Қазақстанның ашық кітапханасы
277
Батыс Қазақстан, Каспий атырабының балық кәсібімен байланысты сөздік байлықтарын аз
қолданатын: Тайыр, Қажым, Қабдол, Әбу, Хамит сияқты жазушылардың тартыншақтығын
да кемшілік деп білу керек.
Сондайлық солтүстік, шығыс облыстарда туып, өскен жазушылардың және бұрынғы
Жетісу облысынан шыққан жазушылардың бәрі де өз туған өлкелеріндегі қазақ
сөздіктерінің байлықтары мен ерекшеліктерін молынан ортаға салып, әдебиеттік
шығармаларына енгізулері керек. Сол әр облыс жазушысы кіргізген тың сөздерді,
қосымша байлықтарды, олардың өздері ғана қолданып қоймай, басқа облыстардан
шыққан жазушылар да түгел пайдалануға бет қою керек.
Осы соңғы айтылған ұсынысты біз әсіресе аудандық, облыстық газеттер жүзеге асыруы
қажет дейміз. Әр облыстың газеті өз өлкесіндегі халық тілінің, жазбаға түспей жүрген
халықтың ескілі-жаңалы сөздіктерінің барлығын мол пайдаланып отыру шарт. Ал сол
облыс газеттерінің жақсы тәжірибелерін, тың табыстарын республикалық орталық
баспасөз орындары үлкен ықыласпен, ұқыптылықпен зер сала, мол пайдалану қажет. Бұл
ретте "Социалистік Қазақстан", "Коммунист" журналы, "Сталин жолы", "Әдебиет және
искусство" "Халық мұғалімі" сияқты беделді, орталық баспаларымыз үлкен басшылық ету
керек.
Сөйтіп, бар облыс, аудандардың тіл байлықтары бұдан былай молынан араласып, жалпы
ортақ бірыңғай әдебиет тілі байып, өркендей түсуге жұмыла еңбек ету керек.
Осындай шаралар әсіресе біздің газеттеріміздің айқын байқалатын тіл олақтығын жоюға
жәрдемі болар еді.
Қазіргі дәуірімізде халықтық әдебиет тілі бүкіл Қазақстан көлемінде бірыңғайланған,
анық ортақ, орамды, шебер сұрыпталған жазба әдебиет тілі болып қалыптасуда. Әр облыс
тілінің сөздік басқашалықтары бұрынғыша бытыранды, даралық күйде қала беру
лайықсыз. Советтік тұтасқан елдің тіл қазынасы да тұтасып, бірыңғайлану шарт. Оны
біздің бүгінгі коммунизмге қарай үдеп есіп келе жатқан социалистік мәдениетіміздегі екі
түрлі ерекше қолайлы, тарихтық жағдайлар талап етеді. Тіл мәдениеті жөнінде қала мен
қыстақ арасындағы айырмыстың жойыла бастағаны, ой еңбегі мен қол еңбегінің
арасындағы айырмыстың жойыла бастауы, жоғарыда айтқандай, әрбір советтік ұлттың
әдебиеттік тілі де тұтасқан бірыңғай тіл болуын тілейді.
Енді осы айтқандарға байланысты, біздің тіл мамандарымыз көп көңіл бөлетін, көп
таласқа салып жүретін диалект мәселесіне тоқтап өтейік. Жолдас Сталин еңбектерінде
диалектің екі алуан болатыны аталып, талданып өтті. Бұның бірі - үстем таптың белгілі
ортасы арнаулы дәуірлерде қолданатын халық тілінен бөлек диалект, немесе жаргон.
Екіншісі жергілікті елдің халқы қолданатын диалект. Осы соңғы анық мағынасындағы
диалектіге Сталин жолдас беретін ғылымдық талдау бойынша, бұның өзіндік
грамматикалық құрылысы болады. Оны диалект ететін айрықша белгі - сол өзге, өзімен
туыстас тіл тобынан бөлекше қалыптанған айқын грамматикалық, өзіндік құрылысы. Ал
осы жағынан қарағанда, қазақтың қазіргі тілінде диалект бар ма десек, жаңағы белгідей
көп қазақ тілінен бөлек тұрған грамматикалық құрылысы бар диалект бар деп айта
алмасақ керек. Біздің кейбір тіл ғалымдарымыз қазақта диалект бар дегенде, Жайық пен
Алатау қазақтарының солтүстік, шығыс облыстар тілінен бөлегірек айырмыстарын
грамматикалық өзгеше құрылыс белгісіне қарап айырмайды. Қазақстанның сол
өлкелеріндегі сөздіктер айырмыстарын ғана айтады. Бұл, біздіңше, диалектік айырмыс
емес. Сөздік қордың айырмысы әдебиеттік тілі тұтасып, бірыңғай болып қалыптасқан
орыс тілінде де бар. Мысалы, Сібірдің орыстары мен Кубанның, Донның немесе теңіз
жағасындағы солтүстік облыстардағы орыс халқының жергілікті сөз өзгешеліктері көп