Page 35 - МҰХТАР ӘУЕЗОВ. Мақалалар, зерттеулер ІІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
35
Біздің бұл мақаламыздағы мақсатымыз осы іздеу жолында табылған жаратылыстың бір
заңын ескертпек.
Бір жылдың райы екінші жылдікіне нақ дәл келмегенмен де бірнеше жылдың райы белгілі
бір дағдылы шама маңайында болады.
Әрбір жеке жылдың райы сол шамадан көп айырылып кетпейді. Өсімдік, жәндік секілді
тірі жаратылыстар өздерінің тіршіліктерінде дағдылы өзгерістерін әр жыл райына қарай
емес, сол бірнеше жылдың дағдылы райына қарай бейімдейді. Мысалы, жарқанатты
алайық, Жарқанаттың жаз ғана тіршілік етіп, қысқа қарай ұйқыға кіретіні белгілі.
Жарқанаттың ұйқыға кіретін дағдылы мезгілі бар.
Жарқанат кезіндегі жылдың райына көп қарамай, сол дағдылы мезгілінде қысқы
ұйқысына кіреді. Екінші мысалға ағашты алайық, ағаш та өзінің дағдылы кезінде,
үстіндегі жылдың райына қарамай, бұтақ жара бастайды.
Бұл секілді тірі жаратылыстың дағдылығы сол жердің жылдары дағдылығы байланысы
мынадан болады:
Мысалы, бір рет алған ағашқа келсек, жылдардың дағдылы шамасынан бұрын жапырағын
жарған болса, дағдылы кезден суығы кешігіп келетін жылға кез келгенде, ол ағаштың
жарылған жапырақтары үсіп кетіп, өсуден қалып отырады. Кілең кезінде жапырақ
жаратындар қалып отырады.
Жарқанатқа келсек, мұның тамақ қылатын көбелектері дағдылы раймен көбірек
байланулы. Сонымен жаратылыстың қай тірі мүшесі болса да не өзі, не тамағы арқылы бір
жылдың ғана емес, бірнеше жылдың дағдылығымен байланысты. Сондықтан ол
дағдылықты
өзімен
әбден
сәйкестенген
жергілікті
тірі
жаратылыстардың
дағдылықтарынан тәжірибе қылып шамалауға болады. Жыл райының өзгеруінен көрі, тірі
табиғат тіршілігінің дағдылығы күштірек екенін жоғарыда көрдік. Сондықтан тірі
жаратылыс дағдылығын жылдар райының белгісіне алып оны болжауға болады.
Мысалы, жаз белгісі оңтүстіктен солтүстікке қарай басталады. Мұның мәнісі жаз белгісі
оңтүстікте бұрын басталып, солтүстікке қарай бірте-бірте жылжи бастайды.
Жердің белдеулік кезінде жаз (тірі жаратылыстар тіршілік белгісі) марттың 22-нен азғана
бұрын басталып, 22 кезінде дәуір болса ең теріс түстік төбе жақ шетте жаздың дәуірлеген
кезі августың бас кезі болады. Мұнда тіршілік толқыны сөніп, қысқы ұйқы толқыны бұдан
оңтүстікке қарай кері жүрмек. Бұл толқындардың жайылу жылдамдығының шамасы
күніне 43 километр шамасы болмақ. Мұның мәнісі бір жерден екінші жердің алыстығы 43
километр болса, сол оңтүстік жағындағы жердің ағаштары алғашқынікінен бір күн
жапырақтарын соң жарады деген. Әрине бұл жалпы алғандағы шама. Жолына, жеріне
қарай бұл жылдамдық 10 километрден 80 километрге дейін өзгеріп кете береді.
Міне, бұл бір жердің тірі жаратылысының өзгеруіне қарап екінші жерде осындай
өзгерістер қашан болатынын болжау жолының бірі.
ӨЛКЕТАНУ ТУРАЛЫ
Әрбір мәдениетті қоғам өзінің жұмысын ғылым негізіне құрып жүргізуге ұмтылады.
Өлке тану дегеніміз не? Егерде бұл жөнмен жүргізген жұмысы жемісті болған сайын елдің
мәдени тұрмысы көтерілмекші, бірақ ғылымға сүйеніп жұмыс жүргізу үшін, сол істейтін