Қазақстанның ашық кітапханасы
280
Қазақстанның бар өлкесіндегі халықтық тіл байлықтарын мол пайдалану мәселелерін
үнемі шартты талап етіп, сынап отыру керек.
Біздегі тіл ғылымындағы, әдебиет тіліне байланысты, олқылықтың тағы бір алуаны -
пунктуация мәселесінде.
Грамматиканың көп мәселесіне, тіл тану ғылымының бар саласына Маррдың "жаңа ілімі"
келтірген залал көп. Қазақстан тіл ғалымдарының бұл жөнде өздері жіберген қателіктер
қаншалық көп екенін барлық жұртшылығымыз да, тіл мамандарымыздың өздері де ашып
айтып келеді. Әлі аршылып, тазарып болмаған залалды қателіктер толып жатыр. Енді сол
олқылықтарды, қателіктерді тез уақыт ішінде құнды төлеулер беріп, түгел жою
талабындамыз.
Маррдың жүйесі тек тіл тануға ғана залал келтіріп қойған жоқ, әдебиеттану ғылымына да
көп залалын тигізді. Осы ретте, әсіресе фольклорды тексеруде, бүкіл Одақ көлемінде және
барлық туысқан елдер фольклорын зерттеу жөнінде Маррдан жұққан залалды теріс
пікірлер аз емес. Сол қатарда, менің өзім редакторлық еткен, қазақ әдебиет тарихының
фольклорға арналған бірінші томында да теріс пікірлер айтылғаны бар. Бірінші томның
кіріспе бөлімінде Маррдың оқуын марксистік - лениндік әдебиеттану ғылымының
көрнекті, өнімді саласының бірі деп бағалауымыз - сол қате ойдың нәтижесі болатын.
Бірінші томның келесі баспасында марршылдықтың бұл түрдегі терістігін жойып жазуды
өзіміздің міндетіміз деп білеміз.
Ендігі бір мезгілді сөзді әдебиетшілер мен тіл мамандарына ғана арнамай, қазақ совет
әдебиет майданында қайрат етіп жүрген қазақ оқымыстыларына түгел арнамақшымын.
Қазақ совет әдебиет тілі баю үшін бүгінгі сан сала ғылымда еңбек етіп жүрген қазақ
ғалымдары өздерінің еңбектерін орыс тілімен қатар, қазақ тілінде де түсінікті, көркем етіп
жазып, бастыратын болуы шарт. Қалың жұртшылығымыз орыс тілінде жазылған
ғылымдық еңбектердің көпшілігін түсінбейді.
Сондықтан да осы халқымызға арнап ұлы даналарымыз Ленин, Сталин томдарын, Маркс,
Энгельс шығармаларын қазақ тіліне үлкен ұқыптылықпен, зор талап еңбекпен аударып,
бастырып таратып отырмыз. Ендеше, сол жұртшылыққа қазақтан шыққан инженерлер,
дәрігерлер, биологтар, математиктер өз еңбектерін өз халқы тілінде жазып таратпауын
немен ақтауға болады?
Ал біздің бүгінгі әдебиет тіліміз байығанда, сол ғылым-техниканың бар саласындағы
ұғым - түсініктер, атаулар мол - молынан кіретіндіктен байиды дейміз. Ендеше, сол
сөздерді, сол ғылымдарға байланысты тіл, орам шеберліктерді, осы ғылымдардың өз
мамандарынан артық, қазақ тілінде айтып бере алатын шеберлерді, қайраткерлерді бір
жақтан қарызға сұрап аламыз ба?
Тарих ғылымы - марксизм-ленинизм ғылымының үнемі иық сүйесіп отыратын, ең жақын
ғылымының бірі. Ендеше, тарихшылар еңбектері - халқымыздың салт-саналық тәрбиесіне
ең зор әсер ететін идеялық құралының бірі. Олай болса, қазақтан шыққан тарихшылар
Ленин, Сталин томдары қазақ тілінде жетіп отырған советтік қазақ халқына өз тілдерінде
сол үгіттік, тәрбиелік еңбектерін жазбауға бола ма?
Қайта олардың кейбір диссертациялық еңбектерін, ең алдымен, қазақ тілінде жазуды шарт
етіп қою да анық орынды, орайлы шараның бірі болар еді.
Ұлы көсеміміз Сталин жолдастың тіл жөніндегі ғылымдық, терең, зор мәселеге өз
ойымен, еңбегімен атсалысып араласуы және сол еңбегінің нәтижесінде тіл ғылымына