Қазақстанның ашық кітапханасы
274
алмай жүр. Көпшілік жағдайда "жақсы тіл" деп қысқа қайырушылық басым. Бұл ғылыми
зерттеу емес.
Орыс тілінен біздің әдебиетімізге ауысатын орыс сөздерін алуда, орыс тілі арқылы келетін
халықаралық атаулар мен ғылым, техника атауларын алуда қазақ совет жазушылары
еңбектерінен байқалатын бір олқылықты айта кету керек. Қазақ тілінде шығып жатқан
ғылымдық кітаптарда жаңа атаулар көп, сондай-ақ жұмысшы, колхозшы, интеллигенция
арасында мол тараған жаңа сөздер де көп. Бірақ осы сөздік байлықты қазақ жазушылары
өз шығармаларына тым сараң кіргізеді.
Орыс поэзиясын алсақ, неше алуан ғылым-техника сөздіктерін барынша батыл, мол
араластырады. Халық ақындарын былай қойғанда, біздің оқымысты ақындарымыздың
бүгінгі шығармаларын тіл жағынан қарасаңыз, айналасы 200- 300 сөзден артық сөздер кіре
қоймағанын байқайсыз. Жазушылардың көркем еңбегіне, соның ішінде, әсіресе шебер
жазылған өлең жолдарына ғылым-техника атаулары батыл кірсе, біздің әдеби тілімізге
біте қайнасып, тез сіңіп кетер еді.
Бұл реттерде де тілшілерге айтатын бір алуан талабымыз тағы бар. Орыс тілі мен
шетелдер тілінен алынған атаулардың орфографиясы бізде әлі дұрыс жолға қойылып
болмаған сияқты. Мен тіл ғылымының маманы емеспін. Сол себепті ойлану, пікірлесу
ретінде мына мәселелерді қозғағым келеді.
Біздің соңғы жылдардағы жазуымыз, қолдануымыз бойынша, орыс сөздері, шетел
атаулары орысша қалай жазылса, қазақта да солай жазылуы керек. Осы қағиданың екі
жақты қайшылығы бар. Бұнда мұғалімге, балаға түзу жазып үйрену үшін туатын бір
қиындық қазақ орфографиясын білуден бұрын, орыс тілінен кірген, бүгін қазақтікі боп
кеткен орысша сөздерді орыс грамматикасы бойынша қалай дұрыс жазу керек екенін білу
қажет. Қазақтың өз тілінің ерекшелік заңдарына бейімдеп алмай, орысша жазылу
үлгісінде алғандықтан, қазақ балалары да, әсіресе мұғалімдері де, қазақ тілінің жазу
заңдарын қанша жақсы білсе де, осы орыс сөздерін жазуға келгенде үнемі қате жазады.
Өйткені олар әуелі ана тілін оқиды, ана тілінде сабақ береді. Орыс тілінің грамматикасын
кейіндеп біледі. Және бүгінгі қазақ ана тілі мұғалімінің көбі әсіресе орыс тілінің
грамматикасына шорқақ.
Бұл турада "Вопросы философии" журналының 1950 жылғы үшінші санында Мординов
жолдас көтерген елеулі мәселелер жайын ойланбасқа болмайды. Әрине, осымен қатар,
жаңа сөздерді алуда, түгелімен сингармонизм заңына бағындыра алу қажет десек, ол да
ұшқары пікір болар еді. Бірақ қазақтың тіліне халықтың қолдануы арқылы заңды түрде
өзгеріп сіңген: самауыр, кереует, пеш, стакан, учаске сияқты толып жатқан ескі - жаңалы
сөздерді таза орысша жазылу үлгісімен жаздырудың өзі дұрыс па? Ол сөздерді қазақша
оқығанда, осылай халықтың айтуынша үйренген бала, орыс тілінің сабағында, сол сөздер
орыс тілі грамматикасы бойынша жазылатынын оңай салыстыра біліп кете бермей ме?
Мысалы, орыстың тіліне француз, ағылшын, неміс, латыннан кірген ұшан-теңіз сөздер бар
екен. Олар орыс тілінің заңына бағына айтылады да, жазылады да. Қазіргі орыс балалары
сол сөздердің, неміс, француз, ағылшын тілдерін оқи бастағанда, басқаша айтылып,
жазылатынын жолай, қиналмай-ақ түсініп, ұғынып келе жатқан жоқ па? Біздің
грамматикамызда осы жөнде асыра сілтеу, сыңар жақтық бар сияқты. Бұл туралы жаңағы
"Вопросы философии" журналындағы Мординов мақаласында орыс сөздерін ұлттар
тілдерінде орыс орфографиясымен жазғызуды "марршылдықтың бір солақайлығы" деп
бағалайды.
"Орыс тілінен, түркі тілдері сияқты, басқа көп тілдерге кірген сөздерді жазудың негізгі
принципін белгілеген академик Мещанинов пен профессор Сердюченко болатын. Олар