Page 32 - МҰХТАР ӘУЕЗОВ. Мақалалар, зерттеулер ІІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
32
«Еңлік — Кебектегі» Абыз соны істесе, онда жас иісті өнер емес, қатқақ жол, сары жұрт
сияқты болып қалады. Әрқашан өзіңнің дағдылы қалпың, дағдылы түсіңнен ауысып,
екінші күйге кеткенде, алдыңғы істегеніңе артқыңды ұқсатпауға керек.
Осы сөзді Қалыбекке де айтуға тура келеді. Қалыбектің көзі әсерлі, бірақ бет
құбылысында мұның да нық ұстанып қалған бір мақсаты бар. Ол әрқашан жоғарғы ернін
жиырыңқырап, мұрны біткен кемиек шал болып сөйлейді, түсін де, дауысын да
танымастық қылып өзгерте алады. Өз жанынан оқыс күлкі сөздерді де көп шығара алады.
Тапқыш, өткір жүйріктігі бар.
Бірақ, Ажы да, Айшаның күйеуі де, онан соң Қызылорда базарына өгіз сатқан шал да, бәрі
де бір кемиек шал болып кеткен соң, ойыншының қайталағаны сезілгендей болады.
Алдына қарамай, артына көбірек айналып қала ма деген қауіп туады.
Латыпқа да үнемі аузын толтырып сөйлейтін күмпілдек, бопылдақ шалды тастау керек.
Ойнап жүрген шалының бәрі бір мінезді шал емес. Мынаның маска қылып алған шалы, ақ
шелегі түсіп саусылдап жүрген адал, аңқау, ақ көйлек шалға көбірек меңзейді. Даусына
да, құбылыс, ажарына да жаңалық керек.
Труппаның өзім көрген екі-үш ойынынан алған әсерім осы сияқты болды. Өзге артистерді
көрнекті қылып шығаратын үйлескен, үйреніскен пьесаларының барлығын көргенім жоқ.
Сондықтан өзгелері жайлы әзірше еш нәрсе айта алмадық.
Труппаның, жалпы қарағанда, беретін әсері күшті, қуанышты. Айналасындағы шарттары
қолайсыз, көріксіз, нашар болса да жаңа қазақ өнері жыбырлап, мәдениетті тіршілік
белгісін көрсетіп, қаз тұрып келеді. Көркейсін, жасасын деген шын тілекті айтамыз.
Труппаға соңғы заманда қосылған бір зор жақсы жаңалық — қазақтың музыкасын, салт
әндерін, сыбызғы, қобыз күйлерін сахнаға шығармаққа қам қылып Затаевич, Ковалев
еңбектерімен толық пайдалануға беттегені көрінді. Бұл істің де шығуы мезгілді. Бірақ
оның бет-бағыты, бүгінгі қолданатын негізгі әдістері туралы музыка мәнін көбірек білетін
біреудің сынына қалдырдық.
САКУ-ДІҢ ОҚУШЫЛАРЫ МЕН ОҚЫТУШЫЛАРЫ
I. Оқытушылар:
САКУ-де оқытатын мұғалімдер 92. Оның. 9-ы жұмысшы, 52-сі диқан, 4-і батырақ, 2-і
шілінгір-ұста, 21-і қызметкер, 3-і руханилар, 1-і саудагерден шыққан.
Ұлтқа бөлгенде: қазақ — 9, татар — 25, орыс — 25, өзбек — 10, жөйіт (еврей) — 7,
түркмен — 3, тәжік — 2, қырғыз — 2, ұйғыр — 1, башқұрт — 1, түрік — 1, персиан — 1,
ақ орыс (белорус) — 1, латыш — 1, поляк — 1, ағылшын — 1, неміс — 1.
Партия жағынан: партия мүшесі — 37. Кандидаты — 7. Комсомолы — 3. Партияда жоғы
— 37.
ІІ.Оқушылар:
Оқушылардың барлық саны — 512. Оның еркегі — 454. Әйелдері — 85. Ұлтқа бөлгенде:
өзбек — 165, қырғыз — 52, орыс — 61, тәжік — 47, қазақ — 46, түркмен — 45, дұнған —
9, татар — 19, ұйғыр — 20, қарақалпақ — 12, персиан — 12, хахол — 7, түрік — 2,
жергілікті жөйіт — 5, азербайжан — 2, армян — 2, жөйіт — 1, поляк — 1, ақ орыс— 1,
башқұрт — 1, чех — 1 грузин — 1.