Қазақстанның ашық кітапханасы
33
Партиялық жағынан:
Партия мүшесі — 332. Кандидат — 92. Комсомол — 82. Бипартия — 6.
Ата-тегі жағынан: жұмысшы — 112, батырақ — 92, диқан — 274, шілінгір-ұста — 26,
қызметкер — 6, саудагер — 2.
Жасынан айырғанда: барлығы да 30 бен 19-дың арасында.
САКУ жанындағы университет пен курстар: сырттан оқитын университеттің барлық
оқушылары — 358. Комсомол университеттің оқушылары — 29. Әйелдер курсында — 16.
Баспа қызметкерлер курсында — 19.
САКУ-дің жанында аспирант оқушылар — 11.
Ұзын жазылған мақала екен, басқа мақалалар болғандықтан, жалаң санын алып қана
бастық.
Басқарма.
1928.
БӨЛІМ МАҚСАТЫ
Қазақ «от пен су — тілсіз жау» дейді.
Бұл бір жағынан дұрыс та, екінші жағынан дұрыс емес. Жалғыз от пен су емес,
жаратылыстың қайсысын алсақ та тілін білсек құлымыз да, тілін білмесек жауымыз.
«Тілсіз» жау жаратылысты, тілін біліп, құл қылып алу — адам баласының тіршіліктегі
негізгі мақсаты.
Алдымен жаратылыстың тілі бар ма?
Жаратылыстың тілі дегеніміз — «жаратылыстың заңы», олай десек жаратылыстың тілі
адам тілінен анық. Тілін тексере біліп, оны дұрыс ұғынсақ жаратылыс ешуақытта заңынан
айнуды білмейді. Айнитын болса заңының анығына дұрыс толық қана алмағанымыз
болғаны.
Сонымен жаратылыс заңынан айнымаушылығын адам баласының асқан тыңдаулы құлы,
бірақ шексіз тыңдаулы болу үшін оның заңын толық, анық білу керек, білмесек бой
бермейтін қарыспа «тілсіз жау» да, біле алсақ тынбайтын құлымыз.
Өзі жаратылыстың бір мүшесі болғандықтан, адам баласының онсыз күні жоқ.
Ӏ
шетін
тамағымыз, киетін киіміміз — бәрі де жаратылыстан өнеді. Жаратылыс өз бетімен
ешнәрсе өндірмейді, жаратылыстан еңбегінен өндіруші адам баласы тілін неғұрлым анық,
толық білсек — соғұрлым жаратылыс оңай өндіртеді, неғұрлым білмесек, соғұрлым сараң
өндіртеді.
Сараң өндіртудің мәнісі адамның еңбегін көп керек қылады деген, сонымен жаратылыс
заңын тексерудің негізгі мақсаты — адамды керексіз өндіріс мехнатынан құтқару.
Жаратылыс заңдарын тексеруді білім дейді, білімді тұрмыс жабдығына ұқсатуды өнер
дейді. Қазақтың осы күнге шейін «oт пен су тілсіз жау» деп келуі өнер-білімнің жоқ
болғаны.