырына
тартып, қалың еңбекшінің игілігіне айналдырып жіберіп, өлкетанушылық күшейіп, үлкен
қоғамдық салмағы болып шықпақшы.
Көзі ашық азаматтарын өзінің бауырына тартып, жәрдем иесі қылып алуында сөз жоқ.
Қазақстан өлкесі көп тексерілген.
Жерінің құйқасы, жәндіктері, өсімдігі, тұрғын халқы, кен байлықтары, жер-судың өзге
жағдайлары жайынан жазылған талай адамдардың еңбектері бар. Бірақ бұлар қазақ
жерінің байлығының, қазақ халқының ескі дәуірінің жүзден біріндей де болмайды. Қазақ
кедей жалпы үстемдігі дәуірінде тыныс алып, өзінің өткендегі тарихты мәдениетін жаңада
ғана қолы жетіп кірісіп отыр. қазақ жұртшылығы жуық алдағы жылдардың ішінде
ескіліктің сарқыншағынан тегіс айрылып, мәдениет қорғауға, социалдық шаруашылыққа
аяқ басуға өжеттікпен кіріп отыр. Қазақ жерінен мақта, резеңке, түсті металл шығатыны
табылып отыр. Қазақ кедей орташалары малый, егінін өнерлі жолмен жүргізіп, еңбегінің
берекесін, өнімін молайтуға техника, пән табысын түгел қолдануға жол ашылып отыр.
Қазақ кедейі жаңа дәуір бастап отыр. Елдің салты, шаруа реті негізінен өзгермек, қайта
құрылмақ.
Бүкіл жаратылыс байлығы қайта тексеріліп, еңбекшілердің пайдаға асыратындай,
жағдайға асыратындай жағдайларды іздемек. Бұл — зерттеу білімінің, ірі мамандардың
ғана жұмысы емес.