Қазақстанның ашық кітапханасы
278
кездеседі. Одессаның тұрғындары қолданып жүрген орыс тілінде әдебиеттік тілге де
кірмей жүрген көп жеке сөздіктер бар еді. Бірақ соған қарап, орыс әдебиет тілін тексеретін
ғалымдар Сібір диалект!, Кубань, Дон диалекті, Архангел, Онега диалекті, немесе Одесса
диалекті деген топтарды жасамайды, жіктемейді.
Қазақта да әр облыс арасындағы сөздік айырмыстарды - диалект деп, оның ішінен, кей
жолдастардың айтуынша, солтүстік пен шығыс қазақтарының тілін "қазақтың әдебиет
тілінің негізі" деп, өзге батыс, Алатау, Сыр өлкелеріндегі қалың қазақ елдері қолданатын
сөздерді "диалект" деп атау және сол сөздерді "әдебиет тіліне қолдану дұрыс емес" дейтін
пікірдің барлығын біз ұшқары, орынсыз байлау деп білеміз.
Әлі біздің әдебиеттік тіліміз қазақ тілінің бүгінгі барлық қорын жазба бетіне түсіріп
болмаған кезде, жазушы да және қазақ тіліне өздері шорқақ тіл мамандары да біліп
болмаған, баурап алмаған тіл қасиеттері, сөздік байлықтары Қазақстанның барлық
облыстары мен аудандарында мол боп жатқан шақта, жаңағыдай байлау жасау мүлдем
орынсыз. Алатау, Сыр, Жайық, Атырау өлкелерінде бір ауыл емес, немесе аудан ғана
емес, бұл күнге шейін, кем қойғанда, бір облыс, немесе бірнеше облыс қазағы қолданып
келген сөздер болады екен. Ендеше, ондай көпшілік халқымыз тұтынып келген, әдебиетке
түспей жүрген тың сөздерден жатырқап, бой тарту, бір жағынан, халық тіліне жасаған
зорлық, екінші жағынан алғанда, бар қазақ тілін білмей, баурап алмай тұрып, бұлайша
паңдық ету - қыңырлық пен астамдық.
Орыс халқының әдебиет тілі қалыптану жолындағы іздену мен табыстарды ойласақ,
бұрынғы ғасырларда және әсіресе совет дәуірінде сондай жергілікті сөздердің халықтық,
қадірлі үлгілерінің барлығы барынша әдебиет тіліне араласып болған деуге болады.
Кейде, бар байлығын меңгеріп болған көркем әдебиет тіліне тың сөз қосамын деп,
Россияның әлдеқандай азғантай бір түкпірінде, кішкентай болымсыз топ қолданатын,
халыққа түсініксіз және қонымсыз сөздерді қолдануды Горький сынаған еді.
Біздің тілдің өсуі мен халықтың барлық қасиетті қорды қамтуы әлі ол дәрежеге жетуден
тым жырақ жатыр. Біз қазақ мекендеген өлкенің бәрінің сөздігі қосыла табыссын дегенде,
әлдеқандай азғантай ғана топ қолданатын, Горький сынағандай өте оқшау өрескел сөзді
айтып отырғамыз жоқ. Кемінде бір аудан, немесе облыс қолданып отырған осындай
сөздіктерді айтамыз.
Осындай жайларды айта келе, тіл жүйесін тексеріп жүрген мамандарымыздың көпшілігі
қазақтың әдебиеттік тіліне кіретін байлығы мен мүмкіншілігін түгел білмейтініне
қарынымыз ашады. Ғылымдық жүйелік мәселелерде білімді адам болғанымен, қазақтың
өз тілінде жазған еңбектерін алсақ, тіл ғалымдарымыздың бірен-саран болмаса, көптен -
көбі қазақ тілімен жазудың өзіне де олақ, икемсіз.
Бұл жөнде көп көпшілік міндерден қазақ жазушысы да cay емес. Мақала әзіргі кезеңде
әдебиет тіліміздің жалпы мәселелерін сөз қып отырғандықтан, қазақ совет
жазушыларының тіліндегі табыстары мен кемшіліктеріне айрықша талдау жасап, тоқтай
алмай отырмыз. Ол біздің жазушылар көпшілігі мен тіл ғалымдары бірлесе отырып,
жақын шақтарда нақтылап, айрықша талдайтын міндетті мәселелеріміз деп білеміз.
Әзірше, жалпы түрде атай кететін кемшіліктерді, бірнеше жазушылардың бүгінгі әдебиет
тілін жасау тәжірибесінен байқауымыз бойынша, жалпылай мінездей кетейік.
Мысалы, Әуезовтің тілінде құрмалас сөйлем жасау жолындағы жаңалық талаптармен
қатар және ескілікті қазақ тілінің сөздіктерін молырақ қолданумен жалғас, кейде
сөйлемдері, жас оқушыларға, ұғымдылық жағынан ауыр келетіні бар. Құрмалас сөйлемді